Сайт учителя начальных классов
Абайдың мұражай-үйі. Сабақтас құрмалас  сөйлемдерді қайталау презентация -

Абайдың мұражай-үйі. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау презентация

Әдістемелік жинақ мұғалімдерге | Презентациялар жинағы | Қазақ тілінен презентациялар Загрузок: 793 | Просмотров: 2010 | Размер: 1.71Mb | Автор: Қадыр
Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаев туралы алған білімдерін бұрынғыдан да тереңдету, Абай шығармаларын насихаттау, ұлы ақынның Жидебайдағы мұражай- үйі туралы толық мәлімет беру. Сабақтас құрмалас сөйлем және олардың түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада құрмалас сөйлем түрлерін бір – бірінен және жай сөйлемнен ажырата білуге жаттықтыру.
 
Сабақтың міндеттері:
  Білімділік: Жаңа мәтіндер, интернет қорынан алынған ақпараттар арқылы білім негіздерін қалыптастыру. Оқушылардың сөздік қорын молайту. Абай туралы білетін білімдерін жаңа сабақпен ұштастыра білуге үйрету.
 
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, тақырыпқа байланысты өз ойын еркін жеткізе білуге төселдіру; рухани – эстетикалық талғамын дамыту
 
Тәрбиелік: бүкіл әлемге танымал ұлы ақынның өмірімен таныса отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,
аудару, сөздікпен жұмыс, интерактивті
тақтамен жұмыс, жұппен, топпен жұмыс.
Көрнекілік: интербелсенді тақта,
бейнефильм ,слайдтар, тірек – сызбалар.