Хлордың оттекті қышқылдары . Йод

  • Жүктеулер: 957
  • Көрсетілім: 1506
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 31/Мар/2015
Сабақтың тақырыбы: Хлордың оттекті қышқылдары . Йод
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға галогендер туралы толық мағлұмат беріп, оларды сапалық химиялық реакциялар жолымен анықтап, тани білуге үйрету;
Ә) дамытушылық: оқушылардың ғылыми түсініктерін дамыту;
Б) тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеп, химия өндірісі туралы бағыт-бағдар беру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі : Шығармашылық сабақ
Көрнекілігі : электронды оқулық, видео материалдар.
Қолданылатын технология : СТО
Сабақ барысы :
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын қайталау
2. Сұрақ- жауап кезеңі
1.Осы затпен ескі үйді аластайды,түсіне қарасаң алтынға ұқсайды
бұл не деп ойлайсыңдар?(күкірт)
2.Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон қабатының
ролі қандай ?
3. Озон қабатының жұқаруы және оны шешу жолдары .
4. не себепті теңіз суын «сұйық кен » д а ( жер шарындағы су өте көп болғандыктан онда еріген тұздардың мөлшері де орасан зор . )
5. Сутек , хлор , азотты пайдаланып қалай аммоний хлоридін алуға болады ? Сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар .
1.Н2+ Cl2 →2НCl
2. N2+H2→2NH3
3. NH3+ НCl→NH4Cl

6.«Ойлан, тап» зертханалық жұмыстарда қауіпсіздік ережесін сақтауға байланысты сөйлемді құрастыру керек. Жасырын сөйлем:

Х Р М Ж Ұ Ш К А Ф
Л О Е Н М А П А Т
Т С І С Ы Р Т Ж А
Е Г Ж І Т А У А С
Н Е Ә Р І Н Қ Е Т
Д Е Т И Б Е А Ж
Жауабы: Хлормен жұмыс істегенде тәжірибені тартпа шкафта жасау қажет

Тес тапсырмасы
№ Сұрақтар А Ә Б
1 1.Таза оттекті бірінші рет алған ғалым
М.В. Ломоносов.
Б.Ә Бектұрұлы
К.Шелле
2. ҮІ топтың негізгі топша элементтері қандай жалпы атаумен біріктіріледі? Халькогендер Галогендер Сілтілік элементтер
3 ОҒ2-дегі оттектің тотығу дәрежесі -2 +2 -1
4 Адам организмінде оттек дене массасының қанша % құрайды? 61% 21% 80%
5 ҮІ А топ элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде қанша электрон бар? 3 5 6
6 1. Галогендер тобына жататындар:
Si, Ca, Mg, Ba, In
F, Cl, Br, I, At
Cl, I, K, At, Na

7 Хлор темірмен әрекеттескенде түзілетін өнім:
темір оксиді (ІІІ)
темір хлориді (ІІІ)
темір хлориді (ІІ)

8 Оттек және күкірт атомдары бір-бірімен .....ұқсас Ядро зарядтары бойынша Энергетикалық деңгей саны бойынша Сыртқы деңгейдегі электрон саны бойынша
9 Галогендердің ішіндегі күшті тотықтырғышы:
F2
Cl2
Br2

10 Күкірт қосылыстарындағы валенттіктер қандай?
І, ІІ, ІІІ
ІІ, ІҮ, ҮІ; ІІ, ІҮ, Ү.

Автор: гульнур Сериковна

ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылы КММ.Крупская атындағы орта мектеп

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.