Бөтен бала болмайды

Бөтен бала болмайды

«Өз үйің». Жылы, жайлы, жабдықталған үйге не жетсін – әрине, оның болуын әркім қалайды. Және бұған әркімнің құқығы бар.

Вадим Николаевич және Тамар Михайловна Мороздар отбасы Успен балалар үйінде тәрбиеленген жетім балалардың осы құқықтарының жүзеге асуына себеп болды. Бір күнде олар көп балалы отбасы атанды. Мороздар отбасына бірден бес бала қосылды олар – Татьяна, Валентина, Геннадий, Клавдия және Александра туған бауырлар мен апалы-сіңлілер.
«Бірінші күннен-ақ, жолдасым екеуміз балаларды көргенде, олардың өздеріміздің балаларымыз екенін түсіндік. Құжаттарды рәсімдегенше балаларды демалыстарда, каникул және мереке күндері алғанда, оларға бауыр басып қалдық. Балалар өте жақсы, мейірімді, сыпайы және оларға отбасының жылулығы ғана жетпеген. Біз балаларға өз махаббатымызды сыйлайтынымызға және олардың армандарын жүзеге асыратынымызға өте қуаныштымыз», - дейді Тамара Михайловна балалар туралы.

Тамара Михайловна балалар жетімдігінің проблемасын естігеннен емес, көп уақыт бойы балалар үйінде тәрбиеші болғаннан біледі. Вадим Николаевич «Киров» ЖШС механик қызметін атқарып, отбасындағы жалғыз ер бала Генадийді шаруашылық жүргізу ісіне үйретуді қолға алды.

Туған балалары мен туысқандары отбасына балаларды қабылдау туралы шешімдерін қолдап, оларға қажетті көмек жасауға дайын екендігін айтады.

Бұл Павлодар облысында құрылған екінші қабылдаушы отбасы. Қос отбасындағы ата-аналардың арасында педагогтар бар екендігін атап өтуге болады.

Жақын арада Мичурин балалар үйінің тағы төрт баласы Качиры ауданының қабылдаушы отбасына берілетін болады.

P.s. Қабылдаушы отбасы – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарынан 4-тен 10 жасқа дейінгі балаларды қабылдайтын толық отбасы. Қабылдаушы ата-аналардың екеуіне де ақшалай қаражат төлеу қарастырылған.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін отбасыға қабылдаудан қорықпау керек. Мемлекеттік мекемелерде жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайлары қаншалықты жақсы болғанымен, отбасы жылылығы мен жайлылықтың орнын баса алмайды.
18
Декабрь
0
1011
загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.