Сайт учителя начальных классов
.
Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатын орны -

Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатын орны

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Сабақ жоспарлары | Қысқа мерзімді сабақ жоспары Загрузок: 2281 | Просмотров: 3786 | Размер: 22.0 Kb | Автор: Aliyashka
Сабақтың тақырыбы: Тыныс белгілердің атқаратын рөлі және қолданылатын орны
Сілтеме:
Жалпы мақсаты: Оқушыларға тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу
Оқу нәтижелері: Оқушылар:

Жазудағы тыныс белгілерінің ұстанымдары бойынша мәлімет алады ;
• Тыныс белгілерді қоюды үйренеді;
• Шығармашылық жұмыстар орындау арқылы оқушының сөйлеу мәдениеті ,сөз байлығы артады.

Түйінді идеялар:
Сыни тұрғыдан тапсырмалар орындату арқылы шығармашылығын дамыту және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,тақырыпты кең көлемде аша түсу.
Жаттығулар: Үй тапсырмасы бойынша зымыран сұрақтар
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: Берілген тақырыпты оқып,постер салу.
І топ. Грамматикалық ұстаным.Мағыналық ұстаным.Интонациялық ұстаным.
ІІ топ. Грамматикалық ұстаным.Мағыналық ұстаным.Интонациялық ұстаным.
ІІІ топ. Грамматикалық ұстаным.Мағыналық ұстаным.Интонациялық ұстаным.

Дереккөздер: Қазақ тілі, 9-сынып, Дидактикалық материалдар, Әдістемелік нұсқаулық,
Көрнекіліктер: кеспе парақша,бағалау парақшалары,А3 форматы,маркер,стикер,топқа бөлу парақшалары,т.б
Оқуға арналған тапсырма: 132-жаттығу,Леп белгісі,сұрау белгісі қойылған сөйлемдерді көшіріп жазып,тұлғасына қарай талдаңдар.
Мұғалімнің жазбалары:
І.Ұйымдастыру. ІІ Топқа бөлу
Оқушыларға
? белгісі, ! белгісі, . белгісі бар қағаздар таратылады. оқушылар әр тыныс белгісін таңдай отырып, үш топқа бөлу.
Психологиялық анықтама:
* Сұрау белгісін таңдаған оқушылар алдына мақсат қоймас бұрын бұл әрекетімнің нәтижесі қаншалықты жетістікті болады деген сұрақты өзіне жиі қояды. Бастаған ісінің нәтижелі болған, болмағанына қарамастан соңына дейін жеткізуге тырысады.
* Леп белгісін таңдаған оқушылар өз істеріне мейлінше сенімді, қызуқанды, сонымен қатар, алдына қойған мақсатқа қол жеткізе білетін жандар.
* Нүктені таңдаған оқушылар сабырлы, өзгенің ойын тыңдай отырып, өзін де тыңдата біледі. Бастаған жұмысы көбіне жетістікті болады.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Зымыран сұрақтар.
1.Хат,мақала қай стильге жатады?---------------------------------------------------------
2.Сөйлемдегі сөздер базистік (негізгі) тәртіпке сай орналасады.екінегізді болып келетін стиль түрі?----------------------------------------
3.Образды ,экспрессивті сөздер мол кездесетін стиль түрін атаңыз.------------------------------------------
4.Дидарластық,полемикалық,көпшілікке арналған сөз қай стильдің түрі болатынын анықтаңыз.-------------------------------------------------
5.Көбінесе диалог түрінде жүретін стиль түрі?---------------------------------------
6.Шарт,сенімхат,қолхат қай стильге жататынын анықтаңыз.---------------------------------------
7.Экспрессивті сөздер қатыспайтын қай стиль екенін анықтаңыз.------------------------------
8.Жұртқа үндеу,үгіт айтуда қолданылатын стиль түрін анықтаңыз?------------------------------------------------------
9.Баубек Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат»шығармасы қай стильге жататынын анықтаңыз.--------------------------------------------------------------------------
10.Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалатын стиль түрі?
-----------------------------------------------------------------
ІІІ .Жаңа сабақ (Тақырыпты оқуға 5-7 мин уақыт беріледі)

Берілген тақырыпты оқып,постер салу.
І топ. Грамматикалық ұстаным.Мағыналық ұстаным.Интонациялық ұстаным.
ІІ топ. Грамматикалық ұстаным.Мағыналық ұстаным.Интонациялық ұстаным.
ІІІ топ. Грамматикалық ұстаным.Мағыналық ұстаным.Интонациялық ұстаным.

Жаттығу жұмысы.
133-жаттығу.Тыныс белгісін қойып,үш сөйлемді көшіріп жазып,морфологиялық талдау жаса.
Мысал, Морфологиялық талдау үлгісі:
Ол кітап оқығанды жақсы көреді.
ол – сілтеу есімдігі, жекеше түрі
кітап – зат есім, жалпы, деректі, дара
оқығанды – заттанған есімше, етістік
оқы – етістік
-ған – есімшенің жұрнағы
-ды – табыс септігінің жалғауы
жақсы көреді – күрделі, болымды, сабақты етістік, қимыл атауы, ашық рай, осы шақта.

«Тыныс белгісін қой» тапсырмасы. (Тыныс белгісі қойылмаған кеспе парақша таратылады)

1.Күйеулер бұл кезде төмен иіліп,тәжім қылып тұр екен.Үлкен бәйбіше :
- Өмір жасың ұзақ болсын ! Алдыңнан жарылқасын,қарағым!-деп,шашуын шашты,Лақтырғаны-бір табақ өрік,мейіз,кәмпит.
-Қадамың құтты болсын!Қызығың ұзақ болсын,қарағым Абай!-деп,Абайдың өз енесі де тілеуін айтты. (М.Әуезов)
2.Тыңдаушының алдында жалғыз ғана мақсат тұрады.Ол-тақырыпты қалайда жақсы жазып шығу мақсаты.Түсінікті ме сізге?
Ал осы екі сөздің нешеден синонимі бар екенін білесіз бе?
-Сіз менен емтихан алайын деп пе едіңіз?-деді ол қызарақтап. (Ә.Нұршайықов)
3.--Әдептілік әкені құрметтеуден басталады.
- Құрақ ұшып құрмет көрсетіп тұрған жоқпын ба?
-Мені «көке»деуші едің,енді тең құрбыңдай тергейтін болыпсың,,,, «Ұрыс сен деген сөзден шығады»дейді халық.
--Аты-жөніңді толық айту да айып па?
- Қазақ атам ұрпағын әрбір адамды құрметтей білуге үйретеді.Ал адамды құрметтеу үшінатын ардақтап,дәрежесін көтеріп,жасы мен туыстық қатысына қарай ата,әже,апа,көке,тәте,жәке,аға,ағатайым,нағашы,жиен,бөле деу керек.

Жеке жұмыс. Үш топтан 3оқушы тақтаға шығады.
І топ. Жұмбақтың шешуін тауып,дыбыстық талдау жаса.
Айдалада ақ отау,
Аузы ,мұрны жоқ отау (Жұмыртқа)
ІІ топ. Жұмбақтың шешуін тауып,фонологиялық талдау жаса.
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе-сары. (Жапырақтар)
ІІІ топ. Мақалдың жалғасын тауып,синтаксистік талдау жаса.
• Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа.
• Ақылдының алдымен жүр,
Ақымақтың артымен жүр.
Өзін-өзі бағалау парақшалары:
Оқушының аты-жөні:-----------------------------------------------------------------------------

Тапсырма атауы мен реті
критерийлер Тапсырма үшін жалпы ұпайы
1.Зымыран сұрақтар Тапсырманы толық орындадым-2 ұпай,
Тапсырманы жартылай орындадым-1ұпай,
Тапсырманы мүлдем орындамадым-0ұпай
2.Топтық жұмыс Тақырыпты толық түсіндім-2ұпай,
Тақырыпты жартылай түсіндім -1ұпай,
Тақырыпты мүлдем түсінбедім-0 ұпай
3.Жаттығу жұмысы (Морфологиялық талдау) Тапсырманы толық орындадым-2 ұпай,
Тапсырманы жартылай орындадым-1ұпай,
Тапсырманы мүлдем орындамадым-0ұпай
4. «Тыныс белгісін қой»тапсырмасы Тапсырманы толық орындадым-2 ұпай,
Тапсырманы жартылай орындадым-1ұпай,
Тапсырманы мүлдем орындамадым-0ұпай
Қорытынды баға 8 ұпай «5»
7 ұпай «4»
6 ұпай «3»

ID: 768 | Просмотров: 3786