Сайт учителя начальных классов
.
Жұмбақтар жасыру ( Топтарды жарыстыру)
Табада бар,
Танада жоқ.
Сабада бар,
Санада жоқ.
(«Б» дыбысы)
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
(Балық)
Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл
Үш көзі үш түрлі
Қызыл, сары, жасыл.
(Бағдаршам)
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар.
(Тасбақа)
Суық жақтағы жануар,
Бұтақ-бұтақ мүйізі бар.
(Бұғы) Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық бәріміз
Арайлап атқан күнге!
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің қай айы?
- Ал аптаның қай күні?
Ойын шарты: Суреттерге қарап, олардың қандай дыбыстан басталып тұрғанын айтқызу. Сөзді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату.

ID: 750 | Просмотров: 2608