Алтын күз

  • Жүктеулер: 760
  • Көрсетілім: 1911
  • Сценарилер жинағы
  • 25/Ноя/2015
Алтын күз
Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз.Құттықтай отырып бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, қараймын көзім талғанша» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Олай болса,
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімзді бастайық
«Жапырақ» биі. Биде оқылады:
Жетті желмен алтын күз
Жемісін жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды салтымыз
Мол өнімді жинаймыз
Елдің бәрін сыйлаймыз

Ал ендеше ортаға күз туралы жаттап келген тақпақтарымен балаларды шақырамыз.
Алтынай:
Жайдары күз, жарқын күз,
Күздің қазан айында
Аяулы күз, алтын күз.
Алма, алмұрт піседі
Қайрош:
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі
Айша:
Дала сары киінді
Самал соқты салқындау,
Қырмандарға үйілді
Алтын астық, алтын тау.

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Аделя
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
О.Әділет:
Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сондада бізге
Қызық көп күзде
Ч.Әділет:
Алтын сары қызыл-көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Жантөре:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Абылай:
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз.
Аружан:
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.
Айкерим:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
-Жарайсыңдар балалар!
Балабақша бағында,
Сайраңдаймыз жанында.
Нақ өзіндей бүлдіршін,
Көп достардың жанында.
Ән: «Біз – балдырған» Айзере, Хайриден, Аружан
Бақ өсіріп көрік беріп
Жайқалтамыз алқапты
Алма,жүзім,өрік теріп
Біздің бақтан тарапты.
«Күзгі баяққа саяхат» көрініс.
Сандуғаш апай:
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала-бай дала
Алтын астық айнала
Міне, күз де келді. Көкөністер пісіп, өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса.
Тақпақтарын айтады.
Сандуғаш апай:
Қамбам толды астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап өнім алдық біз

Ортада «Барбарики» биі

Ал ендеше, ортамызға күз патшайымын шақырамыз.
-сән үлгісі
Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгіліп
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Қуанышқа бөленген әр күніміз
Бақыттымыз балалар барлығымыз
Ән шырқайық көтеріп көңілдерді

Хор
Құрметті ата-аналар,қонақтар,баршаңызды тағы да күз меркесімен құттықтаймыз.Осымен бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз
.

Автор: Бекжанова Қарлығаш Дүйсенбайқызы

Сарыөзек, "Балдырған" бөбекжай-балабақшасы, психолог

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.