Математикадан презентациялар

Басты бет » Әдістемелік » Презентациялар жинағы » Математикадан презентациялар

дұрыс және бұрыс бөлшектер
[ Сайттан жүктеу (2.53Mb) ] 17.11.2015, 01:26

Материалдың жеке номері 2116

дұрыс және бұрыс бөлшектер

загрузка...
Әйке орта мектебі

5 класс
Ашық сабақ

Өткізген: А.А. Өмірбекова

2014 – 2015 оқу жылы
Өмірбекова Ақбілек Амангелдіқызы
Әйке орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Әйке ауылы, Әйтеке би ауданы, Ақтөбе облысы
Сыныбы:5
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс және бұрыс бөлшектер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бөлшек туралы білімдерін кеңейте отырып,
оларды дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек түрлерімен таныстыру,
осы тақырып бойынша есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырата білуді үйрету;
Тәрбиелік: Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту;
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, шығармашылықпен
жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, кітаппен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, плакат, суреттер
Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Қарбыз кесу» ойыны
ІІІ..Жаңа материалды игерту
ІV. Жаңа материалды бекіту (оқулықпен жұмыс)
V. Сергіту сәті «Шартақты жөңдеу» ойыны
VI. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
VIII. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- амандасу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
- тренинг
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Қарбыз кесу» ойыны

(1 бүтін қарбызды 5 бөлікке бөлеміз, сұрақтар қарбыз бөліктерінде жазылады)
Сұрақтар:
Үлес дегеніміз не?
Жай бөлшекке мысал келтіріңдер.
Бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымдаңдар.
Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
Қандай бөлшекті қысқартылмайтын бөлшек деп атайды?
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу.
2/5; 5/4; 2/3; 5/9; 11/8; 13/7; 6/7; 11/2; 15/13 бөлшектерінен
алымы бөлімінен кіші бөлшектерді машинаға;
алымы бөлімінен үлкен бөлшектерді пойызға салыңдар.
Мұғалім: - Оқушылар, не байқадыңыздар? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
Оқушылар: - Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер
Мұғалім: - Әрине, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дұрыс және бұрыс бөлшектер».
2/5; 2/3; 5/9; 6/7 бөлшектерінің алымдары бөлімдерінен кіші. Мұндай бөлшектер ДҰРЫС БӨЛШЕКТЕР деп аталады.
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
Мысалы: 3/7; 3<7, 5/6; 5<6, 1/5; 1<5, 11/17, 11<17.
Дұрыс бөлшектер 1 –ден кіші
1/2 <1; 3/4 <1; 18/25<1; 70/99<1.

Алымы бөлімінен үлкен немесе алымы бөліміне тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.
5/5; 11/6; 9/7; 10/10; 36/35. – бұрыс бөлшектер
Кез келген бұрыс бөлшек 1 – ден үлкен немесе 1 – тең.
4/4=1; 17/3>1; 12/7>1; 21/21=1; 99/80>1

Натурал санды алымы бөліміне еселік болатын бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады.
Мысалы: 4=4/1; 4=24/6; 4=32/8; 4=60/15
ІV. Есептер шығару.
Ауызша:
1/3; 5/4; 9/9; 9/10; 25/25; 71/43; 8/9; 99/99; 100/35; 7/11; 5/13; 55/33; 11/21; 86/88; 9/11; 15/13; 9/29.

(Оқулықпен жұмыс: № 468
1/4; 2/5; 3/2; 7/12; 13/13; 8/23; 10/10; 31/34; 3/7 бөлшектерінен дұрыс
бөлшектерді теріп жазыңдар.
2) 7/9; 5/3; 8/4; 1/12; 15/7; 14/3; 16/16; 17/19; 99/87; 99/100 бөлшектерінен бұрыс бөлшектерді теріп жазыңдар.
№469
5:6; 8:3; 9:7; 1:3; 14:14; 2:15; 25:4; 37:45
бөлінділерін бөлшек түрінде жазып, одан дұрыс бөлшектерді,
бұрыс бөлшектерді жеке -жеке жазыңдар.
№470
5, 6, 8, 11, 15 сандарын бөлімі 7 -ге тең бұрыс
бөлшек түрінде жазыңдар
V. Сергіту сәті «Шартақты жөңдеу» ойыны
1) Бұл қоршауда 4 тақтай босап тұр. Оларда бұрыс бөлшектер жазылған. Оларды тап. Қателеспе. Сенің қатеңді бәрі көреді.



Оң жақтан дұрыс жазылған тақтайларды алсаң, олардың барлығы орнына түседі.


VI. Үйге тапсырма беру
Үйге № 470 (2), №471
VІІ. Бағалау

VIII. Қорытындылау (ребус шешу)
loading...

Автор: Өмірбекова Ақбілек Амангеліқызы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке селосы, Әйке орта мектебі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Математикадан презентациялар | Қосты: akbilek1989 | Ілмек сөздер: бөлшектің бөлімі, бөлшек, бұрыс, бөлшектің алымы, математика, дұрыс
Көрсетілім: 1540 | Жүктеулер: 625 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 41
Қонақтар: 41
Тіркелгендер: 0