Сайт учителя начальных классов
.
Үшбұрыштар тарауы бойынша қайталау сабағы презентация -

Үшбұрыштар тарауы бойынша қайталау сабағы презентация

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Презентациялар жинағы | Математикадан презентациялар Загрузок: 1177 | Просмотров: 3324 | Размер: 802.8 Kb | Автор: Айгуль_Нуртулеуова

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Үшбұрыштар тарауы бойынша қайталау сабағы презентация

Панель 1
Панель 2

Cабақтың тақырыбы : «Үшбұрыштар» тарауы бойынша қайталау сабағы .
Мақсаты : 1) Тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау , толықтыру . бекіту.
2)Логикалық ойлау , математикалық тілде сөйлеу қабілетін ,
іскерліктерін, өзбетімен еңбектену сезімдерін дамыту .
3) Оқушыларды шыдамдылыққа , шапшаңдыққа , ұйымшылдыққа,
сыйластыққа тәрбиелеу .
Сабақ түрі : білімді қорытындылау
Әдісі : сұрақ-жауап , тірек сызба , тест, практикалық
Көрнекілігі : интерактивтік тақта , тест тапсырмалары, сызбалар салынған
есептер, тірек сызбасы, карточкалар , бағалау парақтары
Сабақ барысы :
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу , сабаққа назар аударту .
II.Сабақ мақсатымен таныстыру .
III. Білімдерін тексеру .
«Естігенімді ұмытпаймын
көргенімді есте сақтаймын
Істегенімді жүзеге асырамын»
(Конфуций)
Сөзін басшылыққа ала отырып , білімдеріңді тексеріп көрейік .
1) 2оқушы карточка бойынша тақтаға есеп шығарады .
2)Сынып оқушылары тірек сызбасы бойынша сұрақтарға жауап береді .
1.Тірек сызба
Сұрақтар : 1. Үшбұрыш деп қандай фигураны атайды ?
2. Қабырғаларының ұзындықтарына қарай қандай түрлері бар ?
3.Қандай үшбұрыш тең қабырғалы деп аталады ?
4. Қандай үшбұрыш тең бүйірлі деп аталады ?
5. Бұрыштарының шамаларына қарай қандай түрлері бар ?
6. Қандай үшбұрыш сүйір бұрышты деп аталады?
7. Қандай үшбұрыш доғал бұрышты деп аталады ?
8.Қандай үшбұрыш тік бұрышты деп аталады?
Тапсырма. Бір оқушы мына үшбұрыштарды түрлеріне қарай орналастыру керек
2. Кестемен жұмыс .
3. Оқулықпен жұмыс
«3» - № 155 (3)
«4» - № 154
«5» - № 157 (2)
IV.Сергіту сәті
V.Тест
VI. «Сен білесің бе?» (Тарихи мағлұмат)
VII. Сабақты қорыту , бағалау
VIII. Үйге тапсырма : 2-тарау, сөзжұмбак құрастыру , бақылау
жұмысына дайындық.

ID: 583 | Просмотров: 3324