Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту

  • Жүктеулер: 906
  • Көрсетілім: 2071
  • Математикадан презентациялар
  • 10/Июн/2015
Сабақтың тақырыбы:
"Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту

Мақсаты:
Білімділік: Жай бөлшектерге амалдар қолдана білуге, логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.

1.Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.
2. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады
3. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады
4. 15 минут сағаттың ¼ бөлігі
5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады
6. Бұрыс бөлшек 1- ге тең немесе бірден үлкен
7. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін, аралас сандардың бөлшек бөлігін ең кіші ортақ бөлімге келтіру, бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек
8. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардын алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек.
9. Аралас сандарды көбейту үшін, оларды сол қалпында көбейту керек.
10. Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, натурал санды бөлшектің бөліміне көбейту керек.

Автор: Мухамет Жанаргул

Қарағанды обл. Бұқар жырау ауданы, Березняк ЖББОМ

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.