Сайт учителя начальных классов
.
Қарағанды қаласы
№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі
Тәжит Манат Жанатқызы
Сыныбы: 4
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» ойыны (Сыныптан тыс сабақ)
Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру.
«Жұлдызды сәт» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.
Ал, қанекей, келіндер,
Біріңе-бірің еріндер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін. Ойынға қатысу үшін қойылған сұрақтарға жауап беру қажет. Ойынға 12 ойыншы қатысады.

 Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады?
 ҚР жер көлемі қанша?
 Жерінің үлкендігі бойынша нешенші орында?
 Қазақ валютасы қашан қабылданды және қалай аталады?
 Абылай ханның шын есімі?
 Қарағанды көмір кен орнын 1833жылы кім тапты?
 Рейсхтагқа ту тіккен кім?
 Мемлекттік рәміздерге биыл қанша жыл толды?
 Алтын адам қайдан табылды?
 Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата?
 Астана қаласының тұсаукесері ресми түрде қай жылы болды?
 Қазақстанның өзен көлдерін ата.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Демекші, әділ қазыларды сайлап алайық.
_______________________________________________________
_____________________________________________________
Жүргізуші: Ойыншылар сәт сапар!
Бұл бөлімде мақалдар оқылады, сайыскерлер оның жалғасын тауып айту керек. Жылдам жауап берген ойыншыдан сұралып, әрбір дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі. Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншымен қоштасамыз.
Туған елдей ел болмас, ...... туған жердей жер болмас.
Ата көрген оқ жонар, ... ана көрген тон пішер.
Жаңбырменен жер көгереді,... Батаменен ел көгереді.
Кітап білім бұлағы, .... білім өмір шырағы.
Ақыл азбайды.... білім тозбайды.
Оқу инемен құдық.... қазғандай.
Еңбек ширатады, ...өмір үйретеді.
Еңбек етсең ерінбей, ... тояды қарнын тіленбей.
Отан оттан да .... ыстық.
Отан үшін отқа түс күймейсің, .... арың үшін алыссаң өлмейсің.
Туған жердің күні де ыстық, ... түні де ыстық.
Өнер ағып жатқан бұлақ, ... білім жанып жатқан шырақ.
Аз сөз алтын-көп сөз көмір.
ІІ бөлім «Қозы көш»
Ұяшық таңдау: Бұл бөлімде жеңілден күрделіге қарай сұрақтар қойылады. Біреуі арнайы сұрақ. Ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасу.

Қазақ тілі
10-ұяшық: Сөз таптарын ата?
20-ұяшық: «Жаңылмасам, сіз осы мектептің директоры боларсыз?»
Қыстырма сөзді тап.
30-ұяшық: «Сарыағаш, отыз- қырық, медколледж ». Бұл қандай сөздер?
40-ұяшық: Мәтін дегеніміз не?
Математика
10-ұяшық: 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та,
310-нан кем. Берілген санды тап?
20-ұяшық: Екі әке, екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам
барды?
30-ұяшық: Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі
жерге қонса, нешеуі қалады?
40-ұяшық: Автомобиль 180 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті.
Автомобиль жылдамдығы неге тең? /90 км/сағ/
Дүниетану
10-ұяшық: Пирамидалар қай мемлекетте орналасқан? /Египет/
20-ұяшық: Ауада ең көп кездесетін газ? /Азот/
30-ұяшық: Адам баласы алғаш рет отты қандай нәрседен жақты?
/шақпақ тастан/
40-ұяшық: Арал көліне құятын өзендер? /Әмудария, Сырдария/
Ана тілі
10-ұяшық: Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерің білесің?
20-ұяшық: Отан, туған жер туралы 3 мақалды айт.
30-ұяшық: «Орындалған арман» шығармасының авторы кім?
40-ұяшық: Арнайы сұрақ: Қаланың негізі 1830 жылы қаланған. 1961жылға дейін Ақмола қаласы, 1961-1992 жылға дейін Целиноград, 1992 ж қалаға тарихы атауы қайтарыды. 1998 ж қала атауы тағы да өзгертілді? Бұл қай қала?
ІІІ бөлім «Жолайрық»
Ұпай саны аз ойыншы кестедегі жасырылған кез келген сөзді табуға құқылы. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай және әр ойыншы бір сөзді табуы керек. Ойын нәтижесі бойынша аз ұпай жинаған 3ойыншымен қоштасамыз.
Шарты: оңнан да, солдан да оқысаң бірдей оқылатын сөздерді табу қажет. Жауаптары: қазақ, қалақ, кесек, надан, керек, қырық, қызық.
қ қ
қ қ
к к
н н
к к
қ қ
қ қ

Кідіріс
Көрермендерге сұрақтан шашу шашайық.
 Шаршының қабырғасы 5 см ауданын тап. /20см²/
 Құрманғазы шәкірті кім?
 Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады? /карта/
 1жұмыртқа 3 мин піссе, 5 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
 6 м бөренені 1 метрден неше жерден кесу керек? /5/
 Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі? /баяндауыш/
 ҚР шекаралас мемлекеттерді ата.
ІV бөлім. «Алтын көмбе»
Сөзден сөз шығару. Сөздегі әріптердің орнын өзгертпей, бірнеше сөз шығару. Ойыншылар асық таңдау арқылы сөз таңдап, сол сөзден бірнеше сөз шығаруы қажет. Ойын нәтижесі бойынша аз ұпай жинаған 2 ойыншымен қоштасамыз.
1. Дөңгелек
2.кемпірқосақ.
V бөлім
«Кім болам?» Бес минуттық ойтолғау
Сайыскерлер болашақ мамандық таңдаудағы мақсаты және неліктен сол мамандық иесі болғысы келетіндігі жайлы ой толғайды.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан»- деген Абай атамыздың ұлағатты сөзін басшылыққа алып, ойыншылар ой түйгенше, 4 А сынып оқушыларының патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқуына кезек берейік.

Сонымен, әділқазылар алқасы жалпы ұпай нәтижесін есептеп шығарғанша, көрермендер арасында сайыс ұйымдастырылады.
Атамекен
сөзі. Қ.Мырзалиев,
әні. Е.Хасанғалиев
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен
Көрермендерге әннің жасырылған сөздерін тапқызу, әнді бірге шырқау.
Марапаттау

Қорытынды

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Пайдаланған әдебиеттер
1. Ана тілі, қазақ тілі,математика, дүниетану оқулықтары Алматы, «Атамұра» 2011ж
2. Бастауыш сынып әдістемесі республикалық ғылыми− әдістемелік педагогикалық журналы № 5, 2012
3. Тәрбие құралы республикалық ғылыми− педагогикалық журнал
№ 6, 2012
4. Мақал – мәтелдер бастауыш сынып оқушыларына арналған Алматы «Өлке» баспасы 2007ж

ID: 897 | Просмотров: 4340