Сайт учителя начальных классов
.
Жеті жетім
Жеті жетекші
Жеті жоқ
Жетісудың жеті өзені
Әлемнің жеті кереметі
Қазақстанның жеті кереметі
Лондон- 2012 жеті алтын иегері

Египет астанасы - Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар-пирамидалар.
Ең үлкені-Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147метрдей, біздің заманымыздан бұрынғы 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан екі-ақ метр аласа.
Бұл перғаунға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен.Оның басы адам бейнесінде де, денесі арыстан тұлғалы. Ол “Сфинкс” деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.

ID: 1598 | Просмотров: 2642