Сценарилер жинағы

Басты бет » Әдістемелік » Сценарилер, тесттер, сөзжұмбақтар, ребустар жинағы » Сценарилер жинағы

Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
[ Сайттан жүктеу (23.5Kb) ] 26.11.2015, 18:12

Материалдың жеке номері 2201

Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»

загрузка...
Түлектер кешіне арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар,ата-аналар, оқушылар!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің түлектері бүгінгі «ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ» атты салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
- Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

- Олай болса, вальс әуенiмен ұядан ұшар түлектердiң қоштасу кешiн бастайық!!!

(Музыка вальс)
Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.

Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт Бекнұр бар.

Ойы ұшқыр Айкөркем
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.

Сабырлы,жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Сыныптас, дос Мейрамбекті.

Айдай сұлу Аяжанымыз,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген даусы бар .

Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Рамил сыныптың жүрегі.

Биология пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің парағын
Ай мен күнге балаған
Алма біздің нәзік жан

Адам болу арманы
Өзі сондай салмақты.
Нұрландырған ортаны
Біздің Мирас жан-жақты.

Биікке самғау мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Мейрамгүлді.

Жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші:
- Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кiшкене бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ - жарық жұлдызға айналады.
Олай болса, бұл кешiмiздi болашағымыздың осы жарық та жарқын жұлдыздарына арнап "Жұлдызды кеш" деп атайық.

Бүгiнгi кеш- Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi айтылар тiлек , орындалар ән мен күй , ыстық құрмет , дуылдата соғылған шапалақтар Сiздерге арналады.
- Түлектерімізді орындарына қошеметтеп шығарып салайық.

МУЗЫКА ОЙНАП ТҰРАДЫ
(түлектер белгіленген орындықтарына орналасады)

Жүргізуші:
- Құрметтi қонақтар, түлектер бүгiнгi салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші:
- Кештiң ашылу салтанаты мектебіміздің директоры Ғатауов Қайыржан Орынғалиұлына
беріледі.

Ән шашу: «Ұстазыма»

Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамызда ,
Мұндай күй болған, бәлкiм баршаңызда .
Қол соғып қошаметпен шақырайын ,
"Жұлдыздар" келсiн, кәне ортамызға!

Ал ендi, көптен күткен салтанатты мерзiм де келiп жеттi. Ол-алтын ұяда 11 жыл бойы, бойыңызға жинаған, бiлiм нәрiне сусындағаныңыздың дәләлi – «Қымбатты аттестат» тапсыру салтанаты.
Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

- Мектеп түлектерінің аттестатын және Ұлттық біріңғай тестілеудің сертификатын тапсыруға мектеп директоры Ғатауов Қайыржан Орынғалиұлын және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанатова Айнұр Сатыбалдықызынортаға шақырамыз.

"Жұлдызды кештiң" аталу себебiн ендi әр түлектiң жұлдызын танумен таныссақ .

Жүргізуші: Аттестат беру кезеңі – жер тобы балаларында. Бикеш, Торпақ, Ешкімүйіз жұлдыздары.
Жер-Ана балаларына үлкен өмірге аттар қадамына жолдама – аяулы аттестаттарын табыс етейік!
Бекнұр, Аяжан, Мейрамбек, Мейрамгүл
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Жер –Ананы қорған қылар топтың азаматтары өмірге өте бейім, аяғымен нық тұруға дайын, әр ойлаған, әр идеясынан ұшқын көретін азаматтар. Дәлірек талдасақ, Торпақтар:театр өнері мен оны қою барысында өздерін басым көрсете біледі. Бикештер ұшқыр ойлары мен зеректіктері басым, ал, Тау ешкілер өздерінің бір беткейлігімен қоса тамаша басшылықта көріне біледі.
Өмірге ғашық болып жүріңдер, туған жерлеріне жақын болыңдар. Биіктен көрініп бақытты болыңдар.

Жүргізуші : Адамзат баласы өз жаратылысын тыныс алудан бастайды. Тыныс алу, дем алу, таза ауа жұту – бұл табиғат құбылысы. Арман қуған нәзік жаңдар, арманды қолға алғандар, ұмтылып алға жүргендер, әрқашан жеңіске жеткендер – аттестат беру кезеңі сіздерге келді – Таразы, Суқұйғыш, Егіздер, Балықтар жұлдыздары.Қарсы алайық:
Мирас, Айкөркем.
-Жарқын болашаққа жолдама – жарқыраған аттестатарыңызды алуға рұқсат!
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

Жүргізуші: Қоршаған ортаның тынысы АУА деп жүрегі соғатын азаматтар айналасын өзінің зеректігі, қайталанбас ойларымен таң қалдырады.
Егіздер әдебиетте алдына жан салмайды.
Таразылар әсемдік пен сезімталдығы, талғымпаздығы жоғары.
Суқұйғыш әр жаңалықты дамытып немесе тың жобалар табуға,
жаңа идеялар туғызуға шебер жандар.
Олай болса бұл жұлдызды топқа егемен елдің болашағын дамытуға талмай үлес қосады деп сенеміз. Биіктен көрініп бақытты болыңдар.

Жүргізуші: Мiне, ең соңғы "жұлдыздар" тобын да бiлiм кемесiне жолдама күтiп тұр. Ендеше, тапсырайық оларға жарқын болашақ жолдамаларын!
Рамил, Алма.
(түлектер аттестатын алып сахнада қалады .)

От -адамзат баласының ғасырлардан келе жатқан қорғаушысы, қорғаны. Бұл жорамалдағы адамдар шексiз жiгерлi , творчестовалық танымы мол болып келедi(от тәңiрiнiң қорғауындағы жұлдыздар Тоқты, Арыстан, Мерген) Тоқтылар арасында музыкаға бейiмдер көп болды . Арыстандар арасында әртiстер , режисерлар мен продюсерлер де аз болмайды . Ал, Мергендер болса , өнерге бейiм болғанымен, көп елiктеп кетедi . Дегенмен , осы болжаудан кейiн , бұл азаматтардың барлығы сөзсiз "эстрада жұлдыздары бола алады " деп тұжырым айтуға әбден болады .

- Ешқашанда сөнбеңдер. Тағдырдың сыйлап берген лаулаған отын өмірдің жақсы сәттерінде қолдана біліңдер. Топ жұлдыздарын орындарына қошеметпен шығарып салайық.
Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!
- Ендiгi сөз өздерiңiзде түлектер! Қазiр сiздердiң нағыз "жұлдызды шақтарың" туды. Көкейде қалған, шешуiн таба алмаған сұрақ болса, айтылмаған махаббат лебiзi болса, барлығын дәл қазiр қысылмай ақтаруға болады .

- Жүрегiнде iзгiлiк оты жанғанда- деп, мектеп бiтiрушi түлектерге сөз береміз.
Бүгінгі «Жұлдызды кешіміздің» түлектері өз өнерлерін ортаға салмақ. Қабыл алыңыздар!

(Музыкалық сәлем, түлектер сахнада тұрады )

ӘН «ҰСТАЗЫМ», КВН әзілдері.
Гүлдер тапсырылады .Ұстаздарға шығарылған өлең жолдары оқылып, тапсырылады.
Жүргізуші: Мiне , көздерiңiз жеткен болар , бүгiнгi түлектерiмiздi текке жұлдызға теңемеген болдық . Оларды шын мәнiнде аспан жұлдыздары алысқа , ғарышқа шақырады екен! Бiз де тiлектеспiз! Жолдарыңыз болсын!!!

Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Қандай ғажап қарашы айналаңа ,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма ?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi деп,
Қүрметпен сөз берейiк ата-анаға , - дей отырып,
Барша ата – аналар қауымы атынан құттықтау сөз кезегi
беріледі.
Тренинг: «Балам және мен»
Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін:
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір –деп тілек айтар ұстаздар қауымына және 5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшісіне береміз.
Ойын кезегі: «Әуенді тап», «Қызықты сұрақтар легі»

Жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

Кір шалмасын жаңа ашылған көңілдерің
Ақтаңдар мектеп ұстаз сенімдерін
11 жыл білім алған, сусындаған
Мектебіңмен қош айтысар келді кезің.
Құрметті түлектер сендерге ақ жол , сәт сапар тілей отырып, Сендерді қазақтың жақсы ырымен болашаққа жаңа қадамдарың оң болсын дей келе, «Жол ашар» рәсімін жасайық. Осы рәсімді жасау үшін құрметті түлектер бір –бірлеріңізбен қол ұстасып ортамызға өтулеріңізді сұраймыз.
Ал «Жол ашар » рәсімін жасауға ортамызға ақылшы ұстаздарымыз Ардақ апайды, Меңдігүл апайды, Айнұр апайды құрметпен ортамызға шақырамыз
Ардақ апай: Мына жасыл түс өмірлерің жас қайыңдай жайнай берсін,
Меңдігүл апай: Мына қызыл түс ғұмырларың қыр гүліндей құлпырсын,
Айнұр апай: Мына ақ түс жолдарың әрқашан ақ болсын! деген тілегімізді айтып, өздеріңе Сәт сапар, ақ жол!
Жүргізуші: –Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын.
Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады түлектер!
Өйткені болашағың бүгіннен басталады. Сіздер дәл осы сәттен бастап өмірімізге жаңа бақыт жолдама алып отырсыздар. Ендеше жұлдыздарыңыздың жануы, сәуле шашуы өз қолдарыңызда. Тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін. Ұстаздарыңыз, мектебіңіз саған тілекші.Жолдарыңыз болсын, жолдарыңыз болсын, түлектер!!!
loading...

Автор:

Бөлім: Сценарилер жинағы | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1001 | Жүктеулер: 559 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5904
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 62
Қонақтар: 62
Тіркелгендер: 0