Еліміздің көмірсутек шикізаттары

  • Жүктеулер: 836
  • Көрсетілім: 2035
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 19/Ноя/2015
Сабақтың тақырыбы:Еліміздің көмірсутек шикізаттары
Сабақтың мақсаты: а) "Қазақстандағы газ, мұнай, көмір өнеркәсібінің негізгі кен орындары" сабағын өткізгенде мұнай өнімдерінің құрамын, қасиеттерін, алыну, қолдану мәселелерін зерделеу арқылы білім сапасын арттырып, өндіріске жоғары кәсіпті, жан-жақты ақпарат алған маман барады деп сенуге болады.
б) оқушылар еліміздегі көмірсутек шикізатын пайдаланудың негізгі бағыттарымен танысады
в) кен орындарын пайдаланумен қатар табиғатты қорғау, коршаған ортада оң экологиялық жағдай қалыптастыруға жұмылдырылды.
Сабақ ауызша журнал түрінде өтілді.
Журнал парақтары:
1. Сауалхана.
2. "Сөздің көркі — мақал".
3. "Ғажайып табиғат байлығы". Оқушы ізденістері.
4. "Химия тұрмыста". Пайдалы кеңес.
5. Экологиялық досье.
6. Әдеби бет.
7. "Қазақстан - 2030".

Журналдың 1-ші беті: "Сауалхана".
Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1.Отынның агрегаттық күйлерін атап, мысал келтіріңіз.
2.Отынның жану жылуы деген не? Қай отынды жаққанда жылу жылу көп бөлінеді?
3. Қатты отынды өңдеу әдістері қандай? (пиролиз, газдандыру, гидрогендеу).
4. Тас көмірді өңдеуде алынатын 4 өнімді атаңыз. (кокс, кокс газы, шайыр, аммиак).

Кіріспе: Қазақстан газ, мұнай және тас көмірқоры жөнінен әлемдегі табиғи ресурстары бай елдердің қатарына жатады. Көмірсутекті отын, мұнай, және табиғи газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті отынды шығарушы елдердің бірі.
Әлемдік экономикада мұнай рөлі күннен-күнге артып келеді. Соңғы жылдары империалистік саясаттағы барлық дағдарыстар әлемдік мұнай нарығынан бастау алған.
Капиталистік елдердегі мұнай-газ өнеркәсібінің дамуы тарихына үңілсек, ішкі, сыртқы қақтығыстар, үлкенді-кішілі жанжалдар мұнай төңірегінде. Соған қарамастан, адамдар мұнайдың болашағынан үміт күтеді. Жер қыртысынан мұнай өндіруді үйренгеннен бастап мұнай өнімдеріне деген сұраныс толастаған емес. Ең бастысы, энергияның маңызды көзі — отын ретінде бағалануы. Оның жасырын күші космос кемелерін жұлдыздар биігіне көтеріп, ұшақтарға ұшқырлык, автокөліктерге сенімді жүріс береді.
Әлемде өндірістің бірде-бір саласы тікелей не жанама түрде мұнай-химия өнімдерін қолданбай, қалыпты дами алмайды десек, артық айтқандық емес. 1 тонна мұнайдан алынатын өнім 15 тонна сұр көмірден алынатын химиялық шикізаттарға тең. Мұнай — әлемдік өркениет қаны десек, химиялық шикізат — прогресс тамыры.
Мұнай коры жерде әлі көп пе? 1980 жылы 3 млрд. тонна өндірілді, әлемдік салмағы 47%. 2000 жылдан бастап тұтыну қажеттілігі 1,7 есе өсті. Ендеше, адамзатқа мұнай ресурстарын қамсыз қолдануға жол жоқ. Сол себепті, мұнайдың жаңа кен орындарының көздерін, тиімді технологиясын жетілдіру жолдарын іздестіру қажет.
Қазақстан жері де мұнайдан химиялық, технологиялык шикізат даярлауға ден қоюы керек.
Журналдың 2-беті: "Сөздің көркі - мақал". Айтылған мақалдың мағынасын географиялық тұрғыдан түсіндіріңіз.
"Жері байдың — елі бай ".
"Күте білсең, жер жомарт ".

Қазақстан да әлемдік рынокқа отынның көмірсутектер түрін шығаруда. Сол мұнай тарихына үңілсек.
Журналдың 3-беті: "Ғажайып табиғат байлығы".
І-оқушы: « Мұнай өңдеу саласының даму тарихы»
Мұнайды пайдалану ерте замандардан бері келе жатқаны белгілі. Жайық –Жем (Ембі) алабы мен таулы Маңғыстауда жер бетіне шығып жатқан және тайыз құдықтарға жиылған мұнайды қазақтар ерте кезден пайдаланған.
Қазақстанда мұнай іздеу мен барлауға бағытталған бұрғылаулар 1892 жылы Жайық-Жем алабында басталды. Осындағы Қара шүңгіл мұнай кенінде 1899 жылы бұрғыланған ұңғыдан алғашқы фонтан атқылады. Екінші күшті фонтан 1921 жылы 29 сәуірде Доссорда бұрғыланған ұңғыдан берілді. 1914 жылы Мақат мұнай кені пайдаланылуға берілді.
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін мұнайды отын ретінде
пайдаланды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап мұнайдан керосин айыратын қондырғылар салына бастады. Керосин жарықтандыруға пайдаланылды. .XX ғасырдың басынан бастап автомобиль, ал содан кейін авиация көлігі тез қарқынмен дами бастады, ал бұл салаға бензин қажет болды. Сондықтан мұнайды өңдеу процестерін тереңдету қажеттілігі туды, онымен бірге басқа да өнімдер – лигроин, керосин, майлайтын майлар ала бастады.XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап мұнайдан отын мен майлайтын майлардың өндірісімен қатар химия өнеркәсібіне қажетті өнімдер: этилен, пропилен, бутан, бутилен, фенол, бензол шығара бастады.

2-оқушы; "Табиғи газ жайлы".
. Табиғи газдардың негізгі құраушылары: метан (СН4), пропан (С3Н8), бутан (С4Н10|). Қоспалары: тез қайнайтын көмірсутектер (пентан, гексан т.б.) көмірқышқыл газы (СО2), азот (N2), күкірт (8), сутек (Н2), инертті газдар (Не, Nе, Аг, т.б.) 1,5 шақырымға дейінгі тереңдікте табиғи газдардың құрамында метан басым келеді, тереңдеген сайын метанның гомологтары молая түседі.
Табиғи газ шөгінді тау жыныстарындағы органикалық заттардың катогенетикалык түрленуінен түзіледі, шоғырлануы тектоникалық факторларға байланысты. Құрылымдык ерекшелігіне қарай газ иірімдері қатты және тұтас болып бөлінеді. Қатты иірімдер газы шоғырлануға қолайлы жағдайлары бар тау жыныстарында, ал тұтас иірімдер газы тек белгілі бір қабаттан ғана орын алады. Газ және газды-конденсатты кендердің 85%-ы саздармен қабаттаса келген кұмды, құмды-алевритті тау жыныстарында кездеседіҚазақстанда табиғи газдың мұнаймен бірге кездесетін Құлсары, Прорва, Өзен, Жетібай, Қарамандыбас және жеке кендері Шөмішті, Шағырлы, Жақсықоянқұлақ, Жаманқоянқұлақ, Бозой, Қызылой, Теңіз .Табиғи газ -өте бағалы отын. Оны өндеу кезінде метил спирті, формальдегид, ацетальдегид, сірке қышқылы, ацетон, этилен, пропилен, пластмасса, жасанды каучук, жасанды талшық. т.б. көптеген органикалық қосылыстар алынады.

3-оқушы: "Қазақстаңдағы тас көмір кен орындары".
Еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі — көмірдің үлесіне тиеді. Көмір — металлургияда, электр қуатында, коммуналды-тұрмыстық шаруашылықта пайдаланылады. Шикізат ретінде химия өнеркәсібінде қолданылады.
Мемлекетіміздегі көмір өнеркәсібі XIX ғасырдын орта кезенінен бастап Қарағанды мен Екібастұзда игеріле бастады. 1930 жылы алғашқы болып Қарағанды көмір алабы игерілді. 1950 жылдың орта кезеңінен бастап, Екібастұз көмір алабы игеріле бастады. Өткен ғасырдың 80-жылдарында кен орындары Майкүбі, Шұбаркөл, Борлы, 1990 жылдардың басында Қаражыра игеріле бастады. Қазіргі кезде республикамыз-да 13 көмір кен орны мен бірнеше көмір алаптары игерілді. Олардың экономикалық тигізер пайдасы біркелкі емес. Яғни, көмірдің қорына, сапасына, орналасу терендігіне, тасымалдануға қолайлы-қолайсыздығына байланысты.
Қарағанды көмір алабы — орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын — кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Біраз бөлігі электр қуатын алу үшің электр стансаларында энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Көмірі теренде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 м. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдің металлургиялық зауыттары мен электр стансалары.
Екібастұз көмір алабының көмірі тас көмір болғанымен, күлі көп, сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі — көмір қабатының қалындығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай өндіру құны арзан болып келеді. Екібастұз көмірі — республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нәтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары салынған.
Ірі көмір кесіндісі тас көмір кен орындарында, Борлы, Шұбаркөл және Қаражырада шоғырланған.

Журналдың 4-беті: "Химия тұрмыста. Пайдалы кеңес".
1) Тартпаға, тоңазытқышқа көмір кесектерін уақытша адсорбент ретінде (ауасын тазарту мақсатыңда) салып қою.
2) Халық емі — көптен жазылмай жүрген (қотыр) жарақатқа қант шекер сеуіп қойған дұрыс. Қант ауадағы, жарақаттағы да суды өзіне тартып, жарақаттағы микроағзалар қырылып қалады
4-оқушы: Экологиялық досье.
2030 жылы мұнай, көмір және табиғи газды тұтыну дамыған елдерде екі есеге, ал дамып келе жатқан елдерде төрт есеге артады.
Атмосфераға көмірсутектердің көп мөлшерде енуі ғана қауіп төндірмейді, сонымен қатар биосфераға топырақтың, әсіресе судың мұнаймен ластануы да айтарлықтай әсер етеді. Мұнай мен мұнай өнімдері өнеркәсібі дамыған елдерде суды ластандыратын ең көп тараған ластандырғыштар. Әлемдік мұхитты жаһандық ластаушы да — мұнай. Тасымалдау және өндіру кезінде болатын апаттардан, жүзетін немесе су жағаларындағы тұрақты бұрғылардың шығаруынан және тағы басқа себептермен жыл сайын, шамамен, 10 мың тонна мұнай мұхитқа құйылады екен.
Мұнай судан жеңіл болғандықтан, төгілгенде, ол судың бетіне жайылады, сол кезде оның 50-75 %-ы буланады, ал 5%-ға жуығы (негізінен, ауыр уытты ароматты көмірсутектер) суда ериді. Қайнау температурасы 370°С-тан жоғары мұнайдың ауыр фракциялары судын бетінде қалып, біртіндеп тығыздалып, біраз уақыт өткен соң судың түбіне шөгеді. Жер серіктерімен бақылау әлемдік мұхит бетінің 10-15%-ына дейін мұнай қабыршығымен жабылатынын (немесе 35—54 млн. шқ) анықтаған. Бұл қабыршық едәуір тұрақты болғандықтан, мұхит пен атмосфера арасындағы су және газ алмасуларды бұзып, фотосинтез үрдісін қиындатады, су бетіндегі жарық және температуралық режимді өзгертеді. Мұнай астындағы жарықтың үдемелі қарқындылығы 90%-ға дейін кемиді, судың булануы 60%-ға дейін азаяды. Мұхитқа құйылған 1 т мұнай, шамамен, 12 шақырым мұхиттың бетін ластап, ондағы барлык, тірі ағзаны жоюы мүмкін.
Әлемдік мұхитты мұнай мен мұнай өнімдерінін ластауынан қорғау үшін олармен күресудің химиялық әдістері жасалуда. Мұнай дағы бар бетке белгілі бір заттарды, мысалы, балкыған парафинді жібереді, ол мұнайды өзіне қосып алып, қатады. Содан соң қатты массаны су бетінен механикалық жолмен жинап алады.
Мұнай мен мұнай өнімдері жер бетіндегі сулардан гөрі жер асты сулары үшін қауіпті. Мұнай көмірсутектері жер асты суларына түскенде, тұрақтылығын толык сақтайды, сондықтан олар бактериялық ыдырауға немесе биохимия лық тотығуға ұшырамайды.

: "Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі және экология".
Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі — экономиканың мұнай өндіру және өндеу ісімен айналысатын саласы. Қазақстанда алғаш мұнай өңдіру ісі 1899-1900 жылдары басталды. Сол кезден бері елде Ондаған мұнай және газ кеніштері ашылды. Мұнай өндіру ісі республиканың көптеген аймақтарының дамуына жол ашты.
Экономика секторының дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: 1917 жылға дейінгі, кеңестік дәуірдегі және кеңестік дәуірден кейінгі. 1917 жылға дейінгі кезең патша әкімшілігінің қазақ даласына табиғи қазба байлықтарды зерттеу мақсатында алғашқы экспедиция жіберуімен тығыз байланысты. Мұның Өзі Ресейдің отарлау саясатының құрамдас бөлігі болғанымен, Қазакстанның жер қойнауын барлау жолындағы алғашқы зерттеулер еді. Қазақстан мұнай өнеркәсібінің дамуы кеңес өкіметі орнағаннан кейін 20-жылдары басталды. Осы кезенде республиканың экономика мұнай-газ саласы қалыптасты, сондай-ақ, мұнай-газ саласы үшін ұлттық қорлар даярланып, оған Мәскеу мен бұрынғы КСРО республикасы ғалымдары елеулі көмек көрсетті. Теңіз, Қарашығанақ, Құмкөл сияқты бірегей кеніштер де осы кезенде ашылды, бұл кеніштерден мұнай өндіру ісі мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін кең ауқымда және жедел қарқынмен қолға алынды. Қазақстанның аумағында 250-ге жуык үлкенді-кішілі мұнай мен газ кеніштері ашылған. Олардың 100-ден астамы игерілді. Жылына 18,6 млн. мұнайды бастапқы өндеуден өткізетін үш мұнай айыру зауыты жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының аумағында 6 мың шақырымнан астам мұнай құбыры және 11 мың шақырым газ құбыры желісі тартылған.
Атмосфералық ауаның автокөлік түтіндерінен ластану мәселесі халық жиі қоныстанған ірі қалаларға және өндірістік агломерацияға тән. Бұл мәселе және онын зиянды салдары қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен зерттеліп, талқыланды. Қазіргі таңда қалалардың атмосфералық ауасының ластануында саны көбейіп жатқан автокөліктің үлесі мол. Еліміздің ірі қалаларында автокөлік иелеріне, занды және жеке тұлғаларға айыппұл мөлшерін көбейтіп, автокөлік шығарындыларында ластаушы заттардың шектен тыс артқаны үшін әкімшілік әсер етуді қатайту арқылы ластаушы деңгейін төмендетуге болады. Сонымен бірге, бұл мәселені ластаушы заттардың шығарындыларын төмендететін, автокөлік қозғалткышының қуатын арттыратын, отыннын, шығысын үнемдейтін, отын жағылуын толықтай қамтамасыз ететін автокөлік отынына арналған өршіткілер колдануды заң жүзінде міндеттеу арқылы шешуге болады. "Антель" ЖШС 2003 жылы Астана қаласында біркатар автобекеттерде Жапонияда жасалған өршіткілерді қолдану экспериментін өткізді, соның нәтижесінде, алғашқы көрсеткіштерден 2,5 есеге дейін шығарыңдылардың уыттылығы төмендегенін дәлелдеді. Жалпы, біздің жүргізушілерге Еуроодақка мүше елдердің тәжірибесін енгізу керек. Одан кейін экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін автомотор отынын өндіруге, таратуға, импорттауға бақылау орнатып, жауапкершілікті күшейту керек деп ойлаймын. Сол сияқты осы жыл-дын 15-шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген "Еуро-2" экологиялық талаптарының маңызы зор. Себебі, осы суропалық талаптар қазіргі талаптардан екі-үш есе қатаң болып келеді.
Елбасының 2006 жылғы 1-наурыздағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында бір жылдан соң экологиялық кодекс қабылданды. Онда тұңғыш рет заңнамалық түрде орнықты дамудың негіздері бекітілді, Ен біріншіден, кодекске ең үздік еуропалық тәжірибеге сәйкес, қолжетімді үздік технологиялар негізінде кешенді экологиялық рұқсаттар енгізілді. Соған сәйкес, кәсіпорындардың өндіріс күрделілігі қоршаған ортаға тигізетін әсерінің дәрежелері бойынша төрт топқа бөлінді
Журналдың б-беті: Әдеби бет.
Кім айтады ел мен жұрттың өлшемін,
Кенде жатыр күш-қуат пен мол сенім
Кенің бар ма? Жоқ болса, егер жарлысың
Кенің болса, келешегің зор сенің.

Жер-анам мен өз-анам егіз екен!
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам — туды! Жер — ана жетілдірд Осыны өзім өмірге негіз етем.
Әр жыл сайын "Халықаралық жер күні" — 21.03, "Су күні" — 22.03, "Тіршілік күні" - 22.03. аталып өтіледі. Ендеше, дүние жүзі қауымдастығы, әлем болып қоршаған ортаны қорғауға, табиғатпен қоғам үйлесімділігінің тиімді жолдарын қарастыруға барынша жоғары деңгейде атсалысайық.
Қорытынды сөз: "Қазақстан — 2030".
Елбасы "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты жолдамасында: "...Біздің табиғи ресурстарымыз — орасан зор байлық. Алайда, оны дұрыс игере алмасаң, кедейлер қатарынан шығамыз. Сервантес айтпақшы, байлық — байлыққа ие болуда емес, оны ұқсата білуде. Энергетикалық ресурстар шетел инвестицияларын тарту арқылы ішкі энергетика құрылымдарын дамытуда мұнай мен газ экспорты үшін қубырлар арналарынық жүйесін құру. Стратегия осы ресурстардан түсетін келешек кірістерді барынша үнемшілдікпен пайдалануды көздейді".

Автор: Жакенова Манзура Қартқожаққызы

№2 Қаратау колледжінің химия пәні мұғалімі

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.