Химиядан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Химиядан ашық сабақтар

Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер
[ Сайттан жүктеу (17.7Kb) ] 10.05.2015, 12:43

Материалдың жеке номері 1547

Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер
Сабақ мақсаты
Білімділік: Оқушылардың қанықпаған көмірсутектер жайлы білімдерін одан әрі тереңдету
Дамыту:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, білімпаздылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі:интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:медицина
Сабақ типі: интерактивті
Сабақ жүрісі
1. Ұйымдастыру кезеңі:(кезекшіні сұрау, студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығын қарау)

2. Өтілген тақырыпты қайталау
Қайталау сұрақтары:
1.Алкендердің жалпы формуласы қай көмірсутектер қатарына ұқсас келеді? Айырмашылығы неде?
2. Алкендердегі көміртек атомдарына гибридтенудің қай түрі тән?
3. Алкендердің химиялық қасиеттерін айтып беріңдер.
4.Этиленнің қайда қолданылатынын айтып беріңдер.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Молекуладағы құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер ацетиленді көмірсутектер немесе алкиндер деп аталады.
Алкиндердің жалпы формуласы CnH2n-2
Алкиндерді халықаралық атаулар жүйесі бойынша атау үшін сәйкес алканның атауындағы –ан жұрнағы орнына –ин жұрнағы жалғанып аталады. Мысалы: бутин-1
CH ≡ CH - CH2 - CH3
Алынуы.
Алынуы.
а) Галогенкөмірсутектерден алу.
Қанықпаған көмірсутектерді алкандардың галогентуындыларынан спирттегі сілті ерітіндісі қатысында галогенсутектерді бөлу арқылы алады.
H Br
| | NaOH-тың спирттегі
ерітіндісі
H-C-C-H → HC≡CH
| | -2HBr этин (ацетилен)
H Br
1,1-дибромэтан
Физикалық қасиеттері.
Алкиндердің бірінші мүшесі ацетилен түссіз, иіссіз газ, суда нашар ериді. Гомологтық қатардың салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты қайнау және балқу температуралары артады. Алкиндердің бастапқы үш мүшесі газдар, C5H8- нан бастап сұйық заттар, ал ижоғары алкиндер C16H30 – қатты заттар.
Химиялық қасиеттері. Алкиндердің көптеген химиялық қасиеттері алкендерге ұқсас.
1. Сапалық реакциялары. Алкиндер калий перманганаты қатысында тотығады және бром суын түссіздендіреді:
CH≡CH+Br2 → CHBr=CHBr
1,2-дибромэтен
CHBr=CHBr+Br2 → CHBr2-CHBr2
1,1,2,2-тетрабромэтан
Қолданылуы.
Ацетилен металдарды кесу және дәнекерлеу үшін пайдаланылады.
Өнеркәсіпте ацетиленнен сірке альлегиді, сірке қышқылы, этил спирті, синтездік каучук, пластмассалар және т.б. көптеген заттар алынады.
Бекіту тапсырмалары
Химиялық диктант
Молекула құрамында үш байланысы бар қанықпаған көмірсутектер .................... деп аталады.
Алкиндердің жалпы формуласы ...............................
Алкиндердің бірінші мүшесі ацетилен .................., .............................. газ, суда нашар ериді.
Гомологтық қатардың салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты қайнау және балқу температуралары ......................................
Ацетилен металдарды ............... және .................... үшін пайдаланылады.

Теңдеуді аяқтаңыз:
H Br
|| NaOH-тың спирттегі
ерітіндісі
1. H-C-C-H →
| | -2HBr
H Br

1500
2. CH4 →

3. C2H2 + O2 →

Үйге тапсырма
Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер
loading...

Автор: Бердіғалиева Мейрмамгүл Мұратбайқыз

Жаңаөзен қ/сы, "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі

Бөлім: Химиядан ашық сабақтар | Қосты: Shara80 | Ілмек сөздер: Ацетилен
Көрсетілім: 2058 | Жүктеулер: 699 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5923
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 55
Қонақтар: 55
Тіркелгендер: 0