Қағаз бен картоннан "Тұңғиық гүл жасау"

  • Жүктеулер: 841
  • Көрсетілім: 1832
  • Технологиядан презентациялар
  • 10/Ноя/2015
Бұл презентация 3-сыныптың технология пәніне арналып жасалған. Презентацияны пайдалану арқылы мұғалім оқушының шығармашылық қиялын дамытады. Оқушыны әдемілік пен әсемдікті танып-білуге үйретеді. Сонымен қатар бұл презентацияның танымдық маңызы да бар.
Презентацияда Тұңғиық гүл шаблондарын жасау жолдары бейнелі түрде көрсетіледі. Табиғаттағы тұңғиық гүлді көрсету арқылы оқушының шығармашылық құлшынысын арттыра аламыз. Сонымен бірге оқушылар тұңғиық гүлдің біздің отанымыз Қазақстанда өте сирек кездесетінінен хабардар болады. Бұл оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Гүлді жасаудың кезеңдері суреттер арқылы беріледі. Презентацияны пайдаланған мұғалім оқушының өзіндік жұмыс жасауына, сабақ үстінде өз бетінше шешім қабылдауына ықпал етуі тиіс. Қазіргі заманауи талап оқушының өзі ізденіп, өзі дербес жұмыс жасауы болса, бұл презентацияның осы бағытта мол пайдасы бар.

Автор: Нұрбаев Мұхамеджан Сейдуллаұлы

ОҚО, Бәйдібек ауданы, "Қайнар жалпы орта мектебі" МКМ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.