Сайт учителя начальных классов
.
екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері -

екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Сабақ жоспарлары | Қысқа мерзімді сабақ жоспары Загрузок: 7 | Просмотров: 50 | Размер: 369.3 Kb | Автор:

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері

Панель 1
Панель 2
Пәні: Математика
Уақыты:
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін қолданып тапсырмалар орындау.

Өз бетімен жазбаша бөлуді орындай білу.

Екі таңбалы санға жазбаша бөлуге берілген есептерді шығара алу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру
Сабақтың әдісі: Проблемалық, түсіндірмелі- иллюстративті практикалық
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеттәк оқу
Оқыту құралдары: Фигуралар,топшамалар.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
І.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, түгендеу;
оқу-құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру;
сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру;
бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту. Амандасу;
оқу-құралдарын дайындау, кезекшілік міндеттерін атқару;
сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;
көңіл-күйі көтеріңкі болады.
Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.
ІІ.Үй тапсырмасын
тексеру.

Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау. «Білім сандықшасы» деп аталатын ойын (оқушылар сабаққа дейін өздерінің параққа жазылған сұрақтарын қорапқа салады, оларды шығарып, кезекпен оқиды. Қалғандары жауап береді.
Оқытушыға үй тапсырмасын көрсету. Білімдегі көп кездесетін кемшіліктер және олардың пайда болу себептерінен қорытынды жасау.
Қателік жібермеуге тырысу.
ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық. Ауызша жаттығулармен жұмыс:
Сұрақ – жауап:
1. Жұмыстың жылдамдығы
2. Әріппен белгіленіп, ауыспалы шамамен берілген теңдік
3. Арифметикалық амал кері көбейту
4. Бұрыштарды өлшеуге арналған құрал
5. Бөлу амалының нәтижесі
6. Белгілі бір уақытта дайындалған өнімнің саны?
Ауызша жауап береді.
Сұрақ – жауап:
- Өнімділік
- Теңдеу
- Бөлу
- Транспортир
- Бөлінді
- жұмыс
Мұғалім қойған проблеманы қалай шешетінін бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып түсіндіреді.
ІҮ.Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру. №1 Бөліндінің мәні мен қалдықты тап.
Бөлінгіш 4205 8102 7203 24050 63008
Бөлгіш 20 90 8 80 10
Б.мәні 210 90 900 300 6300
Қалдық 25 2 3 6 8
№1 Бөліндінің мәні мен қалдықты табады.
Бөлінгіш 4205 8102 7203 24050 63008
Бөлгіш 20 90 8 80 10
Б.мәні 210 90 900 300 6300
Қалдық 25 2 3 6 8
- Өткен материалды еске түсіре отырып шығарады.

Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып жаңа материалды меңгертуге үйрету.

V.Жаңа материалды мұғалімнің көмегімен бекіту. №2 (а) Есептеу тәсілдеріне қара. Бірінші толымсыз бөлінгішті анықты. 10-беттегі бөлу алгоритмін пайдалана отырып, бөлудің қалай орындалғанын түсіндіріп айт.


№2 (ә) Есептеп, дұрыстығын тексер.

294/98 837/31
345/69 420/84
276/46 936/78

558/18 31458/98
667/29 12456/24
16692/52 59215/65
№3 Ауызша орындалады
Екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шығып, 6 сағаттан кейін кездесті. Бірінші пойыздың жылдамдығы 66 км/ сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы 95 км/сағ. Төменде берілген өрнектердің нені білдіретінін түсіндір.
1) 95 + 66 2)95 – 66
3) 66 * 6 4) 95 * 6
5) (66+95) * 6



№5 Өзіндік жұмыс
Мысалдар тізбегін жаз (алдыңғы теңдіктің жауабы келесі теңдіктің басы болып табылады).

• = 26520

- - = 26170

/ = 5234

+ = 8559

/ = 97


+ = 1023


= 38874

- - = 28055


+ = 29562


/ = 3213


+ = 42168


/ = 3514


• * = 63252


+ = 114738

№6 Ережені пайдаланып теңдеулерді шеш.

240 / а= 480 / 80

а * (288 – 190) = 392

х * 81 + 67 = 553

489 + с * 5 =9614

№7. (а) Диаметрі ауданы 16 см² шаршының қабырғасына тең шеңбер сыз. Осы шеңберді тең 4 бөлікке бөл. Олардың біреуін боя.

ә) Тіктөртбұрыштың ауданы 20см². Осы тіктөртбұрыштан қабырғасының ұзындығы 3 см шаршы қиып алуға бола ма? Дәлелде. №2 (а) Есептеу тәсілдеріне қара. Бірінші толымсыз бөлінгішті анықты. 10-беттегі бөлу алгоритмін пайдалана отырып, бөлудің қалай орындалғанын түсініп қабылдайды.


№2 (ә) Есептеп, дұрыстығын тексереді
294/98=3 837/31=27
345/69 = 5 420/84=5
276/46 = 6 936/78=12

558/18=31 31458/98=321
667/29= 23 12456/24=519
16692/52=321 59215/65=911
№3 Ауызша орындайды.
Екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шығып, 6 сағаттан кейін кездесті. Бірінші пойыздың жылдамдығы 66 км/ сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы 95 км/сағ. Төменде берілген өрнектердің нені білдіретінін түсіндіреді.
1) 95 + 66 – жақындау жылдамдығы
2) 95 – 66 – екінші пойыздың жылдамдығы біріншісінің жылдамдығынан қанша артық;
3) 66 * 6 – бірінші пойыз жүріп өткен қашықтық.
4) 95 * 6 – екінші пойыз жүріп өткен қашықтық;
5) (66+95) * 6 – қалалар арасындағы қашықтық
№5 Өзіндік жұмыс
Мысалдар тізбегін жаз (алдыңғы теңдіктің жауабы келесі теңдіктің басы болып табылады).

• = 26520

- - = 26170

/ = 5234

+ = 8559

/ = 97


+ = 1023


= 38874

- - = 28055


+ =29562


/ = 3213


+ = 42168


/ = 3514


• * = 63252

+
=114738

№6 Ережені пайдаланып теңдеулерді шешеді.


240 : а= 480:80
240 : а = 6
а = 40
240 :40 = 480 : 80

а * (288 – 190) = 392
а * 98 = 392
а = 392 : 98
а = 4
4 * 98 = 392

х * 81 + 67 = 553
х * 81= 553-67
х * 81=486
х= 486 : 81
х= 6
6 * 81 + 67= 553

489 + с * 5 = 9614
с * 5 = 9614 – 489
с * 5 = 9125
с = 9125 : 5
с = 1825
489 + 1825 * 5= 9614

№7. (а) Диаметрі ауданы 16 см² шаршының қабырғасына тең шеңбер сыз. Осы шеңберді тең 4 бөлікке бөл. Олардың біреуін боя.
Шешуі: S = 4 * 4 = 16 cм
Тіктөртбұрыштың ауданы 20см². Осы тіктөртбұрыштан қабырғасының ұзындығы 3 см шаршы қиып алуға бола ма? Дәлелдейді.
Шешуі: Sтікт.= 20см². Ендеше оның қабырғалары 10 және 2 см, 5 және 4 см, 1 және 20 см –ге тең болады. Шаршыны тіктөртбұрыштың қабырғалары 5 және 4 см болған жағдайда ғана қиып ала алады.

Оқушылар жаңа материалды түсінуі. Есептерді тез, қатесіз әрі тиянақты шығару. Сабаққа араласып, дәптерлеріне есептерді сауатты орындауы.

Есептің мазмұнымен танысады, шығару жолын қарастырады, шешуін іздестіреді, жауабын табады.

Алынған ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі.

Оқушылар өздігінен тексере отырып, №5 тапсырманы орындап шығарады. Сұраққа жауап беру үшін қандай амал қолданатынын айтып, белгісізді анықтайды.

Көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін жетілдіру мақсатында №4 тапсырма ауызша орындайды.

Бірінші бағандағы №6 теңдеулерді шешпес бұрын балалар өрнектерді ықшамдайды. Ал екінші бағандағы теңдеулер күрделірек. Амалдардың белгісіз компонентін ( белгісіз компоненті бар амал ең соңынан) анықтап, содан соң табу ережесін қолдануға болады. Егер өрнектің оң және сол жақ бөлігінен бірдей санды азайтсақ (қоссақ), бірдей санға бөлсек ( көбейтсек) теңдік тура болады. Теңдеулерді шешкен кезде осылай пайымдау керек.

Мұғалімнің басшылығымен орындалатын тапсырма.

Алдымен шаршының ауданын тауып, оның қабырғаларының ұзындығын есептейді. Содан соң шеңбер сызады. Оны дәптердің төрт көзін пайдалана отырып теңдей төрт бөлікке бөлуге болады. Диаметрі ауданы 16 см² болатын шаршыға тең шеңбер сызады. Шеңберді бірдей 4 бөлікке бөледі. Олардың біреуін бояйды.

VІ.Жаңа материалды өз бетімен бекіту. Логикалық есептер қоямын.
1.Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр еді. Еркін оның төртеуін өшіріп тастады.Үстел үстінде неше майшам қалды?
2.Бір үйдің 6 ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?
3.Дүкеннен кеп сабын алдым,оның және, қабын алдым. Екі дәптер, бір қарындаш, тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі қанша болды қолда бары.

«Қашқын сандар» ойыны.
Балалар 3топқа бөлінеді. әр топтан 5 оқушыдан шығады. Оларға 1 карточкадан таратамын (цифр немесе амалдар таңбасы жазылған). Белгі берілгеннен кейін әр бестіктің балалары қосуға мысалдар құрастырады.
Мысалы:2+8=10 7+1=8 5+4=9
Жүргізуші басқа мысалдарға өзгеретіндей сандардың «қашып кетуін» ұсынады.
Мысалы:8+2=10 1+7=8 4+5=9
Әр топтың бір мүшесі құрастырылып мысалдарды тақтаға жазады. Мысалдар жұбын салыстыра отырып, оқушылар қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдалайды. ж/бы:1

ж/бы:12

ж/бы:6

3+2=5 8+2=10 4+2=6
2+3=5 2+8=10 2+4=6
5+2=7 6+2=8
2+5=7 2+6=8
Жаңа материалға байланысты есептерді орындап болған соң, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін жетілдіру мақсатында ойын ұйымдастырылады.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері артады, ойлана отырып жауап береді.

VІI. Үйге тапсырма.

№2 ( 2, 4-баған) №4, 8. Берілген сандардың цифрларының қосындысы нешеге тең болатынын есепте.
231 1887 624 34281 378
Қосудың нәтижесінде шыққан сандар 3- ке және 9 – ға бөліне ме, тексер.

Берілген сандардың ішінен 3 –ке, 9 –ға бөлінетін сандарды тап.




Үйден дәптерге тапсырмалар орындайды.
231+1887+ 624 +34281+378=37401

37401 саны 3-ке бөлінеді 12467 саны шығады
37401 саны 9-ға бөлінбейді.

3- ке бөлінетін





9-ға бөлінетін

Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады, өз бетімен жұмыстанады.
VIІІ .Бағалау. Оқушылардың іс-әрекетін бағалайды. Қойылған бағаларға түсінік береді. Өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді. Өз бағасын мұғалім бағасымен салыстырады. Өз іс-әрекетін бағалайды. Өз іс-әрекетінің нәтижесін көреді.
ІХ.Қорытындылау. -Сабақ аяқталды!
-Сау болыңыздар!
-Сау болыңыз!

ID: 2302 | Просмотров: 50