Технологиядан презентациялар

Басты бет » Әдістемелік » Презентациялар жинағы » Технологиядан презентациялар

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері презентация
[ · Жүктеу () ] 05.11.2015, 18:24

Материалдың жеке номері 2008

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері презентация

загрузка...
Жұлдыз сияқты биіктен көрінсек деп “Жұлдыз” атын алдық, “жұлдыз” аспан тектес оюға жатады.
Жауқазын гүлі сияқты бейбіт те, қуанышты әсем болайық деп, “Жауқазынды” таңдадық. Жауқазын өсімдік тектес оюды алдық.
Төрт құбыламыз тең болсын деп, төртүшкіл геометриялық тектес оюды алдық.
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже,жүкаяк. асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған. Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады.   Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол  қырықмүйіз,  сыңармүйіз,  арқармүйіз болып түрленіп отырады.
loading...

Автор: Кажденова Света Кудайбергеновна

Бөлім: Технологиядан презентациялар | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1384 | Жүктеулер: 596 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 23
Қонақтар: 23
Тіркелгендер: 0