Еңбекпен тапқан тиын

  • Жүктеулер: 927
  • Көрсетілім: 1713
  • Бастауыш сыныпқа арналған презентациялар
  • 30/Апр/2015
. Құрылыс жұмыстарына қажетті қандай көлік түрлерін білесіңдер?
2. «Бәрін бітірген өзім» деп мақтанған қай көлік еді?
3. Көтергіш кранның жұмысы қандай?
4. Мақтаншақ машина қандай жағдайға тап болды?
5. Көтергіш кран қандай көмек көрсетті?
6. Мақтаншақ машинаға көтергіш кран қандай ақыл айтты?
«В» (жауап беруші)
1. Көтергіш кран, жүк машинасы, трактор, т. б
2. Зауыттан жаңа шыққан жүк машинасы мақтанғанда жер - көкке сыймайды.
3. Көтергіш кран әлденеше бөренелер мен ағаштарды жоғары көтереді.
4. Жауын-шашыннан құрылыс маңайы лайсаң батпақ болып, сол жерге жүк машинасы батып қалады.
5. Кран ұзын мойнын бұра келіп, шұңқырда тұрған машинаны жоғары көтеріп әкетті.
6. Жүк көтергіш машинаны дөңес жерге шығарып тұрып:
- Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз де тек құрылысшының көмекшісіміз,- деді.
«С» (жинақтаушы)
«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындарымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.

Автор: Әбдіғали Дина Бисембайқызы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.