Сайт учителя начальных классов
Қытай жаңа дәуірі төңкерісінің көсемі, 1930- 1970-жылдар аралығындағы ҚХР компартиясының жетекшісі. Мао Цзэдун идеялары Қытай төңкерісі мәселелерін қайта қарастырумен байланысты болды. Мао Цзэдун жаңа дәуірдің әлемдік ауқымында Қытай төңкерісінің мәнін байыптауға тырысты. Ол империализм кезеңіне өткеннен кейін "әлемдік оқиғалар тығыз байланысты және енді қайтып ажырамайды" деді. Сондықтан да, "Қытай төңкерісі әлемдік төңкерістің бір бөлігі болып табылады". "Әлемдік төңкерістің" дамуы Қытай төңкерісінің жеңісінің маңызды алғышарты болады. ҚХР құрылғаннан кейін Мао Цзэдун әлемдік мәселелерге аса көңіл бөлді. Ол "қазіргі дәуір - төңкерістер мен соғыстар уақыты" деді. Солай бола тұра, ол әлемдік ауқымда FTP мәнін, дамудың негізгі үрдістерін, II дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық жаһандану ықпалын түсінбейді. Сонымен қатар әлемдік дамуға кең көзқарас танытады.