Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың мақсаты:1.Балаларды өз ана тілдерін жетік білуге, ана тілінде таза сөйлеуге баулу.
2. Балалардың физиологиялық және таным процестерінің дамуын қамтамасыз ету.
3. Ата-бабамыздың баға жетпес бай мұрасын қадірлеп-қастерлеуге жол көрсету, ана тілге деген патриоттық сезімдерін ояту. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Балалар, 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қарсаңында, осы мерекені тойлауда біз де өз үлесімізді қоспақпыз:
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
Әнұран
«Ана тілім, егер сені білмесем!». Осы сөйлемді қалай түсінесіңдер?
(Балалардың жауаптары тыңдалады).
-Ал, балалар, ана тілі туралы қандай тақпақтар білеміз?
1.Айгерім:
Ақыл-ойын баланың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
2.Қайрош:
Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
3.Жантөре:
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
4.Алтынай:
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
5.Әділет:
Мейірі мол балаға,
Барлық-барлық анаға.
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп.
6.Әділет:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
7.Айзере:
Ана тілсіз тарихта жасалмайды,
Ана тілсіз із өрге баса аламайды.
Желмаяның үстінде желіп жүріп,
Күңренбеген тектен-тек Асан Қайғы.
8.Кәусар:
Сүйсем өз тілімді,
Боламын білімді.
Өз тілім үйретер,
Өнерді, ғылымды
Сүйем өз тілімді
- Жарайсыңдар, балалар!
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, - демекше ендігі кезекті әнге береміз. Бәріміз бірге «Қазақ тілі» әнін орындаймыз.
Жарайсыңдар, балалар!
-Биле, биле, жүздерің жадырасын,
Биле, биле шаттықтарың жарқырасын.Кезекті біздің мың бұралған бишілерімізге береміз. «Вальс» биі.
-Енді балалар, ана тілі туралы мақал-мәтелдер айтып көрейік:
1.Абылай:
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
2. Рақым:
Тіліңмен жүгірме,
Біліммен жүгір.
3.Әділет:
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
4.Әйгерім:
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
-Ал, енді балалар, біздің биші балаларымыз өз өнерлерін көрсетсінші
Аделяның орындауында ән
-Жарайсың, Аделя, біздің елімізде қазақ ұлтынан басқа қандай ұлттар тұрады?
Балалар жауап береді: қазақ, өзбек, орыс
-Ендеше, балалар, осы ұлт өкілдерінің әңгімелесуінен көрініс көрейік.
Қазақ, өзбек, орыс үш ұлттың өкілдері әңгімелесіп отырып, қазақ айтады:
-Біз - қазақпыз, жеріміз кең, байлығымыз мол,-дейді.
Сонда өзбек тұрып айтады:
-Иә, қазақ деген кең пейіл халық, біз осы елде тұрып жатырмыз. Ал сен орыс ұлты бұған не айтасың?
Орыс:
-Мен де бұл сөзіңмен келісемін. Қазақ халқының ұлттық тағамдары, қазы-қарта, жал-жая және ұлттық киімдерін айтсаңшы.
Қазақ:
-Солай, достар, біз билерімізбен, қазба байлықтарымызбен мақтана аламыз.
Тәрбиеші:
-Балалар осы көрініс арқылы не түсіндік? Қазақ тілінің байлығын, жеріміздің кеңдігін, билерімізбен, қазба байлықтарымызбен мақтана алатынымызды түсіндік.
Қорытындылау.
-Жарайсыңдар, балалар, сендер ана тілі туралы көп тақпақ, мақал-мәтел, ән біледі екенсіңдер.
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті тілімнің арқасында,
Ерікті ел боп алысқа қарайында.
Ана тілім, күмбірле,
сарайымда!- дей келе, осымен ертеңгілігіміз аяқталды.

ID: 2191 | Просмотров: 2894