Сайт учителя начальных классов
.
Мақсаты:
Ұлы математиктер өмірінен мәлімет беру, математиканы өмірде қолдана білуге үйрету, математика ғылымына деген қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
І Көгімнің жарық жұлдыздары

(Ұлы тұлғалар туралы мәлімет)

1. «Шығыстың жарық жұлдызы – Әл- Фараби»
2. «Тума талант – О.А. Жәутіков»
3. «Туған жеріміздің мақтанышы- А.Д.Тайманов»
4. «Тағдырын ғылымға тапсырған -
А.Жұмаділдаев»
М. Мақатаевтың сөзіне жазылған
ән: «Бақыт туралы жыр» орындалады.

ІІІ. Математика өмірде.
Математикасыз өмір сүру мүмкін емес. Уақытты алтынға балап, әр сағатын санап жүретін адам, математика амалдарына ұшыраспай қоймайды. Сағатпен еңбек етеміз, уақытпен демаламыз, тамақты өлшеп пісіреміз, есептеп сауда жасаймыз. Күнделікті өмірде қолданылатын математика турасында әңгімелейік.
1) Қазақтың өлшем бірліктері:
Батпан 300 гр
Қарыс 15-18 см
Елі 1-1,5 см
Табан 35-40 см
Кез, аршын 70-80 см
Әшмөшке 50 гр
Қадақ 200гр
Құлаш екі қол ұшы аралығы
Мысқал 25 гр
Пұт 16 кг
Сүйем бас бармақ пен сұқ саусақ аралығы
Тұтам 4-5 см
Шақырым 1000 м
Бір шелек (су, сут) 9-10 литр
Бір торсық (айран) 6-7 литр
Бір саба (қымыз, шұбат) 10-15 литр
Бір қап (ұн) 40-60 кг
Бір арқа (жүк) 45-50 кг
Бір уыс 25-30 гр
Дүре соғудағы математика
жазаның ең ауыр түрі 25-30 дүре

ID: 1927 | Просмотров: 6943