Сценарилер жинағы

Басты бет » Әдістемелік » Сценарилер, тесттер, сөзжұмбақтар, ребустар жинағы » Сценарилер жинағы

Армысың, алтын ұя мектебім!
[ Сайттан жүктеу (18.4Kb) ] 18.10.2015, 23:26

Материалдың жеке номері 1911

Армысың, алтын ұя мектебім!

загрузка...
Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі бойынша 2015-2016 оқу жылының басталуына орай «Армысың алтын ұя мектебім!» атты мерекелік жиынның сценарийі
Мақсаты: қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту. Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік мен келісімді нығайту.
Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметпен қарау
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар! мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!

Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндерін зор қошеметпен қарсы алыңыздар! Сынып жетекшісі - ...................................................(музыка ойналады)
1. Алхам Тұрарбек
2. Асан Әнуар
3. Базарбай Орынғали
4. Бақтығалиқызы Назира
5. Ғарифолла Гүлсезім
6. Ғилман Мақсат
7. Зидулла Ақнұр
8. Ибатолла Самал
9. Калел Ернар
10. Кошмағамбет Армат
11. Қыйбатолла Альмира
12. Мұрат Назерке
13. Нарынбайұлы Назарбай
14. Насыпкерей Мансұр
15. Нұрмахамбет Айымжан
16. Өтеғали Батыржан
17. Салауатов Аят
18. Серікқали Малика
19. Сүндетқалиқызы Шұғыла
20. Талапқали Нұрсаят
21. Тенелбайқызы Аяна
22. Тілекқабыл Фархат
23. Хамидулла Ернұр
Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Армысың, алтын ұя мектебім!”атты білім күніне арналған мерекелік жиынымызды ашық деп жариялаймын.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Биылғы алғашқы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр: өйткені, бұл – Қазақ хандығына- 550 жыл, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығы қатар келетін мерейлі мерекеге толы жыл.
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1..............................................................................................................
2.Сиражев Сәлімгерей Қалимеденұлы – Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі
3.және ардагер ұстаздар
І жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Конституциясы – кең байтақ еліміздің, езгіден еңсесі басылып, еркіндікті аңсаған халқымыздың қайырылған қанатын жазған, болашағын көлегейлеген күңгірт пердені серпіп тастап алдын жарқыратып, арманын ұзартқан шын мәніндегі Алтын Заң. Тұғыры мықты Ата Заңымыздың халыққа қызмет еткелі де міне 20 жыл. Бұл күн – біз үшін ерекші қастерлі күн, - алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Құсайынова Светлана Сабырқызына беріледі.
І жүргізуші:
Еліміздегі ұлтаралық достық пен дінаралық келісім, мызғымас татулығымыз – бүгінгі күнде ең асыл бақытымыз бен баға жетпес байлығымыз. Осыған орай мемлекетімізде 130-дан астам ұлттарды бауырына басқан дархандай кең қазақ жерінде мекендеп жатқан халықтар достығын дәріптеген, құрылғанына 20 жыл толып отырған, ұлттарды ұйыстырған Қазақстан халқы Ассамбблеясы бүгінде көрші мемлекеттерге үлгі болып отыр, - келесі сөз кезегі
1..............................................................................................
2..............................................................................................
/Сөз кезегі қонақтарға беріледі./
Жүргізуші: Құбайт Диананың орындауында «Мектебім» әні. Қабыл алыңыздар! /музыкалық сәлемдеме/
Жүргізуші:
Ешбір халық тарихсыз болмайды. Сол сияқты қазақ халқының да өзіне тән терең тарихы бар. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің басты мақсаты – тарихы сонау тереңнен басталатын халқымыздың өткенін ұмытпай, бүгінін бағалап, болашаққа нық сеніммен қарау.
Қазақтың ұлт болып қалыптасуында ерекше мән-маңызға ие сол тарихи кезеңдерді жаңғырту арқылы елдің рухын көтеріп, санасын жаңартатын Қазақ хандығының 550 жылдығы ұлттық болмысымызды нығайтып, халықтық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді дамытатыны анық. Елбасы: «Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр», деген болатын.
Келесі сөз кезегі Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі – Сиражев Сәлімгерей Қалимеденұлына беріледі.
/Сөз әкімге беріледі/
Жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың

Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар,- дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып
оқушыларының сәлемдемесін тамашалаңыздар!
/ортаға 1-сынып оқушыларының сәлемдемесі/

Жүргізуші: 2015 жылы әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан сыйлық – «Менің Отаным - Қазақстан» кітабын табыстау рәсімін _______________________________________________________________ және ұстаздар мен мектебіміздің озат оқушыларына беріледі.
/сыйлықтар табыстау
Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға 11-сынып оқушысы Базарбаева Мақпал және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған ____________________________шақырамыз.
(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)
1-жүргізуші: Қазақ халқын әлемге танытқан ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ОТЫЗ ЕКІНШІ қара сөзінде:Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас», - делінгендей, бүлдіршіндер, еліміздің көк байрағын аспандататын, келешекке нық қадам баса алатын білімді де саналы азаматтары бола біліңдер, - дей келе 1-сынып оқушыларын Алтын ұя мектебімізге шақырамыз.
Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Армысың, алтын ұя мектебім!” мерекесі 2015-2016 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.
Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!
loading...

Автор: Аянгалиева Салтанат Нурлановна

zeinep.saltanat@mail.ru

Бөлім: Сценарилер жинағы
Көрсетілім: 933 | Жүктеулер: 547 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5929
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 6
Қонақтар: 6
Тіркелгендер: 0