Сайт учителя начальных классов
.
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Білімділік: Туған жердің табиғатына, ел тарихына үңіле отырып, оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейте түсу; Дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу; Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламыз, Жүрегімезге басып ұстай аламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Бола кетер сонда дереу жан-жағымыз!
Өткен сабақты қайталау
Тест тапсырмалары
1. Конституцияның нешінші бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады?»деп көрсетілген?
а) 26 - бабында ә) 27 – бабында б) 28 – бабында
2. Асар жасау дегенді қалай түсінесің?
а) той жасау
ә) түрлі ойындар ұйымдастыру.
б) туған – туыстар жиналып бір іске көмектесу.
3. Бас пен жамбас кімдерге тартылады?
а) Қыздарға, күйеуге
ә) құдаға, сыйлы адамдарға
б) келіндарге, балаларға
4. Наурыз, Тәуелсіздік күні, 8 – наурыз қандай мерекелер? а) Жалпыхалықтық мерекелер
ә) Отбасылық мерекелер
б) Кәсіптік мерекелер
5. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қай күн? а) 16 – қазан ә) 16 – желтоқсан б) 1 – қазан

ID: 939 | Просмотров: 2888