Сайт учителя начальных классов
.
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.Нұрымова

Күні: 9 желтоқсан 2014

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев « Адамның кейбір кездері», «Әбіш туралы» өлеңдері

Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: «Адамның кейбір кездері», « Әбіш туралы»» өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру
2.Дамытушылық: мәнерлеп оқуға дағдыландыру өлең құрылысына талдауға үйрету
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,слайд, кітап көрмесі т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап,топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу , түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
Санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою
Қорытындылау, бекіту

ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа тақырып бойынша оқушылардың ізденіп келген мәліметтерін тыңдау
Мұғалім сөзі
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамыз күні Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет-Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды. Абай алғаш өлеңдерін досы Көкпай ақынның атымен жарялап жүрген, 1886 жылдан ғана бастап өз атынан шығара бастаған. Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі 40 жасынан. Өз айналасындағы рулықтан, ескіліктен, надандықтан жирене бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайта соның жолын іздейді.«Әрбір ғалым хакім есем, әрбір хәкім ғалым» дейді Абай. Абайдың хакімдігі оның әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді.Абай мұрасын шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болады. 1 өз жанынан шығарған төл өлеңдері, 2 шісі қара сөздері, 3-сі өзге тілдерден әсіресе орысшадан аударған шығармалары. Абай шығармашылығынан орын алатын тақырыптарының бірі – оқу білім іздеу, өнер үйрену мәселесі. Ақын ғылымды қазақ жұртшылығын мешеуліктен құтқару, тығырықтан жол табу мақсатында уағыздады. Абай ғылымды рухани дамудың баспалдығы деп те қараған, қараңғылыққа жаны күйген Абай жұртты надандықтан, сауаттсыздықтан құтқарудың жолы ғылым, өнер деп біледі.
Тақырыппен жұмыс
Абай өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктеріне тоқталу
Ызалы жүрек, долы қол
Улы сия, ащы тіл
Деген өлең жолдарында эпитет сөздердің мағыналарын ашу
ІV. Cабақты меңгерту.
А. Құнанбаев «Адамның кейбір кездері» өлеңді құрылысына талдау
Сөздікпен жұмыс.
Сідет- міндет
Тәбділ -өзгеру
Тағылым-үлгі
Бенде - адам
Абай кім? топтастыру
ІV. Жаңа ұғымда және әрекет әдістерін пайдалану «Болжау» әдісі. «Нағыз азамат» қандай болу керек?

– Абайдың ұлдарының есімдерін білеміз бе?

– …

– Әбдірахман туралы не білеміз?

– Абайдың баласына арнаған қандай өлеңдері бар?


Кітаппен, дәптермен жұмыс

І топ «Кешегі өткен ер Әбіш»

ІІ топ «Тұла бойың ұят – ар едің»

ІІІ топ «Талаптың мініп тұлпарын»

Негізгі мәселе
Басты бағыт
Жанрлық сипаты
Ақынның көңіл – күйі
Әке мен бала Әбдірахман өліміне Жоқтау ӨкінішАщы зар

«Екі жұлдыз , бір пікір» арқылы бағалау

Өлеңде Әбдірахман бейнесі қандай тіркестермен берілген?

Оқушылар топта жұмыс жасайды.

Өлеңнің негізгі идеясын табады.
Білімді жинақтау және жүйелеу
«Бес жолды өлең»
І топ Абай
ІІ топ Әбдірахман
ІІІ топ адамның кейбір кездері

Оқушылар өз ойларын жазып, оқиды.
Оқушылар білімін бақылау
Бүгінгі сабақта не білдің?
Әр топ өз ойларын айтады
Оқушылардың білімдерін жинақтау, талдау

Сабақты қорыту

Абай Құнанбаевтың бізге қалдырған асыл мұралары, өлеңдерінің негізгі тақырыбы.
Қазақтың өз баласын тәрбиелей алмайтынын өткір сынға алады. Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға бағыттап, жөнсіз мінезге баулитынын айтады. Баланы тәрбиелеуде ерінбеуге, жалықпай ұстаздық етуге шақырады.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға- деп, ең тамаша да, жауапты, абыройлы іс- ұстаздық етіп тәрбиелі де білімді шәкірт қалыптастыру әр ұстаздың бақыты деп тапсырады.

Топтар арасында берілген бағаны талқылау, талдау

VІ.Үйге тапсырма
Жаттау
VІІ. Бағалау

ID: 771 | Просмотров: 7706