Химия пәнінен ОМЖ

  • Жүктеулер: 919
  • Көрсетілім: 2392
  • Орта мерзімді сабақ жоспары
  • 25/Ноя/2015
Химия пәні бойынша 8 «А» сыныбында орта мерзімді тізбектелген сабақтарды жоспарладым. Сабақтардың жалпы мақсаты: «Химиялық формулаларды құрастыруды, валенттілікті пайдалануды, жаңа әдіс тәсілдің негізінде сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, ынтымақтастығын арттыру, білімділіктерін қалыптастыру, жеке тұлға ретінде сезіндіру». Осы мақсатты басшылыққа алып тізбектелген сабақтарға тапсырмаларды жеңілден қиынға қарай, оқушының жас ерекшеліктеріне қарай дайындадым. Тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модулді ықпалдастыру арқылы жоспарымда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятатын, ізденушілікке, дарындылық және таланттылық қасиеттерін анықтауға тапсырмалар дайындаймын деп ұйғардым. Орта мерзімді жоспарлауда жұмыс кезеңдерінің дәйекті тізбектеліп орналасуы, сабақ беру практикасына жеті модулдің ықпалдасуы, әрбір сабақ үшін оқыту мен оқу мақсаттарын белгілеу, нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау, оқыту мен оқу міндеттерін көрсету, ілгерілеудің болуы, барлық оқушыны қамту, сілтемелер мен ресурстар қамтылды. Блум таксономиясының негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып нені білуі, түсінуі, қолдануы мен зерттеп талдауы жинақтау және бағалау нақтыланды.

Автор: Абдрасулова Гульчихра Абушовна

М.Таипов атындағы орта мектеп МДШО КММ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.