Сценарилер жинағы

Басты бет » Әдістемелік » Сценарилер, тесттер, сөзжұмбақтар, ребустар жинағы » Сценарилер жинағы

Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
[ Сайттан жүктеу (20.0Kb) · Жүктеу () ] 15.03.2015, 21:15

Материалдың жеке номері 873

Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!

загрузка...
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты

Сұлтанқажиева Мейрамгүл
№148 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі


Тақырыбы: Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Мақсаты: Ата-бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған жерін, елін сүюге тәрбиелеу,патриотизмге баулу,танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Міндеті:Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы,Ұлы жеңістің 70 жылдығымен, Қазақ халқынын ұлттық Ассамблеясының 20 жыл толу мерекелеріне орай іс-шаралар өткізу.
Би: «Қара жорға»
1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші:Гуманитарлық пәндер берлестігінің ”Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан, Тәуелсіз елім Қазақстан!”атты онкүндігінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан – қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекен . «Отан от басынан басталады» демекші,Тәуелсіз еліміздің тарихы сонау ерте кезден, ата-бабамыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады. Биылғы еліміздегі атаулы тарихи оқиғалар тізбегін атап өтейік!
2-жүргізуші:
1. Қазақ хандығының құруылының 550 жылдығы,
1-жүргізуші:
2. Ұлы жеңістің 70 жылдығы
2-жүргізуші:
3. Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20-жыл
1-жүргізуші:
4. Бөбек қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынған «Өзін- өзі тану » рухани- адамгершілік пәнінің дамыған кезеңі

(6 «Д» сынып оқушыларының орындауында ,қазақтың ақын қызы Күләш Ахметованың «Сен - қазақсың» өлеңі ( осы 3 оқушы 3 портретті ұстап шығады)
2-жүргізуші: Тарихымызға көз жіберсек тәуелсіздік үшін,елімізбен жерімізді сақтап қалу үшін күрескен асыл ерлер көз алдымыздан тізбектеліп өтеді. XV ғасырда қуатты қазақ хандығының негізін құрған Керей мен Жәнібек хандардың тарихтан алар орны ерекше. Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады.
Алапат соғыс әлемді жаулап,
Фашистік пиғыл халықты жоймақ.
Бірлікпен достық, кеудесің тосып,
Қаһармандарым шықты атойлап!
1- жүргізуші: 1941- 1945 жылдар адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты, адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. 500- ге жуық Қазақстандық қаһармандарға кеңес одағының батыры деген абыройлы атақ берілді .
Тоғызыншы мамыр күні жеңіс күні,
Құлаған күн фашистің неміс туы.
Балалардың күлкісі көшені алды,
Ағалардың естілді келісті үні.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын!
Ән: «Әлия»
2- жүргізуші:
Қазақ жері қонақ жай жердің жері,
Қазақ елі қассактай ердің елі.
Елі кедей болғанмен жері байтақ,
Едіге мен Бабырдай шерлер жері,
Қазақ жері көп шекке қасіретті,
Қазақ елі өнерлі өсиетті,
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті киелі қасиетті ,– дегендей 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алған елімізде 1995 жылы 1 наурызында дүние жүзіне үлгі болып , ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені –Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше саяси құрылым. Биыл Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл!
1-жүргізуші:
Ән:«Туған ел»
( Ән айтылған кезде әр ұлт өкілдері шығып шаңырақ пен лентаны ұстап тұра қалады)
2- жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сөз кезегін мектеп директорына береміз.
1-жүргізуші:
Құрметті оқушылар онкүндік барысында әр түрлі конкурстар мен іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз!
2-жүргізуші:
Осымен салтанатты жиынымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!
loading...

Автор: Сұлтанқажиева Мейрамгүл

№148 мектеп-гимназия

Бөлім: Сценарилер жинағы | Қосты: zhetkenshekmen | Ілмек сөздер: 550 жыл, Тәуелсіз Қазақстан, Қазақ халқы, гуманитарлық пәндер апталығы
Көрсетілім: 1197 | Жүктеулер: 1455 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 41
Қонақтар: 41
Тіркелгендер: 0