Сайт учителя начальных классов
.
Оттегі-химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы. -

Оттегі-химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы.

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Химиядан ашық сабақтар Загрузок: 1035 | Просмотров: 3584 | Размер: 27.4 Kb | Автор: Жана
Мерзімі: 22. 01. 2015 ж
Сыныбы: 8 «Б»
Пән атауы: химия
Сабақтың тақырыбы: Оттегі-химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: Оттегі тақырыбын өз беттерінше оқу дағдысын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
Сабатың міндеттері : Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіру.
Ой - өрісін, танымдық көкжиегін жаңа технология элементтерін қолдана отырып кеңейту, тапсырмалар көмегімен белсенділігін арттыру, бағыт - бағдар бере отырып, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
Шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, ұжым арасынан өз ойын ашық жеткізуге, өз өздерін басқаруға тәрбиелеу;
Қолданылатын әдістер мен модульдер: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3.Оқытуды басқару және көшбасшылық . 4.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. 6.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Акт.
Күтілетін нәтиже: Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіреді. Оттегінің пайдасын зиянын біледі, «Оттексіз тіршілік жоқ екенін біле отырып,өмірдің химиямен байланысын ұғындыра отырып қызығушылық туады.Табиғатты аялауға, ауаны ластамауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс- әрекеті Оқушылардың іс -әрекеті ресурстар
3 мин 1.Ұйымдастыру Сәлемдесу
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу:
Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарына және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.
Топқа бөлу Шеңберге тұрып нұсқау бойынша көздерін жұмады.
Топқа бөліну: Атом, молекула, су слайд
5 минут Ой қозғау « Өткенді ұмытпа, ол – болашақтың ұстазы ».
«Ыстық орындық» Тыңда.Ойлан.Жауап бер.
топтар бір-біріне сұрақтар қояды, қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Оқушылар үйде әзірлеп әкелген сұрақтарын қояды. (Әр оқушыға 2 сұрақтан) «Ыстық орындық» болғандықтан, онда көп отыруға болмайды. Ойыншы жауап бере алмаса, топ ішінен бір бала жауап береді немесе топ болып жауап беруі қажет. Слайдтар

1 мин Қызығушылығын ояту 1.Көре алмайсың көзбенен,
Айту қиын сөзбенен.
Далада да,үйде де,
Бірге жүреді бізбенен.(оттегі)
« Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал егер еңбегің нәтижесіз болса, қаймықпа тағы да тырысып көр » Д.И.Менделеев. Жұмбақты шешу арқылы тақырыпты ашады.
Слайд
15 мин

Мағынаны тану

« Жигсо » стратегиясы.Топтық тақырыпты постер арқылы қорғау , ресурстармен жұмыс.
Үш топқа оқулық бойынша параграфтарды бөлу
1-топ: §21, 25
2-топ:§22
3-топқа; § 24
1-деңгей:
0,3 моль оттектің қалыпты жағдайдағы көлемін есепте
2-деңгей:
Калий перманганаты КмnO4 құрамындағы оттектің массалық үлесін % табыңдар.
3-деңгей:
16 грамм оттек алу үшін қажетті калий перманганатының зат мөлшерін және массасын табыңдар. Топта оқып талдайды. Постер құрып оны қорғайды.
1-топ:Топтастыру
2-топ: Ертегі-әңгіме құрастыру
3-топ: Маршрут картасы

Деңгейіне қарай тапсырманы орындап, тиісті ұпайларын алады.

А1 форматты қағаздар, маркерлер
8 сынып оқулығы
Үлестірмелер
Дәптер
Интерактивті тақта
Есептер мен жаттығулар жинағы
7 мин.

Деңгейлік есептер


3 мин

2 мин Химиялық диктант

Тірек сөздер – глоссарий:
• 1)Оттек латын тілінен аударғанда ....деген мағына береді
• 2)Д.И.Менделеев құрастырған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде, оттек элементі ... орында тұр
• 3)Аr(О)=
• 4) Мr(О2)=
• 5) Атмосферадағы оттектің көлемдік үлесі....
• 6) 5О2-нені білдіреді?...
• 7)4О-бұл нені білдіреді?...
• 8) Оттегінің валенттілігі...
• 9) Жер қыртысындағы оттектің массасы...
• 10)Тіршілік газы-...

1. Ағылшын химигі Дж. Пристли -
2. Өршіткі-
3. Дьюар –
4. Швед ғалымы К. Шееле -
5. Оксигениум - Берілген парақшаларға жылдам тек жауапты ғана жазады.
1)оксигениум –қышқыл тудырушы
2) 8
3)16
4)32
5)21%
6) 5молекула оттек
7) 4атом оттек
8) тұрақты (ІІ)
9) 49,13%
10) оттек-кислород-оксигениум Жауаптарын өзара тексереді.

Сабақтағы жаңа сөздерді, ғалымдардың аттарына байланысты ұғымдарды еске түсіреді Интерактивті тақта
парақшалар
5 мин Ой толғаныс Сурет бойынша оқушылардың ойы
Сурет бойынша топта талдау жасап, ойларын жинақтайды. Топтан бір оқушы шығып топтың ойын жеткізеді. Жасыл ағаштың суреттері бар слайд.
3 мин Бағалау Бағалау критерийлері бойынша бағалау
Кері байланыс «Қызықты өтті, белсене қатыстым, түсінікті болды, мен үшін жаңалық» Топ басшысы оқушылардың жауабына қарай жетондар беріп отырады. Сабақ соңында кім қанша жетон жинағынына байланысты бағалау критерийі бойынша бағалайды.
Стикерлерге жазып кері байланыс парағына іледі. Бағалау парақтары
Жетондар
Кері байланыс парағы
1 мин Үйге : § 21, 22, 24, 25 оқу жаттығулар мен есептерді орындау Оттек – тіршілік көзі тақырыбынд эссе жазу

Бағалау критерийлері:
Ыстық орындық: 2 ұпай
Топтық жұмыс : 2 ұпай
Химиялық диктант:
9-10--------«5» ұпай
7-8--------«4» ұпай
5-6--------«3» ұпай
1-4 ------- «2» ұпай
Деңгейлік есептер:
1-деңгей – 2 ұпай
2- деңгей – 4 ұпай
3-деңгей- 6 ұпай
Тірек сөздер – глоссарий: -1ұпай
Суретпен жұмыс – 2 ұпай


Бағалау шкаласы:
20- 24 ұпай – «5»
14-19 ұпай – «4»
8 -13 ұпай – «3»
7-ден төмен – «2»

ID: 967 | Просмотров: 3584