Сайт учителя начальных классов
.
Сабақтың тақырыбы: Ұлтарақты пішіп, жапсыру
Сабақтың мақсаты:
1. Коррекциялық білімділік мақсаты:
Оқушылардың ұлтарақпен жұмыстану туралы білімдерін тереңдету және жапсыру бағытында технологиялық әдістермен таныстыру.
2. Коррекциялық дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың есту кемшілігін есепке ала отырып, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету.
3. Коррекциялық тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды материалдарды үнемдеп пайдалануға баулу, құрал жабдықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Былғарыны пішкенде – пішу үстелі, жалпақ тақтайша, кесетін пышақ шаблон үлгісі керек болады.
Құралдарды, былғарыны, пішу деталін жұмыс орнында белгілі бір тәртіппен орналастырамыз. Пішу тақтайшасын негізінен үстелдің сол жағына таман қоямыз.
Пішу деталін, былғарыны, пышақты үстелдің оң жағынан қоямыз, ал қайрақты үстелдің сол жақ алдыңғы бұрышына қоямыз. Ұлтарақтың шаблон үлгісін пайдалану материалына қойған кезде, шығатын қалдықтар анағұрлым аз шығуын көздеу керек.
Былғарының шетіне жақын жерден, шаблон үлгісінің сол жағынан оң қолмен кесіп бастаймыз. ( 1 сурет) Сол қолымызбен шаблон үлгіні материалға басып тұрамыз.
Ұлтарақты пішкенде былғарының немесе басқа материалдың иленген бағытына қарай кесу керек. Ұлтарақтың оң жақ және сол жақ бөлігін былғарының түгі бірдей жерінен кесу керек болады.
Ұлтарақ тұмсықтарымен бір бағытта жатуы керек. ( 2 сурет) Ұлтарақтар бір-біріне ұзындықтары бірдей, сәйкес пішінде болуы тиіс. Ұлтарақтың дұрыс пішілгенін тексеру үшін, оны шаблон үлгіге салып шеттері тұспа-тұс келуін тексереміз.Егер шеттері тұспа-тұс келсе, яғни ұлтарақ дұрыс пішілген. Егер бір пар аяқ киімнің ұлтарақтары дұрыс пішілген болса, онда ұзындау пішілген ұлтарақ аяқты қажайды, ал екіншісі жалпақтығы сәйкес болмаса олда аяққа ыңғайсыздық туғызады.
Ұлтарақтардың оң жағы мен сол жағы былай таңдалады: екі ұлтарақты бір-біріне бет жағымен беттестіреміз. Егер де біріне-бірі дұрыс сәйкес келсе, онда дұрыс таңдалған болады.
Ауыстырмалы ұлтарақты аяқ киімнің ішіне салу үшін әуелі аяқ киімнің ішіндегі негізгі ұлтараққа желімді шашақпен жағамыз. Сосын ауыстырмалы ұлтарақтың астыңғы бетіне желім жағып, кептіріп аламыз.
Сонан соң ауыстырмалы ұлтарақтың біреуін екі қолмен өкше жағынан бастап жапсырамыз.

1 Сурет. Ұлтарақты пішу. 2 Сурет.Ұлтарақтың былғарыға
орналасуы.

ID: 2139 | Просмотров: 2500