Сайт учителя начальных классов
.
Пәні.Химия Уақыты
Сынып 11 «а»
Сабақтың тақырыбы: 1-сабақ
№3.1 Алкандар.Алкандардың құрылысы. алынуы, қасиеттері,
Химия . 11-сынып. Алмута «Мектеп» 2011
авторлар: Н.Нурахметов, К.Сарманова, , К.Жексембина
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алкандар, алкандардың құрылысы алынуы, химиялық қасиеттері, табиғатта кездесуі, қолданылуын үйренеді;
Дамытушылық: Алкандар бойынша есеп шығару, тапсырмаларды орындау қабілеттері дамытылады.
Тәрбиелік: Оқушылар өз бетінше жұмыс істеуге, бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтижелер -алкандар туралы түсінеді;
- алкандардың формуласының ұқсастықтарын ажырата алады;
- жалпы формуласын пайдаланып өкілдерін шығара алады.
- алкандардың өкілдерін ажырата біледі.
-алкандардың қасиеттерін пайдаланып есеп шығаруды біледі;
- жоғары дәрижелі сұрақтарға барлығы жауап бере алады;
-бір бірін тыңдай отырып, бір біріне баға бере алады;
-бір біріне ашық сұрақтар қоя алады;
-бірлесіп сийластықта жұмыс жасай алады;

Сабақтың типі Білімді және іс –әрекет әдістерін жетілдіру
Сабақты ұйымдастыру түрі Ашық ойлар сабағы
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер: «күту уақыты» , «қораптағы сұрақтар», «миға шабуыл», «класстер» әдісі, «күту ағашы», «рахмет» әдісі, «бесбармақ әдісі, «рефлекциялық нысана» әдісі, өзін өзі бағалау парақшасы.
Жұмыс түрлері Жеке жұмыс, топтық жұмыс, ұжымдық,
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер Қима қағаздар, оқулық, смайликтер, флипчарт, стикерлер, интербелсенді тақта, таймер
1.Қызығушылығын ояту кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау


1* 1-әрекет Ұжымдық жұмыс.
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру.
Оқушыларға пән аттарын таңдату. Оқушылар химиялық элемент таңбаларын алады

1* 2-әрекет . Әр түрлі элемент таңбалары арқылы топқа бөлу.
1-топ. математика
2-топ. физика
3-топ. биология
4-топ. География
оқышыларды өз топтарына отырғызу. Таңдап алынған пән аттары бойынша топқа бөлініп отырады. Топ мүшелерінің ролдерін бөліп алады. «Бесбармақ» әдісі арқылы көңіл -күйлерін білдіреді.

1* 3-әрекет. Ұжымды жұмыс
«Күту ағашы» әдісі арқылы оқушылардан сабақтан не күтетіндерін анықтау Оқушылар күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндерін жазады.
4-әрекет. Ұжымдық жұмыс.
Ой тастау әдісі бойынша
«Алкан» деген не?
Алкандардың жалпы формуласы?
«Алкандардың өкілдерін атаңдар
Мына формулалар ішінде қандай айырмашылық бар: C3H8, C4H10?
деген сұрақтарға жауап алу. Оқушылар жаңа тақырыпты қаншалық түсінетіндері туралы айтады. Мұғалім оқушының жауабын қадағалайды.
II. Мағынаны ажырату кезеңі

15 * 5-әрекет. Жеке, топтық жұмыс»
«Күту уақыты әдісі бойынша оқулықтың 61-78 бетіндегі тақырыпты оқып шығып өз идеясын айтқызу Оқышылар тақырып мазмұнын жеке оқып танысады. Топтарымен талқылайды, постерге түсіреді, жариялайды «Рефлекциялық нысана» техникасы арқылы бағаланады.
III. ой толғаныс кезеңі.
6- әрекет. Топтық жұмыс.
Терминдермен жұмыс. «қораптағы сұрақтар» әдісі бойынша
тақырыптағы жаңа сөздер, терминдер бойынша топтар бір біріне сұрақтар қояды.
7-әрекет. Жеке жұмыс.
«миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырма беріледі.
1-деңгей.А
1. Төменде келтірілген формулалар ішіндегі қаныққан көмірсутек (1балл)
А)С4H9
В)C3H8
С)C4H9
2. Құрамында 20 сутек атомы болатын, қаныққан көмітсутекте көміртек атомдарының саны (1балл)
А) 8
В) 9
С) 10
2-деңгей.В
3. Молекуллық массасы 86 г/моль қаныққан көмірсутегінің формуласы (2балл)
А) C7H16
В)C6H14
С)C5H12
4. Массасы 506 г этанның зат мөлшерін анықтаңдар. (2балл)
А) 16,8
В) 0,05
С) 152
5. Қалыпты жағдайда пропан ауадан ауыр. (2балл)
А) 1,2
В) 1,5
С) 2
3-деңгей.С
Массасы 80г этан дегидрлегенде түзілген сутектің көлемін табыңдар. (3 балл)
Әр оқушы өзінің деңгейіне сай тапсырманы таңдайды, орындайды. Өзін өзі бағалау парақшасы» әдісімен бағаланады,

5 10-11
4 7-9
3 2-6

7-әрекет. Ұжымдық жұмыс.
«рахмет...» әдісі бойынша өз ойларын білдіреді
Барлық оқушылар түйінді ойларын, бір біріне рахмет айтады. Кері байланыс жасайды.
Мұғалім. Мирзалимова М

ID: 1888 | Просмотров: 4718