8 ге көбейту және бөлу

  • Жүктеулер: 887
  • Көрсетілім: 1989
  • Бастауыш сыныпқа арналған презентациялар
  • 22/Фев/2015
Сабақтың тақырыбы: Математикалық олимпиада. 8-ге көбейту және бөлу;
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға 8-ге көбейту және бөлу кестесін меңгерте отырып, қысқы
олимпиада туралы түсінігін қалыптастыру;
Дамытушылығы: есте сақтау, есепті тез шешу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, елжандылыққа, салауатты өмір салтын сақтауға
тәрбиелеу:
Сабақтың түрі: ойын сабақ;
Сабақтың типі: аралас;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекі;
Көрнекілігі: электронды оқулық, интерактивті тақта, компьютер, графопроектор;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу;
- оқу құралдарын тексеру;
- назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсаты мен таныстыру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Математикалық тренажер
7-ге көбейту және бөлу кестесін сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ:
№1 есеп (ауызша)
7*8 =56
(7*8)+8=64 немесе 8+8+8+8+8+8+8+8 =64
8*8=64
8*9=72
Еске түсір! Ереже?
9*8 = 72 8*9 = 72 Көбейткіштердің орындары өзгергенмен көбейтіндінің мәні өзгермейді.
№2 Биатлон
Нысананы көздей отырып, берілген есептердің мәннін дәл табу;

8 * 8 9 * 8 64 : 8 8 * 9 72 : 8 64 : 8
№3 Шаңғылы қос сайыс
36; 24; 18; 12; 48 сандарын бір таңбалы екі санның көбейтіндісі түрінде жаз.
Мыс: 36 24 18 12
9 * 4 8 * 3 6 * 3 4 * 3
№4. Сноуборд (Амалдарды орындау)
(100-52):8= 48:8=6 (48+15):7= 63:7=9
80* (36:4)= 80* 9=720 90 * ( 24:3)= 90*8=720
80 * 9 – 70 *6 = 720-420= 300 72:8+49:7 = 9+7=16
№5. Керлинг ойыны
40:8 * 8*4 * 29+9:3 *
30:5 * 6:2 * 70-8*8 *
№6. Трамплиннен секіру. (Салыстыру)
7*8 * 60
40:5 * 4*3
32:8 * 16: 4
№7. Фристайл.
Қабырғалары 8 см және 2 см болатын тіктөртбұрыш сыз. Осы тіктөртбұрыштың ауданын тап
8 см
2
2 см S-? S=8*2 =16 см

№8. (үйге)

№9. Жанкүйерлерге базарлық
Ш: Қойбүлдірген -8
Шие- ?, 3 есе артық
Барлығы-? жидек
Ш: 8*3 = 24
Ж: Барлығы 24 жидек
№10. Шанғы сайысы
Ш: Үлкен аю- 16 ст компот ішті
Қонжық - ? 8 есе аз
Ш: 16: 2 = 8
Ж: қонжық 8 стакан компот ішті.
Бапкерлерлік кеңес.
А) Электронды оқулықпен жұмыс
Ә) Логикалық есептер
1. Мына құстардың: күшеген, жапалақ, айдарлы құмай және бүркіттің қанаттарының құлашы 3м, 2м, 1м және жарты метр. Бүркіттің қанаттарының құлашы жапалаққа қарағанда үлкен, ал күшеген қанаттарының құлашы айдарлы құмайға қарағанда кішірек, бірақ бүркіттің қанаттарының құлашынан үлкен. Әр құстың қанаттарының құлашын тап.
Жауабы: жапалақ-жарты метр, бүркіт 1м, күшеген 2 метр, айдарлықұмай 3 м.
2. №11 есеп.
Тік төртбұрыштың ауданын 8 есе, 12 есе арттыру үшін ұзындығы мен енін неше есе арттыру керек?
ІҮ. Қорытындылау:
№12 есеп. Хоккей (математикалық тренажер)
6*8 8*5 8*4 32:8 8*8 24:8 72: 8 2*8
Ү. Үйге: №8 есеп 140 бет
ҮІ. Бағалау;

Автор: Тулегенова Айжан Тельагисовна

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.