Психологиядан презентациялар

Басты бет » Әдістемелік » Презентациялар жинағы » Психологиядан презентациялар

Әріптестік қарым-қатынас тренингі
[ Сайттан жүктеу (335.5Kb) ] 25.11.2015, 00:10

Материалдың жеке номері 2190

Әріптестік қарым-қатынас тренингі

загрузка...
Тренинг тақырыбы: Әріптестік қарым-қатынас тренингі
Мақсаты:
1.Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
2.Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын
ұсынуға көмектесу.
3.Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу
Жоспары:
 І.Кіріспе
 ІІ.Негізгі бөлім:
 1.” Танысу”
 2. “Сергіту сәті”
 3.Топқа бөлу.
 4.” Ой жинақтау”
 5.Қай топ епті?
 6. «Қамажай»
 ІІІ Қорытынды
 7.”Тілек шамы”
 8. “Шаңырақ”
І. Кіріспе бөлім:
« Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар!
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының жоғарғы формасы- ұжым. Ұжым –ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін
А.С. Макаренко анық та толық айтып берді. Ұжым дегеніміз- жеке адамдардың өз алдына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Ал, әріптестік дегеніміз- белгілі бір ұйымдарда бірігіп, жұмыс жасайтын қызметтес адамдар. Әріптестік әр түрлі жас аралығын қамтиды. Әріптестік белгілі бір мамандықтар бойынша бөлінеді. Мәселен мұғалімдер, дәрігерлер, құрылысшылар, әншілер.
Олай болса қымбатты қонақтар бүгінгі біздің тренигіміздің алғашқы айналымы танысужаттығуына кезек берейік.
1. Танысу
Көңілді музыка ойнайды, жаттығуға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Әрбір қатысушы өзінің есімін айтады және сүйікті хоббиін қоса айтады. Келесі қатысушы өз есімін айтпас бұрын алдыңғы адамның есімін, хоббиін айтып барып, өз есімін айтады.
2. Сергіту сәті.

Оң қолымды көтерем, оң қолымды түсірем
Сол қолымды көтерем, сол қолымды түсірем
Оңға қараймын, аяқты топ-топ басамын
Солға қараймын, біраз серігіп аламын.... дегендей біз сіздермен бірге сергіту сәтін жүргізсек. Ой, рахмет. Өте жақсы, бір серігіп қалдық деп ойлаймын.
3. Топқа бөлу
Ал енді тренигімізді бастамас бұрын топқа бөлінейік. Ол үшін сіздер түрлі-түсті гүлдерден өздеріңізге ұнайтын бір түсті таңдайсыздар, сол таңдаған түстеріңізге қарай топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады. Үш топқа мына аттар ұсынылады.
І топ. Ұжымдық
ІІ топ. Әріптестік.
ІІІ топ. Достық
4. «Ой жинақтау»
Әр топ мүшелері өз топтарының атауларын қорғап шығу керек. Әр топқа өз атауларына байланысты 3 сұрақтан беріледі. Ойлануға 5-10 минут уақыт.
І топ сұрақтары.
1. Ұжым дегеніміз не?
2. «Ұстаздың қолында адам өмінінің келншегі, тағдыры тұр»- дегенді
қалай түсіндіресіз?
3. Өз қуанышыңызды ұжыммен бөлісіңіз (Рөлге ену)
ІІ топ сұрақтары
1. Әріптестік сөзіне тұжырымдама беріңіз.
2. Әріптестікті кім басқарған жөн (Жасына сәйкес)
3. Бір жағдайға байланысты жұмыстан сұрандыңыз, әріптесіңізден өзіңіздің орныңызға қалуға өтініш білдіріңіз (Рөлге ену)
ІІІ топ сұрақтары
1. «Достық» ұғымын қалай түсіндіресіз?
2. Достық туралы бірнеше мақал-мәтел келтіріңіз
3. Достық қиындықта көрінеді (Рөлге ену)
5. Қай топ епті?

Қазір мен сіздереге жіп таратып беремін, сол жіпті ілмек іліп өрмекші торын жасайсыздар. Сол құрыллған тордың үстіне қаламды қойып, астыны бос құмыраның ішіне қаламды түсіресіздер.
6. «Қамажай»
Әр қатысушы жеке 5 заттан шығарады. Әр топ жиналған заттарын мына қамажайға саламыз да топтармен алмасамыз. Енді сол заттарды шығарып әңгіме құрастырамыз, я болмаса ертегі, шағын повесть, әңгіме құрастырамыз.

Қорытынды
7. «Тілек шамы»
Тілек шамын жағып бір-бірлеріне өз тілектерін және ыстық лебіздерін білдіру. Бұл шамды жаққан себебімәр қашан алдарыңыз осы шырақ секілді ашық, жарық болсын, оттарыңыз сөнбесін деймін. Жәнеде бір-бірлеріңізге тілек айтуларыңызды сұраймын. Тілек шамымен бірге айтылған тілектеріңіз қабыл болу мақсатында біз сіздермен бірге шаңырақ құрайық.
8. «Шаңырақ»
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар болып иіліп
Шаңыраққа киіліп киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің балабақшаларымыздың қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
loading...

Автор: Бекжанова Қарлығаш Дүйсенбайқызы

Сарыөзек, "Балдырған" бөбекжай-балабақшасы, психолог

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Психологиядан презентациялар | Қосты: Қарлығаш-Елдос | Ілмек сөздер: тренинг, балабақша психологтарына көмек
Көрсетілім: 1623 | Жүктеулер: 622 | Рейтинг: 5.0/1
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5925
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 79
Қонақтар: 78
Тіркелгендер: 1
Ардак_Жарменбетова