Шеңбер ұзындығы және дөңгелектің ауданын табуға есептер шығару

  • Жүктеулер: 1090
  • Көрсетілім: 2702
  • Математикадан презентациялар
  • 03/Авг/2015
Презентация 9-сыныптың геометрия пәні бойынша "Шеңбер.Дөңгелектің ауданы тақырыбына есептер шығару" сабағына арналған.Сабақ басында шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.Қайталау сұрақтары арқылы формулулаларды еске түсіріп, сабақ барысында қолданады.Сабақ ұлттық педтехнологиямен кіріктірілген. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сұрақтар, тапсырмалар, пиза есептері қарастырылған.

1 санын кереге санына көбейтіп, шаңырақ шеңберінің ұзындығын табады

Қазақ халқының күнделікті тұрмыстық тәжірбиесінде үйдің бел арқанын ширатқан әйелдер оның ұзындығын шаңырақ шеңберінің ұзындығынан үш есе ұзын етіп өлшеп алып, оның үстіне киіз үй босағасына арқанды байлайтын артықтарын қосып есетіні белгілі.
Демек, екі метрдей артық есілсе,6қанат киіз үйдің белдеу арқаны : (6х3)+2 м=20 м.

Киіз үй шеңберінің ұзындығы шаңырақ шеңберінен үш есе артық.
С = 3Ш + Т
Т тұрақты сан, киіз үй есігінің ені, 130 см
6 қанат киіз үй шеңберінің ұзындығы:
С= (3х6)+1,30 = 19,30 м.

Автор: Калдыгулова Айткул Сырымовна

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы, Е.Айшуақұлы атында

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.