Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік мақсаты: атом ядросының құрамымен таныстыру, протон мен нейтронның ашылуы, ядроның нуклондық моделі, изотоптар, изобаралар туралы түсініктерін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктерін дамыту, әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту, есте сақтауын, ой-өрісін дамыту, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, танымдық белсенділігін арттыру.
3.Тәрбиелік мақсаты: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу, білім деңгейіне қарамай, серігін еңбек етуге баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ. Мұнда оқытудың негізгі принципі ретінде теория мен практиканың бірлікте болуы алынып отыр. Оқушылар сабақтың материалын практика жүзінде есептер шығара отырып игереді.
Оқыту тәсілдері: «Сатылай кешенді талдау», «Деңгейлеп, саралап оқыту» технологиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбанұсқалар
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Химия
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап, салыстыру, иллюстрациялық

ID: 1577 | Просмотров: 2993