Сайт учителя начальных классов
.
Тақырып: Трактор және комбайн басқару бойынша жеке сабақ.
ДТ – 75М шынжыртабанды тракторын басқару

№ 2 сабақ тақырыбы: Негізгі қозғалтқышты іске қосу.

Сабақтың мақсаты:
Ғылыми.Оқушылардың трактор басқару дағдыларын және шеберліктерін қалыптастыру, білім көрсеткішін жоғарылату. Бастапқы пікірлеу қабілетін тиянақтау. Сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік. Оқушылардан атқарылған жұмыстың сапасына жауапкершілік сезімін өндіру. Өздік сапасын тәрбиелеу, жұмыстарды анық орындауға үйрету.
Дамытушы: Оқушыларға атқарылған жұмысты кемістіктерін анализ жасауды үйрету. Қозғалтқышты іске қосу жұмыстарында оқушылардың бақылау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:
1. ДТ-75М тракторы
2. Аспаптар жинақталымы
3. Сүрту материалдары
4. Жанармай құю жабдықтары жинақталымы
Өндірістік жұмыстары өтетін оқу объекті: Оқу полигоны
немесе гараж

Сабақтың барысы мен мазмұны:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1 минут
1. Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.
2. Сыртқы көрінісін байқау.
3. Сабақ тақырыбын мақсатын және өтетін жерін жариялау.
ІI. Арнайы технологиядан сұрақтар: 5 минут
1. Қозғалтқыштар қандай салаларға бөлінеді?
2. Заманауи тракторларға қандай қозғалтқыштар орнатылады?
IІI. Кіріс нұсқауы: 5 минут
1. ПД-10 У іске қосу қозғалтқышын оталдыру тәртібі.
2. Іске қосу қозғалтқышы басқару органдарының жұмыс принциптерін түсіндіру.
3. Іске қосу қозғалтқышы және негізгі қозғалтқышының іске қосу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Тематик жоспар бойынша осы жаттығуға әрбір оқушының бір сағаттан уақыт ажыратылады. ДТ-75 М таза, жинақталған, жұмысқа жарамды және барлық еңбек қауіпсіздігі шараларына толығымен жауап беруі керек. Жаттығуды бастаудан алдын ө/о шебері оқушылардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі іс-шараларын сақтауына назар аудару.
Оқушылар жұмыс бастаудан алдын ауысым сайынғы техник қызмет көрсету керектігін, яғни, ДТ-75 М тракторын тазалау, бақылау өлшеу аспаптарын жұмысын тексеру, басқару механизмдерінде май, жанармай және суыту сұйықтығы ақпауын қамтамасыз ету қажеттігін ө/о шебері ескерту керек. Қозғалтқыш картеріндегі майдің деңгейін тексеру, суыту сұйықтығы деңгейін тексеру, қажет етсе еселеу.
Алдымен ө/о шебері оқушыларға қозғалтқышты іске қосуға дайындаудағы комплекстік әдістерін көрсету, кейін ДТ – 75 М қозғалтқышын іске қосу. Қозғалтқыты іске қосуда берілістерді ауыстырып-қосқыш иінтірегінің қалыпын тексеру, Ол бейтарап қалыпта болуы тиіс. Негізгі және іске қосқыш қозғалтқыштың жанармай бактарының шүмегін ашу. Қозғалтқыштың қоректену жүйесіндегі ауаны қолмен жанармай тарту насосы арқылы тартып шығару. Жанармай беру иінтірегін ең шеткі қалыпқа орнату. Үйкелме жалғастырғышты өшіру және Сермер шіріндегі тартпа тегершігін ілінісуін еңгізу. Іске қосу бауының түйінін салу және оны сермерге сағат стрелкасы бойлап орау, баудың екінші жағын қолынызда ұстаныз. Баудың екінші жағын өзіңізге жұлқи тартыңыз – іске қосу қозғалтқышы істеп кетуі керек.
Іске қосу қозғалтқышы оталғаннан соң карбюратордың ауа жапқышын ашыңыз және дроссель жапқышын ашып реттей отырып, иінді білікті кіші айналыста іске қосу қозғартқышын қыздырыңыз. Кейін қалыпты жиілікте айналысты орнатыңыз.
Беріліс механизмінің үйкелме жалғастырғышын бірқалыпты қосу, тетікті тоқтап қалғанға дейін бұру.
Іске қосу қозғалтқышы дизелін 15 минутқа дейін азайту рұқсат етілмейді. 2 – 3 минутқа дейін кіші орта жиілік айналыста дизелді реттелуіне мүмкіндік беріңіз, содан кейін атаулы жиілікке өткізіңіз.
Көпшілік оқу орындарында, әсіресе оқу полигоны жоқ оқу корпустарында, жүргізу жаттығуына өндірістік оқыту шебері екі оқушыны екі сағатқа теориялық сабақтан босатып алады. Сонымен бірге сабақтың ұйымдастырушы кезеңін нұсқамалық өту үшін қысқартады. Сонымен іске қозғалтқышты іске қосуға және ДТ – 75 М ды жүргізуге, іске қосу тәсілдеріне уақыт көбейеді. Бір оқушы қозғалтқышты жұмысқа дайындайды, ал екіншісі бұл уақытта осы операцияларды дұрыс орындалып жатқанын күзетіп отырады, кейін олар бір-бірімен ауысады. Сабақ аяқталғаннан кейін ө/о шебері топ журналына бір-біреуден қозғалтқышты оталдыру тәртібін жазады.
Бекемдеу үшін сұрақтар:
- Іске қосу қозғалтқышы карбюраторының міндеті.
- Сермер венецін тегершікке қандай тетікпен ұштастырады.
- Іске қосу қозғалтқышын қалай тоқтатады?
1. Оқушыларға іс-тәжірибелік тапсырма беру және олардың өзіндік жұмыстары:
Тракторға ауысым сайынғы техникалық қызмет көрсету. Іске қосу қозғалтқышын және негізгі қозғалтқышты оталдыру.
IV. Кіріс нұсқау:
Іске қосу қозғалтқышын алдын-ала тоқтату.
Оталдыру бауын маховикке орау. Бауды дұрыс тарту әдістері.
Жұмыстарды қабылдау және бағалау: 5 – мин.
Жіберілген қателіктерді түсіндіру және бағалау.
Жұмыс орнын тазалау: Тракторды шаң мен ластан тазалау және тұраққа қою.
V.Қорытынды нұсқау: Оқушылардың берілген тапсырманы орындауда дұрыс тараптарын айтып өтемін. Тапсырма бойынша оқушылардың білімдерін текскремін.
1. Негізгі қозғалтқышты жұмысқа қосуда қандай тетіктерден пайдаланылады?
2. Іске қосу қозғалтқышын жұмысқа қосуда қандай тетіктерден пайдаланылады?
3. Іске қосудағы қауіпсіздік ережелері.
Жіберілген кемшіліктерді айтып өтемін және оқушылардың бағасын жариялаймын.

4. Үйге тапсырма:
1. Радичев В.А. стр. 27-28
2. Радичев Г.И. стр. 134-142

ID: 2158 | Просмотров: 3624