Сайт учителя начальных классов
.
Солтүстік Мұзды мұхиты. Атлант мұхиты. -

Солтүстік Мұзды мұхиты. Атлант мұхиты.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Сабақ жоспарлары | Қысқа мерзімді сабақ жоспары Загрузок: 1158 | Просмотров: 3513 | Размер: 503.6 Kb | Автор:
Сабақ: 11 Мектеп: Қ.Терібаев атындағы орта мектебі
Күні:10.10.15. Мұғалімнің есімі: Иманбекова Айгүл
Сынып: 7 Қатысқандар саны 9 Қатыспағандар саны 3
Тақырыбы: Солтүстік Мұзды мұхиты. Атлант мұхиты.
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Солтүстік Мұзды мұх. Атлант мұх.жайлы білімдерін жетілдіру
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Мұхиттарды бір-бірінен ажыратып, атап айтып картадан көрсете алады
Оқушылардың басым бөлігі: Картадан көрсетіп , ерекшелігіне қарай жіктей алады

Кейбір оқушылар: Екі мұхитқа қатысты мәлімет жинап, талдап, дәлелдеп, ерекшелігіне қарай жіктеп, картадан көрсетеді

Тілдік мақсат Мәтіннің мағынасын толық түсінеді, мұхиттарды бір-бірінен ажыратады,ерекшелігіне қарай жіктейді, диалогқа қатысады.(..... (істей) алады)
Негізгі сөздер мен тіркестер: ауданы, тереңдігі, солтүстік полюс, климаттық белдеулер

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
(сөздік қорын дамыту) Солт.Мұз.мұхиты-ең суық, ең таяз, ең кіші мұхит. Атлант мұхиты – солт.оңт.созылып жатқан, бойында барлық климаттық белдеу кездесетін, ежелден кеме қатынасы жақсы дамыған мұхит.
Талқылауға арналған тармақ қатар: сұрақтар, тапсырмалар

(Сіз неліктен ......... екенін айта аласыз ба?) Неліктен Солт.Мұзды мұх. мәңгі мұз басып жатыр? Неліктен Атлант мұхитын барлық климаттық белдеулер кесіп өтеді?

Жазылым бойынша ұсыныстар: (сабақ соңында ұсыныстар)
Мұхиттардың ерекшеліктерін түртіп алу
Алдыңғы оқу §10. Беткі ағыстар, мұхиттағы тіршілік «Сұрағым бар..» әдісі допты ұсыну арқылы сұрақ-жауап
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазыңыз) Бағалау Ресурстар
Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті
Сабақтың басталуы:
3 мин.

2-мин. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңбер
«Ауадан сыйлық ұсыну»

Топқа бөлу (фигуралар)таңдаған фигурасына қатысты мінезіне сипаттама

Бір-біріне ауадан сыйлық ұсынады

топқа бөлінеді

І-топ

ІІ-топ

ІІІ-топ
Бақылау

бақылау
Сабақтың ортасы: 15мин.

5 мин.

7мин. 1.Проблемалық сұрақ (картамен жұмыс)Неге?

2.SWOT талдау

3. . « Мен өзімді теңеймін...» (тобын мұхитқа теңеу) Неге Солт.Мұз.Мұх. суық?Неге Атлант мұх. барлық климаттық белдеулер кесіп өтеді? Картадан ізденіп сұраққа жауап береді

Мұхиттарды жан-жақты талдайды, ақпарат жинақтайды, пікір алмасады

Өз тобын екі мұхиттың біріне теңейді

Бірін-бірі бағалау

Табыс критерий арқылы бағалау

Ынталандыру «Отшашу»
Карта, оқулық
Постер, маркер
Сергіту сәті: Жаттығу биін ұсыну «Қуыршақтар биін» видеодан қарап билейді мадақтау «Қуыршақтар биі» видеосы
Сабақтың аяқталуы Сұрақ-жауап Бір-біріне сұрақ қойып жауап беріп, ой алмасы Өзін-өзі бағалау
Кері байланыс -бес саусақ 1саусақ-бүгінгі сабақтан не білдім,2-саусақ—аған жаңалық болды,3-саусақ-не білгім келеді, 4-саусақ-мені қызықтырғаны,
5-саусақ- ұсынысым
Кейінгі тапсырмалар § 11.Қосымша ақпарат жинақтау

ID: 2016 | Просмотров: 3513