Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық

Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық

Өзгерістер, жаңалықтар, жаңарулар 2015 дайындық

Бүгін біз сіздерге сайттағы өзгерістер мен жаңалықтарды айта кетеміз. Соңғы кездері біздің ұжымның жұмысы қыза түсті. Себебі біз сайтқа жаңа дизайн жаңа мүмкіндіктер қосып жатырмыз. Олардың барлығын келесі жылға дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Айта кететін бір жағдай, кейбір ашық сабақтар, презентациялар, мақалалар кешігіп жарияланып жатыр. Оның барлығы уақытша қиындықтар. Егер сіздің материалыңыз жарияланбай жатса, еш уайымдаудың немесе қайта жариялаудың қажеті жоқ. Біздің редакторлардың уақыттары жетпей жатыр. Жаңа өзгерістер мен 10 000 мыңнан астам қолданушыға қызмет көрсету көп уақытты талап етеді. Бізге жіберілген барлық материалдардың 100%-ы жарияланады.

Ал, енді өзгерістер туралы қысқаша айтып өтейік. Ең алдымен жаңа дизайн.

Жаңа дизайн жаңа үй секілді. Ол сайттың басты құралы. Кез-келген қолданушы ең алғаш дизайнға қарайды. Сондықтан біз барлығын жаңартуға бел будық. Сайттың жаңа нұсқасын жақын арады көре аласыз.

Жеке кабинет.

Біз кез-келген қолданушыға жеке кабинет тегін береміз. Ол жерде сіз өзіңіз туралы мәліметті, жариялаған материалдарды, өзіңіздің пікірлеріңізді, ұстаздар форумында жариялаған жазбаларыңызды көре аласыз. Егер сіздің әлі жеке кабинетіңіз болмаса оны дереу ашыңыз. Ол үшін сайтқа тіркелу керек

Біз жеке кабинетті толық өзгертеміз. Оны қазіргі заманға лайықтап, сіздерге ыңғайлы етуге тырысамыз. Сондықтан жеке кабинетіңізге жиі кіріп тұрыңыз. Ол кез-келген уақытта өзгеріп кетуі мүмкін. (әрине жақсы жағына)

Сайтқа тіркелу.

Қолданушылардың көбісі сайтқа тіркеле алмай бізге көптеген сұрақтар қоюда. Сондықтан біз тіркелу туралы толық үлгісін ұсынуға кірістік. Ол үлгіде жазбаша және видео нұсқасы болады.

Жеке портфолио

Жақын арада ұстаздарға арналған жеке портфолио ашылмақшы. Өйткені жеке портфолио кез-келген ұстазға керек. Ал, біз ұстаздарға керектінің барлығын қамтамасыз етеміз.

Және көптеген мүмкіндіктер мен өзгерістер сайтымызға енгізіледі. Олар хабарландырулар, видеолар, тестер, сұрақ-жауап, суреттер, сайттар жинағы және тағы басқа.

Осы өзгерістер салдарынан кейбір материалдар кеш жарияланып, сертификаттар кеш берілуі мүмкін. Барлық сертификаттар енді 1-7 күн аралығында беріледі. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет.

 

Егер сіз жобаны дамыту мақсатында өз ұсынысыңыз немесе досыңыздың ұсынысы болса астында комментариға жазуға болады. Ұсыныс ұстаздарға ұнаған жағдайда 5 000-10 000тг көлемінде сыйақы беріледі. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.

Ізгі ниетпен ұстаздар сайтының бас редакторы Сембиев Н.

18
Декабрь
85
6818

Пікірлер: 85

avatar
Оқушыны табысқа жетелейтін дәстүрлі емес сабақтар атап айтқанда дарынды оқушылар мен үлгерімі төмен оқушылырды топтық жұмыс арқылы денгейлерін арттыруға болады . Тиімді сабақтарда сайтқа жібердім .
avatar
Хадиша 
С3здерге көп рахмет, сабақтарымды сайтқа шығардыңыздар, сертификатта алдым. Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, дәстүрлі емес сабақтарды көбірек насихаттасыңыздар екен
avatar
#83. Абдрасулова Гульчихра в 01:18 (05/Июн/2015) Спам
Ұстаздар сайтының ұжымына үлкен рахмет. Маған бұл сайт өте ұнайды. Мен Ұйғыр ауданында тұрамын. Ауданда 33 мектеп бар. Сайттың жарнама беретін жеріне ұйғыр тілінде ашық сабақтар, тәрбие сағаттары қабылданатыны туралы айтылса сайтта мұғалімдер саны көбейетін еді. Өйткені басқа сайттарда ұйғыр тілінде материалдар жоқ. Бұл біз мұғалімдер үшін сіздердің тараптарыңыздан жасалған үлкен көмек болатын еді.
avatar
Біздің пікіріміз бен форумға шақыруымыздың арқасында қатарымыз көбеюде...
avatar
Сайт толық ашылып,сабақтар топтамасы кезең-кезеңмен бөлініп салынатын шығар.Іздеуге де,табуғада оңай..
avatar
Лаззат менде бастауыш сынып мұғалімімін.Форумда сен сияқты апайлар көп,ақыл кеңесте жетерлік.Сенбесең кіріп көр...
avatar
#79. Баймуратова Лаззат в 11:03 (24/Май/2015) Спам
Сайт бетінде Қазақстан көлеміндегі мектептердегі проблемалар бүркемеленбей,ашық айтылатын болса,мысалы ҰБТ ,неге тапсыра алмай қалған бала үшін мектеп басшылары немесе мұғалімдер  сөз есту керек, ол оқушының қабылдау  деңгейі  қанша үйреткенмен төмен болса ше, математиканы меңгере алмайтын адамдар физика,химияны игере алмайтыны жұртка мәлім емес пе,сосын мектептерде қазіргі таңда орыннан қалып жатқан бала жоқ,демек бәрі білім стандартына сай келу керек,не өтірік баға қойып 11-сыныпқа келгенде ,оқушыларды уайымға салып,жаппай ҰБТ-ны проблема етіп,кейбірін жібермей   арты у-шу болып жататыны да кездеседі .Бұл мәселе төңірегінде қандай ой-пікірлер бар екен?
avatar
#78. Баймуратова Лаззат в 10:44 (24/Май/2015) Спам
Cіздердің сайттарыңыз арқылы республика көлеміндегі ұстаздардың киындық  келтіріп жүрген мәселелері , талқыланып,тіпті кей пән көлеміндегі бағдарламалар қайта қаралмаса да ,өзгерістер енгізілуге ұсыныстар жасалса,оқу министрлігіне өтініш жасауға мүмкіндік болар еді...
avatar
Оқу жылын табысты аяқтауларыңмен!
avatar
Форумда талай қызықтар пен жаңалықтар бар...Нанбасаңыз кіріп көр.
avatar
фОРУМДА ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ ПЕН ЖАҢАЛЫҚТАР БАР....
avatar
Әріптестер!Келіңдер, жақын танысып,пікір алмасайық,күтеміз,форум дегенді басыңыз!
avatar
Әріптестер!Қызықтың бәрі форумда.Форум дегенді басып,сайт ұстазы атануларыңызға тілектеспін!
avatar
Ұстаздарға арналған конкурстар ұйымдастырылса
avatar
Сайт материалдарын өзге ұстаздар пайдалана ала ма?
avatar
#72. Жаңабай Анар Ғалымқызы в 22:25 (08/Апр/2015) Спам
Әрине  пайдалана  алады, сайт  барлық  қолданушыларға  ортақ  көмекші  құрал.
avatar
Сәлеметсіздер ме? Сіздердің сайттарыңызға мен де тіркеліп жатырмын. маған ұнады. Бұл сайтқа нағыз үздік ұстаздар кіреді деген сенімдімін.Барлық ұстаздарға сәттілік тілеймін.
avatar
#66. Гульнур Сериковна в 13:20 (01/Апр/2015) Спам
Сәлеметсіздер ме?  Бұл сайтқа мен де жаңа қосылып жатырмын. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! 
Сертификат алу үшін қанша сабақ жіберу керек және сайт ұстазы құрамына өту үшін не істеу керек.Көп рахмет!
avatar
#67. Нартай Сембиев в 15:59 (01/Апр/2015)
Сәлеметсізбе. Сертификат алу үшін 1 материал жариялау жеткілікті. Сайт ұстазы құрамына өту үшін толығырақ Сайт ұстазы
avatar
Cәлеметсіздер ме?! Сіздерге айтайын деген ұсынысым: Жаратылыстану бағытындағы (математика, физика, химия...) пәндер бойынша ұстаздар мен оқушыларға арналған түрлі шаралар өткізсеңіздер жақсы болар еді. Себебі, бұл бағыттағы пәндер күрделі болғандықтан, барлық оқушыларға дерлік алына беретін қамал емес. Мысалы, оқушылар арасында ғалымдар туралы баяндамалар жарысын, өздерінің өлең-шумақтарына арналған сайыстар т.с.с. Бәлкім  оқушылардың да пәнге деген қызығушылықтарын арттыр ма едіңіздер?!
avatar
құрметті әрәптестер қандай пәннен болмасын тест жинақтарын немесе тест сұрақтарының үлгісін жібергенде жауаптарымен бірге болса дұрыс болар еді, себебі тестер құру уақытты алады, егер дайын тесттер болса оны керегін алып редакторлап сабқта қолдануға болар еді деп ойлаймын, рахмет
avatar
Сәлеметсәздер ме, сайт ұйымдастырушылары? Мен сіздердің сайтты көріп бірден тіркеліп сабағымды да салып үлгердім. Лезде өз сабағымды көріп қуанып қалдым, еш қиындық туған жоқ. Мен ұсыныс жасайын деп отырмын. егер біз пәндер бойынша сабақтарды стандартқа сай, оқу жылына сәйкес жинақтасақ нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын және 3 айлық курс бойынша материалдарды бөлек жинақтаған дұрыс деп ойлаймын, себебі деңгейлік курс өткен ұстаздар әлі де болса қиналып жүр, себебі әркім әр түрлі нұсқамен сабақ жоспарын жазады. Әр тексеріс кезінде ір түрлі кемшіліктер жол алады. Бірлесіп кемшіліктерді жойып, жұмыстарын дамыта алар еді деп ойлаймын.
avatar
Ұжымдарыңызға  мол табыс тілеймін! Ұстаздардың ризашылығына бөленіп жатырсыздар,ұзағынан болсын!Менің де ұсынысым қазіргі үш деңгейлік оқып келген ұстаздардың іс-тәжірибелері  жарияланса екен.Және  бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларына   арналған түрлі конкурстар мен пәндік олимпиадалар өткізілсе екен.Қазіргі кезде оқушыларым Ресейлік интернет олимпиадаларға қатысып,жүлделі орындарға ие болып жүр.Қазақстанда өз қазақ тіліміздегі олимпиадалар көп  болса нұр үстіне нұр болар еді.
avatar
Саламатсыздар ма, ұстаздар! Бастауыш сынып оқушыларына арналған онлайн түрінде логикалық математикалық олимпиадалар өткізілсе жақсы болар еді. Мысалы, Облыстық "Самұрық"  деген математикалық  олимпиадалар өткізіліп тұрады, бірақ бәрі кітапша түрінде мектептерге таратылып беріледі. Сол олимпиадалардың нәтижесін оқушылар да, ұстаздар да нақты біле алмаймыз. Тек қандай орындар берілгенін ғана білеміз. Егер олимпиадалар онлайн түрінде өткізілсе, оқушылар өз жауаптарының қай жерде қателескендарін, қанша ұпай жинағандарын біліп отыратын еді. Сонымен қатар ұстаздарға арналған олимпиадалар да жиі-жиі өткізіліп тұрса.. Әсіресе авторлық бағдарламалар мен авторлық электронды көрнекіліктер және орта мерзімді жылдық жоспарлар аса қажет.
avatar
#68. Нартай Сембиев в 16:01 (01/Апр/2015)
Сәлеметсізбе. Сіздің ұсынысыңыз ұнады.  Жарыстарды ұйымдастыруға тырысамыз
avatar
Ұстаздар сайтының ұжымына ажарлы ғұмыр, сұңқар құсқа тән тұғыр тілеймін.
avatar
Мен де енді тіркеліп отырмын. Сіздерге үлкен алғыс айтамын.
avatar
Сәлеметсіздер ме?  Бұл сайтқа мен де жаңа қосылып жатырмын. Ұнап жатыр. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! Көп рахмет!
avatar
Куаныш.
Cәлеметсіздерме! бүгін мен де сіздердің сайттарыңызға қосылғаныма қуаныштымын. Сіздерге жаңа жылда жақсылық тілеймін,жұмыстарыңыз жемісті болсын.
avatar
Бастауыш сынып оқушыларына арналған, әр пәннен  қашықтықтан тапсыратын қазақ тілінде олимпиадалар болса жақсы болатын еді.
avatar
Әр пәннен оқушыларға арналған олимпиадалар болса, жақсы болар еді.
avatar
Музыка пәнінің ұстаздарына онлайн конкурстар болса өте жақсы болар еді,эстетикалық бағытта!
avatar
Құрметті ұстаз сайтының ұжымы жаңа жылдарыңызбен! Сайттарыңыз ұнады ,ұстаздар үшін жасап жатқан жақсылықтарыңызға рахмет
avatar
сәлеметсіздер ме? Сайттарыңызға енген өзгерістерге қуаныштымын. материал жариялағым келіп еді. Қалай жүзеге асыруға болады?
avatar
стаздар сайтының ашылғанына өте қуаныштымын! Істеріңізге сәттілік тілеймін! Көптеген материалдарды Ресейдің сайттарынан алып, аударма жасаушы едім. Бұл бір игі іс болды. Сайт ұжымы болашақта оқушылар мен ұстаздарға арнап пәндік олимпиадалар ұйымдастырса, нұр үстіне нұр болар еді.
avatar
#44. bazarbaeva A. в 14:23 (06/Янв/2015) Спам
Құрметті ұстаздар сайтының ұжымы сіздерге үлкен рахмет! Бұл кез келген мұғалімге ең қажет сайт деп айтар едім, себебі бұрын қажет материяалды орыс тілді сайттардан алып оны аударып әуре болатынбыз, презентациялар мен сабақ жоспарлары, қмж ,омж жоспарлар көбірек болса деген тілек әр мұғалімде бар дер едім.Себебі барлық мұғалімдер ізденеді және олар оны өз идеяларымен толықтыра түседі .Сайт бетіне қызықты сабақ үзінділерінің фото, видео конкустары жарияяяланса деймін
avatar
Салеметсіздерме! Маған сіздердің сайттарыңыз ұнады. Жоба ұжымына алғысымды білдіремін. Менің ұсынысым: пәндерден мұғалімдер арасында олимпиадалар мен көптеген конкурстар болып тұрса, қуана-қуана қатысар едік. Бұл көптеген аттестациядан өтетін мұғалімдерге көптен-көп көмек болар еді. Бізде осындай конкурстарға қатысамын дейтін ұстаздар көп, бірақ бізде интернет желісі жоқ болса да, мүмкіндігінше әріптестеріме көмектесіп отырамын. Сіздердің сайттарыңызда жарияланған материалдар ұстаздарымызға көп көмек болды. Сіздерге ризашылығымызды айтып, үлкен табыстар тілейміз.
avatar
#41. Жанар в 21:42 (26/Дек/2014) Спам
Сайтқа қалай тіркелуге болады? Қалай жазсамда регистрация жасалынбайдыго.
avatar
#42. Нартай Сембиев в 14:37 (27/Дек/2014)
Сәлеметсізбе. Кері байланыс арқылы бізге өзіңіз туралы толық мәліметті жіберсеңіз сайт редакторлары сізді сайтқа тіркеп толық мәлімет жібереді.
avatar
Сәлеметсіздер ме ! Сертификат алуға енді ақша аударуға бола ма?
Бес сабақ үшін қанша аударамын. Соған жауап берсеңіздер екен.
avatar
#40. Нартай Сембиев в 19:05 (26/Дек/2014)
Сәлеметсізбе. Әр сертификатқа бөлек ақша аудару қажет. Өйткені барлық жұмыстар авторлық болып есептеледі. Жеңілдіктер 20 сертификаттан артық тапсырыс берушілерге қарастырылған. Толығырақ кері байланыс арқылы білсеңіз болады.
avatar
Сайттан жұмыстарды жүктеп алу тегін бе?
avatar
#39. Нартай Сембиев в 18:56 (26/Дек/2014)
Сәлеметсізбе. Барлық сабақтарды word қа көшіріп алуға болады.
avatar
Егер, сайыстар өткізетін болсаңыз қатысар едік.
avatar
Рахмет Сертификатыңызды алдым Үлкен рахмет Оқырмандарыңыз көбейе берсін
avatar
Сайт ұжымына толағай табыстар тілей отырып шығармашыл ұстаздарыңыз көп болсын демекпін!  Ал әріптестеріме айтарым,  жіберген сабақтарымыз тек жаңа форматтағы сабақтар болса,  бір -бірімізбен тәжірибе алмасуымызға және оқушыларымызға  сапалы білім беруге көп септігін  тигізері сөзсіз. Сондықтан,  сайттың  жұмысын жандандыруға атсалысыйық!
avatar
Жа4а форматты сабақтарды тек деңгейлік курстарға барған ұстаздар беріп жүр емес пе,курстан өтпеген мұғалімге қиындау болар
avatar
Қазіргі  таңда заман талабына сай жаңа форматтағы сабақтар өткізу әрбір ұстаздың абыройлы міндеті деп ойлаймын. Курсқа бармаған ұстаздар мектептердегі тәлімгерлермен бірлесе жұмыс істеуі шарт. Біздің мектебімізде жақсы жолға қойылған.
1-40 41-58
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.