Химиядан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Химиядан ашық сабақтар

Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс.
[ Сайттан жүктеу (191.0Kb) ] 18.11.2015, 01:09

Материалдың жеке номері 2121

Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс.

загрузка...
Сыныбы 9в 3.03.2015ж.
Сабақтың тақырыбы Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс.
Сабақтың мақсаты Білімділік: оқушыларға металдар тақырыбы бойынша алған білім-білік дағдыларын қалыптастыруда есептер шығаруға үйрету, оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой-белсінділігін арттыра отырып,нақты және жүйелі шешім қабылдауға, бйметалдар мен металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, ой-өрісін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: шығармашылық ізденістерін, іскерлік дағдыларын, пәнге, білімге қызығушылықтарын арттыра отырып, өз бетімен білім ала білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже 1. Теориялық білімдерін жүйелей біледі.
2. Есептерді шығаруды үйренеді.
3. Генетикалық байланыстарды жүзеге асыра алады.
4. Топтық жұмыста ұйымшылдыққа үйренеді.
Көрнекі құралдар Слайд, «Ерігіштік кестесі», Н.Н.Бекетовтің «Кернеулік қатары», Д.И. Менделеевтың периодты жүйесі.
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдісі
Есептер шығару, түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап
Пән аралық байланыс Әдебиет, биология, тарих, астрономия

Сабақтың өтілу барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс – әрекеті Тақырыптың (тапсырма) мазмұны Оқушы әрекеті Уақыты
1 2 3 4 5
Ұйымдастыру Оқушылармен
амандасу, түгелдеу,
сабаққа даярлығын
қадағалау. Сандық есептер шығару. «Ерітінділердегі және қоспалардағы әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы реакция теңдеуі бойынша есептеулер. Мұғаліммен амандасады, сабаққа даяр отырады. 2 минут
Үй тапсырмасын сұрау Үйге берген есептерді орындарынан тексеру.

Есептер:
1. Құрамында 7,4 г кальций гидроксиді бар ерітінді арқылы 1,8л (қ.ж.) көмірқышқыл газы жіберіледі. Түзілген тұнбаның массасын табыңдар.
2. Құрамында 12г мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 8г темір үгіндісі салынды. Осы кезде неше грамм тұз түзілгенін есептеңдер.
І кезең «Қызығушылықты ояту» - топтастыру стратегиясы
Үйге берген тапсырма бойынша сабаққа
дайындалады.

2 минут
Жаңа тақырыпты меңгерту Оқушыларға генетикалық байланыстың шығу тегін, есептердің шығару жолын үйретеді. Тақтада слайд көрсетеді. ІІ кезең «Мағынаны ашу» - жаңа сабақ «Инсерт»
1. Периодтық кестедегі металдар мен бейметалдарды өзара қалай бөліп көрсетеді?
Генетика – грекше «генезис» - «шығу тегі» немесе «ұқсастық» дегенді білдіреді.
Генетикалық байланыс дегеніміз – жеке кластардың өзара байланысы арқылы заттардың бір – біріне айналуы немесе бір класс өкілінен екінші класс өкілін алуды генетикалық байланыс дейміз.
1. VIII ғ. Күлтегін жазуында былай жазылған (түріктер дәуірінде). Зат → Тәңірі, Алла, Көк, Қара
аспан жер
↓ ↓ ↓ ↓
Адам Құдай Ата Ана
Құдай ата – ананы жаратқан одан Адам пайда болған екен. Яғни, генетикалық байланыс пайда болып тұр.
2. Әдебиетте: Қазақтың ұлы ақыны философ Ш.Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегінде: «дүниенің тірегі - атом және сол атомның 5 тірегі бар олар бір-біріне өзара айналып отырады» - деген. Олар: туды, өлді, жанды, сөнді, өршіп өнеді.
3. Астрономиямен генетикалық ұғымды былай байланыстыруға болады. Б.э.д. 384 ж өмір сүрген ғалым, философ Аристотель алғашқы 4 элемент туралы теория ұсынды. Әлем 4 элементтен тұрады: ауа, от, жер, су. Егер, осы заттың біреуі өзгерсе, қалғаны бір – біріне айналады деген екен. От → жер → су → ауа → от.
4. Биологияда. Генетика деп – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым екен. Биологияда генетика бөлімінде мынандай сызбанұсқа бар.
Ата – ана → ген → ұрпақ.
5. Химияда.
Металл → негіздік оксид→ негіз → тұз
Бейметалл → қышқылдық оксид → қышқыл → тұз
Мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

8 минут
Бекіту Оқушыларға тақырып бойынша есептер береді. ІІІ кезең «Ой толғаныс» - бекіту тапсырмалары (қосымша тіркеуде)
1. Жұмбақтар:
1. Күміс түсті металл өзі.
Ақ бор, әктас мәрмар еді.
Жер металы десек те,
Сан құрылыстың өзегі.
(Кальций)
Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2
2Ca + O2 → 2CaO
CaO + 2H2O → Ca(OH)2↓
Ca(OH)2 + CO2 → CaCO3↓ + H2O
CaCO3 + H2O + CO2 = Ca(HCO3)2

2. Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі екен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар.
Солардың ең артығы немене екен?
(Темір)
Fe→ FeCl2 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3 → Fe2O3 → Fe
Fe + 2HCl → FeCl2 + H2
FeCl2 + 2NaOH → Fe(OH)2 + 2NaCl
4Fe(OH)2 + O2 + H2O → 4Fe(OH)3
2Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O
Fe2O3 + 2Al = 2Fe + Al2O3
3. Болмаса да айтарлықтай салмағым,
Мен көбіңнен ардақтымын, алдамын.
Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап.
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.
Дюралюминий дейтін менің қоспамды
Әспеттейді химияның достары.
Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен
Бағандардың бұйдаларын қос тағы.
Қағаз да мен қант – шайды сәндеген,
Тоққа балқып келіп тұрған ән де мен.
(Алюминий)
Al → Al2O3 → AlCl3 → Al(OH)3 → Al(NO3)3
4Al + O2 = 2Al2O3
Al2O3 + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2O
AlCl3 + 3NaOH = Al(OH)3↓ + 3NaCl
Al(OH)3 + 3HNO3 = Al(NO3)3 + 3H2O
2. Адасқан формулалар
1) Na → X → Na2SO4 →Ba2SO4
4Na + O2 → 2Na2O
Na2O + H2SO4 → Na2SO4 + H2O
Na2SO4 + BaCl2 → BaSO4 + 2NaCl

2) S → SO2 → Y → H2SO4 → MgSO4
S + O2 → SO2
2SO2 + O2 → 2SO3
SO3 + H2O → H2SO4
H2SO4 + Mg(OH)2 = MgSO4 + 2H2O

3) SiO2 → X → SiO2 → Na2SiO3 → H2SO4 → SiO2
SiO2 + 2Mg → 2MgO + Si
Si + O2 → SiO2
SiO2 + 2NaOH → Na2SiO3 + H2O
Na2SiO3 + H2SO4 → Na2SO4 + H2SiO3↓
H2SiO3 → SiO2 + H2O

3. Жұмбақтас (химиялық жұмбақ)
Жаздың жанға жайлы күндерінің бірінде Алмас шопан атасының үйіне демалуға келеді. Көмекші немересінің келгеніне атасы қатты қуанады. Бір күні қой жайып жүріп, Алмас қара тас тауып алады. Онымен сурет салып көрді де қара із қалдыратынын байқады. Түсте от жағып, сүт пісіріп ішіп, маужырап ұйқысы келеді. Бала ұйықтап кеткенде қолындағы тасы сусып, отқа түсіп кетеді. Тас от алып түтінденеді. Осы кезде жауған өткінші жаңбыр түтінді жерге сіңіреді. Одан ауыр әкті су ағады. Жарқырап күнде шықты. Күн сәулесінің жылуынан әр жерде әкті су, ұзақ кепкен ақ тастар шашылып жатады, оянған Алмас жаңбырдың қара тасты ақ тасқа қалай айналдырғанын көріп таң тамаша болады. Ақ тасты алып жерге жазып, сызып көреді. Оның да өзіндік ізі бар. Қара тас не? Ақ тас қалай пайда болады?

Жауабы: C → CO2 → H2CO3 → Ca(HCO3)2 → CaCO3
7000
C + O2 → CO2
CO2 + H2O → H2CO3
2H2CO3 + Ca(OH)2 →Ca(HCO3)2 + 2H2O
t0
Ca(HCO3)2 = CaCO3↓ + CO2↑ + H2O
4. Кім жүйрік?
№1 есеп.
Массасы 60г пиритті темір(ІІІ) гидроксидін алу мақсатында мына тізбек бойынша химиялық айналуларға ұшыратқан:
FeS2→Fе2O3 →FeCl3 →Fe(OH)3
Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, соңғы өнімнің массасы қандай болғаны?
№2 есеп.
Азот қышқылын ауадағы азоттан мына айналулар тізбегі бойынша:
N2 →NH3→ NO →NO2→ HNO3
Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, 126г азот қышқылын алу үшін ауаның қандай көлемі қажет?
№3 есеп.
Құрамында 65% темір колчеданы бар 1 тонна кеннен шығымы 85% болғанда массалық үлесі 40% тығыздығы 1,037 г/мл қанша көлем күкірт қышқылын алуға болады?
Берілген есептерді тақтада шығарып, талдау. 30 минут
Қорытындылау Жаңа сабақты игере, қорыта отырып оның жетістіктері туралы айтады. Жай заттан бастап әр күрделі заттың өзіне тән ұқсас және әртүрлі қасиеттері байқалады. Соған байланысты олардың бір – біріне айналу заңдылықтары ескеріледі. Мысалы, бастапқы жай зат металл болса, ол оттекке қосылып, негіздік оксид береді. Олар негіздер класына ауысып, одан тұз алуға болады. Егер жай зат бейметалл болса, алдымен қышқылдық оксид, ал одан әрі қышқылға айналып, ақыры тұз алуға мүмкіндік туады. Мұғалімді тыңдап,
бағаланады. 1 минут
Үйге тапсырма беру Әр топқа 2 іске асыру теңдеулерін құрып келулерін тапсырады. Бейметалдар мен металдарға іске асыру теңдеуін құру. Үйге берген тапсырманы дәптерлеріне белгілеп алады. 1 минут
Бағалау Оқушыларды жауап беру деңгейлері ойынша бағалау. 1. Мәтінді түсінбеген, тақырыпты аша алмады
2. Мәтінді түсінген, мазмұндауда жоспардан ауытқу бар
3. Мазмұны тақырыпқа сай көп фактілер бұрмаланған
4. Мазмұны тақырыпқа сай келеді, бірақ ойын баяндауда дәлсіздіктер кездеседі
5. Мазмұны тақырыпқа сай бірақ қажетті қорытындылар жасай алмады
6. Мазмұны тақырыпқа сай, мәтінді толық түсінген, тақырып ашылған, өзіндік ой-пікірін орынды қолданған.
Бағаланып, үзіліске шығады. 1 минут

Қосымша тіркеу
Үй тапсырмасы:
1. Құрамында 7,4 г кальций гидроксиді бар ерітінді арқылы 1,8л (қ.ж.) көмірқышқыл газы жіберіледі. Түзілген тұнбаның массасын табыңдар.
Шешуі:
Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O
ν(Ca(OH)2) = 7,4 г/74 г/моль = 0,1 моль
ν(CO2) = 1,8л/22,4 л/моль= 0,08 моль
ν(Ca(OH)2) = ν(CO2) = 0,08 моль
m(CaCO3) = 0,08 моль * 100 г/моль = 8 г
2. Құрамында 12г мыс (ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 8г темір үгіндісі салынды. Осы кезде неше грамм тұз түзілгенін есептеңдер.
Шешуі:
12г 8 г
CuSO4 + Fe → FeSO4 + Cu
160 56 152г/моль
ν(CuSO4) = 12/160 г/моль = 0,075 моль
ν(Fe) = 8/56г/моль = 0,1428 моль
ν(CuSO4) = ν(FeSO4) = 0,075 моль
m(FeSO4) = ν(FeSO4) * М(FeSO4) = 0,075моль * 152г/моль = 11,4г

ІІІ кезең «Ой толғаныс» - бекіту тапсырмалары
4. Кім жүйрік?
№1 есеп.
Массасы 60г пиритті темір(ІІІ) гидроксидін алу мақсатында мына тізбек бойынша химиялық айналуларға ұшыратқан:
FeS2→Fе2O3 →FeCl3 →Fe(OH)3
Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, соңғы өнімнің массасы қандай болғаны?
Бер:
m(FeS2) = 60г
Т/к: m(Fe(OH)3)= ?
Шешуі:
60г х г
4FeS2 + 11O2 = 2Fe2O3 + 8SO2
ν=60г/120г/моль= 0,5моль (FeS2)
4ν(FeS2)=2ν(Fe2O3)=0,5моль/2=0,25моль
Fe2O3 + 6HCl → 2FeCl3 + 3H2O
ν(Fe2O3)=2ν(FeCl3)=0,25моль*2=0,5моль
FeCl3 + 3KOH → Fe(OH)3 + 3KCl
ν(FeCl3)=ν(Fe(OH)3)=0,5моль
m=0,5моль*107г/моль=53,5 г
Жауабы: m(Fe(OH)3)= 53,5 г
№2 есеп.
Азот қышқылын ауадағы азоттан мына айналулар тізбегі бойынша:
N2 →NH3→ NO →NO2→ HNO3
Егер барлық реакциялар реактивтердің жеткілікті мөлшерімен және шығынсыз жүргізілсе, 126г азот қышқылын алу үшін ауаның қандай көлемі қажет?
Бер:
m(HNO3)=126г
Т/к: v(ауа)=?
Шешуі:
Х г 126 г
2NO2 + H2O = HNO3 + HNO2
ν=126г/63г/моль=2моль
2ν(NO2)=ν(HNO3)=2моль*2=4моль
2NO + O2 = 2NO2
2ν(NO)=ν(NO2)=4моль
4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O
4ν(NO)=4ν(NН3)=4моль
V=4моль/22,4л/моль= 0,18л
0,18 л --- 100%
Х л --- 21%
х = 0,0378л
№3 есеп.
Құрамында 65% темір колчеданы бар 1 тонна кеннен шығымы 85% болғанда массалық үлесі 40% тығыздығы 1,037 г/мл қанша көлем күкірт қышқылын алуға болады?
Бер:
m(руда) = 1000 кг
ω(FeS2)=65%
ω(H2SO4)=40%
ρ(H2SO4)=1,307
Ŋ(H2SO4)=85%
Т/к: v(H3PO4)=?
Шешуі: 4FeS2 + 11O2 = 8SO2 + 2Fe2O3
2SO2 + O2 = 2SO3
SO3 + H2O = H2SO4
FeS2 → H2SO4
ν(FeS2)=1 моль; ν(H2SO4)=1 моль
m(FeS2)= 1моль*120г/моль=120г; m(H2SO4)=2моль*98г/моль = 196г
1000 кг(руда) --- 100%
Х кг --- 65%
Х = 650 кг
120 г(FeS2) --- 196 г (H2SO4)
650 г(FeS2) --- х кг (H2SO4)
Х=1061,62 кг (H2SO4)
m(H2SO4)=1061,62кг

ω(ер.з)= *100%
1061,62 кг (H2SO4) --- 100%
Х кг(H2SO4)--- 85%
Х= 902,38 кг (H2SO4)
m(ер-ді)= *100%= =2255,9 кг
v(H2SO4)=m/ρ=2255,9*103/1,307=1726 л
Жауабы: v(H2SO4)=1726 л
loading...

Автор: Кажиакпарова Аякоз Ерлановна

Жалпақтал аграрлық және технологиялар колледжі

Ұқсас материалдар тізімі:
Бөлім: Химиядан ашық сабақтар | Қосты: Аякоз | Ілмек сөздер: Химия
Көрсетілім: 2029 | Жүктеулер: 601 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 50
Қонақтар: 50
Тіркелгендер: 0