Сайт учителя начальных классов
.
Әдебиет сабағы бізді шығармашылыққа, өткен тарихымызды білуге, әдебиет саласында еңбегі сіңген ақын-жазушылар туралы білуге үйретеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының
перзенті, ақын, лирик, болашақты болжаушы,
сатирик, ойшыл, талант иесі, дара тұлға.
1893ж Көкшетау облысы, Қызылту ауданында өмірге келді. .
1902- 1907ж. Әкесі ауыл молдаларына (Әлі, Тортай, Мұқан) оқуға береді.
1908 ж. Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде 2 жылдай оқиды.
1911ж. Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен сабақ алады.
1912ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі.
1912-1913ж. Өлеңдерін, “Зарландым” атты очерк жазды, “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.
1913ж. “Айқап” журналында жауапты хатшы болып жұмыс істейді.
1914ж. Баянауылға оралады.
1914ж. Оқу іздеп Семейге барады, бірақ діттеген оқуына түсе алмайды.
1915ж. “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді.
1915-1916жж. Тарбағатайдағы Терісарық болысындағы Құрбан қажының ауылында бала оқытады.
1916ж. Томскіге барады, Әлімхан Ермековтер ашқан дайындық курсына түсіп, орысша білім алады.
1917ж. Ақпан төңкерісінен кейін Семейде құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялайды.
1918ж ауруы асқынып, оқуды да, жұмысты да тастап, еліне біржола оралады.
1918-1919жж. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларын жазды.
1920ж. 21 мамырда аурудан қайтыс болды.

ID: 1670 | Просмотров: 3105