Сценарилер жинағы

Басты бет » Әдістемелік » Сценарилер, тесттер, сөзжұмбақтар, ребустар жинағы » Сценарилер жинағы

Ұстаз – күннің жарығы, Таудың асқар алыбы.
[ Сайттан жүктеу (19.4Kb) ] 25.11.2015, 00:18

Материалдың жеке номері 2192

Ұстаз – күннің жарығы, Таудың асқар алыбы.

загрузка...
Армысыздар, қош келдіңіздер, құрметті де аяулы ұстаздар және қонақтар!
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен. “
Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Әнұран

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Осы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Хор
Осы орындауда ұстаз әнін қабыл алыңыздар.

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - демекше ендігі кезекті әнге береміз.
«Жаңбыр» әні, орындайтын Марат Нұрай және «Балауса» бишілер тобы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Ал, ендеше, ұстаздарға деген жылы лебізбен «Жұлдызша» тобының балаларын ұстаздар жайлы жаттап тақпақтарын тамашалауға ортаға шақырамыз.

Жарайсыңдар, балалар!
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
«Мұғалім» әнімен ортаға Аруназ қызымызды шақырамыз.

Биле, биле, жүздерің жадырасын,
Биле, биле шаттықтарың жарқырасын. Кезекті біздің мың бұралған бишілерімізге береміз.
Келесі орындауда «Жұлдызша» бишілер тобын «Барбарики» биімен ортаға шақырамыз.

Ән «Біздің балабақшада», орындайтын Аяна, Айым.

Айгөлек-ау, айгөлек
Айдай жүзі дөңгелеп
Айдай болған қыздарымыз
Би билейді дөңгелеп
«Қазақ» биі, орындайтын «Гүлдәурен» бишілер тобы

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
«Ұстаздар» әнімен ортаға Аяулым қызымызды шақырамыз.

Ал, қанекей ендеше, ортаға кігкентай бүлдіршіндерімізді шақырамыз. Сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетсін, тамашалайық.

Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
«Ұстазым» орындайтын дуэт
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік! –дей келе бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
loading...

Автор: Бекжанова Қарлығаш Дүйсенбайқызы

Сарыөзек, "Балдырған" бөбекжай-балабақшасы, психолог

Бөлім: Сценарилер жинағы | Қосты: Қарлығаш-Елдос | Ілмек сөздер: Балабақшаға арналған сценарий
Көрсетілім: 1007 | Жүктеулер: 643 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 71
Қонақтар: 71
Тіркелгендер: 0