Сценарилер жинағы

Басты бет » Әдістемелік » Сценарилер, тесттер, сөзжұмбақтар, ребустар жинағы » Сценарилер жинағы

"Қош бол,сүйікті Әліппем!"
[ Сайттан жүктеу (34.6Kb) ] 04.11.2015, 22:47

Материалдың жеке номері 2005

"Қош бол,сүйікті Әліппем!"

загрузка...
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу
Жүргізуші:Ерте,ерте ,ертеде ,ешкі жүні бөртеде....
Болған екен бір патша,сонау алыс өлкеде.Ол өлкеде күнде қызық думан ,ән мен би,өлең мен күй болыпты. Ондай думаннан шаршаған патша өз уәзірлерін шақыртып,былай депті:
Так,так ,так
Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
1 оқушы түрік биін билеп шығады.
-Тоқта!Күндегі би,көрініс,ән,күй... шаршадым одно и то же,надоело!!! Басқа,басқа,басқа бір нәрсе көргім келеді. Мне какой-то новизны не хватает.Жарайды, давай выкладывай, немен қызықтырасың?
1 уәзір: Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан
1 «а» сыныбынан.
2 уәзір: Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
Патша:Қане,корейік.Әкел менің сиқырлы бинокльмді, көріп жіберейін,не қызық болады екен?!
-Мәә! Мынау қандай әдемі мекен,қандай керемет бөлме:шарлар, суреттер, күшті етіп, бөлмені украшатетіп қойыпты.Интересно....
Қоңырау сыңғырлайды, мұғалім оқушыларды екі-екіден класқа кіргізеді.

1 жүргізуші :Шашу шашу шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар.
(Шашу шашылады)

Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар. Біз сүйікті Әліппемен қоштаспақшымыз.Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге қош келдіңіздер.

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

Оқушылар хормен:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

1Жұмсағанға баратын,
Айтқан тілді алатын,
Мен боламын Ақниет
2.Менің атым- Әлібек,
Елдің қамын ойлайтын ер боламын

3. Сәулелі де қымбатты,
Сөйлегенім тым тәтті,
Мен боламын Гүлсезім.

4. Сіздерге арнап тіл қатты,
Дарасы болар даланың,
Альбина қызың мен болам.

5. Жақсылыққа бастайтын,
Бәрін біліп жаттайтын,
Қыран ұйымының мүшесі,
Ізбасар ұлың мен болам.

6 Әділхан деген баламын,
Есепті мен шашамын.
7 Көп оқитын, көп тоқитын,
Менің атым-Арыстан.

8 Ай мен күні анамның,
Ақылдысы әкемнің,
Мен Анеля боламын.

9.Армысыздар, жас достар,
Болашаққа жол бастар
Келді ортаға
Алішер батыр қол бастар.

10.Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден
Шықты ортаға
Ернар деген ұлдарың.

11.Келген алғаш мектепке,
Моп-момақан қыздарыңыз,
Сабина мен болам.

Ізбасар: – Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.
Ақниет: – Мен енді алыстағы туыстарыма өзім-ақ хат жазып,қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын,қуаныштымын.
Әлішер: – Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. сурет салуға,ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге.
Жүргізуші: – Ал, балалар, біз оқыған 4 ай ішінде қандай өзгерістеріміз бар?
Анель : – Дүйсенбі күні Әнұран айтуға, күнде үйден келгенде жаттығу жасауға үйрендік.
Арыстан: – «Күзгі мереке», «Тілдер күні» тойларымыз өтті, Денсаулық күні спорттық мерекесіне қатыстық.
Жүргізуші:Балалар бізге қонаққа сіздердің достарыңыз келіпті,қарсы алайық. Олар сендерге жұмбақ жасырғысы келіп тұр.
1.Әжеде бар да,атада жоқ
Әтеште бар да,көжекте жоқ. «Ә»
2.Мынау-доға,қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? «Л»
3.Ірімшікті жедің ғой,
«Тәтті екен» дедің ғой.
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған? «І»
4.Ата-анаңмен барып сен,
Пілді көріп парктен.
Осы атаулар ,зер салшы,
Басталған қай әріптен? «П»
5.Пілде бар,шілде жоқ,
Допта бар,шарда жоқ «П»
6. Ешкіде бар,қойда жоқ,
Кеседе бар,қасықта жоқ «Е»
Жүргізуші: Балалар,қандай қасиетті сөз шықты?
Балалар хормен: әліппе
Ақниет: Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыр жұмбақ бұл кітаптардың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Жүргізуші: Олай болса ортаға Әліппені шақырайық

Әліппе:Саламатсыздар ма балалар?
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Әліппе: « Армандастар» өлеңінің әнімен айтылады.

Армысыздар, жас достарым, ата-ана,
Жолды бастап келдім міне мен ортаға.
Қуанышы, сүйеніші әр баланың
Әліппеңіз боламын

Бар әріпті үйретемін мен баршаға,
Білім кілтін сыйға тартам әр балаға.
Қане досым, жас досым,
Не үйреніп, не білдің?
Ортаға сал, ортаға сал жасқанба.

Әрқашан да білімге ынтық болыңдаршы.
Қиындықтан еш мойымай қорықпашы.
Келешекте тәрбиелі, білімді боп,
Көрініңдер биіктен.

Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
Балалар хормен:
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Би: Қамажай
Жүргізуші: Ал,біздер, әріптер әлеміне саяхатқа шығайық. Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға
Әріптер сыр шашады,
Әсем әнге басады.

А әрпі Ақниет.
Атыраудың айдыны
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз Астана
Бас қаламыз Алматы.
Болады елге әйгілі.
Б. Әрпі.Әлішер
Қазынасы көп екен
Байқоңырдан ғарышқа
көз тігеміз алысқа.
Ғ әрпі. Сабина
Ғарышкер ғаламның
намысты елі даламның
Тоқтар сынды ағамның
ізбасары боламын
Д әрпі. Әділхан
Даласындай қазақтың дала бар ма?
Дала бесік болыпты даналарға.
Е әрпі. Альбина
Еділ өзен Ертісім,
туған жердің көркісің.
Ж әрпі. Ернар
Жайық;Еділ екі су,
Дұшпан тізе бүккен жер.
Жер жаннаты Жетісу
Елім туын тіккен жер.
И әрпі: Гүлсезім
Иба, әдеп, асыл ой,
имандылық басы ғой,
исі қазақ баласын
үйретеді осылай
Қ әрпі: Арыстан
Қарағанды көмір кені
Қостанайдың егіні,
Даласындай жомарт қой,
Қазағымның көңілі.

М әрпі. Анель
Мақтанамын ұдайы
маңғыстаудың мұнайы.
Ен байлықтың қапағы
Мақтаралдың мақтасы.

Я әрпі. Ізбасар
Даурықпаңдар әріптер,
бәріңді жұрт дәріптер,
Мен я- мын соңғы әріп
менен әрі барып көр.

Жүргізуші : Құрметті Әліппе, байқайсың ба, бүгін А- дан бастап Я – ға дейін әріптер мерекелік сапқа тұрады.

Әліппе: Жарайсыңдар, менің ақылды достарым!
Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын.
Ал мен сендермен білімдеріңді тексеру мақсатында ойын ойнағым келіп тұр
«Кім жылдам?» әріптерді орналастырып,сөз шығару керек,сөзден сөйлем құрау керек.

Жүргізуші : Қайсы биші, кім күйші.
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім тапқыр.
талаптарын табайық.
Ән:Шіркін,сурет сабағы
Еңбек сабағы

Әліппе: Алғаш мектеп салдырып,балалардың сауатын ашқан кім?
-Хормен:Ыбырай Алтынсарин
Анель:Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертек те
Үйреттің оны Әліппе.
Гүлсезім: Әліппе менің Әліппем
Өшпейтін нұрлы әріппен
Есігін аштым білімнің
Өзіңнен кілтті алып мен.
Ернар: Әліппе алып қолыма
Білімнің аштым есігін
Ақ ниет тілеп жолыма
Жазылды тұңғыш есімім.

Әліппе:
Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын

Арыстан:
Таныстырған 42-әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
Енді біз жаза аламыз
Әріпті қосып әріпке
Ырза боп саған жүреміз
Қош бол сүйікті Әліппе

Барлығы хормен:
Қош бол сүйікті Әліппем.
Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен
- Әліппе: Мен бұл жерге жалғыз келген жоқпын.Өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың Ана тілін шақыра келдім.

Сабина:
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Әріп сырын түсіндім мақтанамын.
Әріп сырын үйреткен әліппемде,
Түстей болып міне бүгін артта қалды.

Би: Әліппемен қоштасу вальсі

Жүргізуші: Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып,қадірлеп өткен.Ол –ел,жер және тіл. Ана тілі-әр халықтың төл белгісі.
-Ал енді ана тіліне сөз берейік.

Ана тілі:Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілі: «Ертегілер» өлеңінің әнімен айтылады.
Бас иіп баршаңа,
кішкентай достарға
келдім жаңалықпен
зор үміт арқалап,
достасуға , танысуға.
Жетелеймін білімге,
мені сүйген баланы.
Дос болайық енді
Ажырамай мәңгі
қабыл алшы достық сезімді.

Мен боламын ана тілі
Үйретемін дана тілді.
бастау алып әліппеден,
жетелеймін мен білімге.

Ана тілің ол сырласың
Ұқтырады сөз сырын.
Ана тілің арың,
қуанышың, барың,
біліп өскін соны, досым..

Жүргізуші:Ана тілі де осы күннен бастап біздің досымыз болады,ортамызға алайық

Хор: «Анамның тілі-аяулы үнім»

Жүргізуші: Оқушылар Әліппеден көп қызық әңгімелер, тақпақтар үйрендіңдер, енді математикадан алған білімдеріңді тексерейік.
Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Хормен: Жеті алма.

Гүлсезім:
1-дегенім бесік
Шықтым содан өсіп.
Әділхан:
2-дегенім егін
Далам тауым көгім.
Альбина:
3-дегенім үміт
Үміт жақсы жігіт.
Арыстан:
4-дегенім төзім
Төзе білем өзім.
Сабина:
5-дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Ізбасар:
6-дегенім ақыл
Тыңдағаның мақұл.
Анель:
7-дегенім жалау
Жүректегі алау.
Әлішер:
8-дегенім сөзім
Серт беретін кезім.
Ақниет:
9-дегенім тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.

Ернар:
10-дегенім Отан
Қорға соны ботам.

Математика сабағы
Терең ғылым сананың
Тегі деп ой саламын
Маңызды етіп оқыңдар
Математика сабағын.
Өмірдегі заттарды,
Есептеймін бәрін мен.
4 амалды қолданған
Математика пәнімін
-Балалар,мен сендердің алған білімдеріңді тексергім келіп тұр.
Ойын: «Аққала» құрастыру.(Әрбір бөлікте есептер жасырылған,сол есептерді шығару арқылы балалар аққаланың бөліктерін орын-орнына қояды.)
Ән:Математика сабағы

Мұғалім:Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз.
Құрметті ата-аналар балаларыңыздың осындай дәрежелерге жетулеріне сіздердің жәрдемдеріңізде өте күшті.
Ал сіздер балаларыңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз? Оны білу үшін мына сиқырлы шарларымызды жарып көрелік.Осы шарлардың ішінде сіздер өз балаңыздың болашақта кім болатынын анықтай аласыздар.
/Қағазға мамандық атаулары жазылады./
---Ал біздің мерекемізге Қарақұдық ТиВи телеканалынан тілшілер келіп қапты,сұхбат алмақшы.

-Құрметті Нағияш Қаражанқызы,бүгінгі кеште қандай сезімде болдыңыз?
-Құрметті Ботагоз Аділжанқызы,бүгінгі өнерін,өз білімдерін көрсеткен балаларымыз болашақта қандай азамат,азаматшалар болады деп ойлайсыз?
-Құрметті Гүлімжан Сабырқызы бүгінгі салтанатты мереке қалай өтті деп ойлайсыз?
Құрметті Сәнімжан Рақымжанқызы,сіздің Анеліңіз осы класта оқымағанда сіз бұл мерекеге келер ме едіңіз?
Құрметті Гүлмира Мұхитқызы,сіздің әліппемен қоштасу кеші есіңізде ме? Айтып берсеңіз

Мұғалім :Есікті біреу түртеді,хатшы хат әкеліп береді.
Балалар, бізге сонау алыс патшалықтағы біздің өнерімізді манадан тамашалап отырған Білгішбек патшамыз хат жіберіпті.Хатты оқиық,бір бала хатты оқиды.
Және де ол біздерге өзінің сыйлықтарын да беріп жіберіпті.

Марапаттаулар
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Ата-аналарға,ұстаздарға сөз беріледі.
Қоштасу сөздері:Көңіл қойып,тыңдағандарыңызға рахмет!
loading...

Автор: Умербекова Гульнара Айжарыковна

Ақтөбе облысы,Алға ауданы, Қарақұдық орта мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Сценарилер жинағы | Қосты: Умербекова_Гульнара | Ілмек сөздер: Әріптер, сүйікті, Әліппе, 1 Класс
Көрсетілім: 1148 | Жүктеулер: 643 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 15
Қонақтар: 15
Тіркелгендер: 0