Сайт учителя начальных классов
.
Тақырыбы “Көпатомды спирттер”.
Сабақтың мақсаттары:
Білімдік – біратомды спирттер туралы білім алушылардың білімдерін бекіту,спирттер класы туралы түсініктерін кеңейту,көпатомды спирттердің құрылысы мен қасиеттерімен таныстыру;
Дамытушылық – спирттердің құрылымдық формулаларын құруда, өз беттерінен теориялық және эксперименттік білімдерін жүйелеу және талдау біліктілігін дамыту ,органикалық заттардың кластарының арасында генетикалық байланыстарды жүргізе білу ;
Тәрбиелік – топтық,жұптық және ұжымдағы жұмыста коммуникативтік біліктіліктерін дамыту ,өздік жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, қоршаған орта үрдістерінің өзгерістерін түсіну үшін химияда жаңа ақпараттық технологияны қолдану керектігіне көздерін жеткізу.
Сабақтың типі – аралас
Сабақтың әдісі –әңгімелеу,баяндау
Сабақта қолданылған әдістер – ауызша (әңгіме,беседа, рассказ), көрнекі (видеотерминал), тәжірибелік (лабораториялық тәжірибе), жаңалықты
( компьютерді қолдану),бақылау (ауызша сұрау, тапсырмаларды орындау ), аналитикалық ( мәліметтерді талдау ).
Сабақтың құралдары –
• Компьютер;Интерактивті тақта;мультимедиялық проектор,слайдтар;
• Электронды оқулық 1С Репетитор. Химия;
• Химиялық реактивтер және құралдар: пробиркалар, штативтер, пробирка ұстағыштар, мыс (ІІ) сульфатының 2 %, глицериннің, натрий гидроксидінің 10 % ерітіндісі.
• Лабораториялық жұмыс туралы нұсқау

ID: 1367 | Просмотров: 5012