Сайт учителя начальных классов
.
Күні: 20.11.2015.

Сабақ тақырыбы: «Бульдозерді жұмысқа дайындау»

Мақсаты: Бульдозерді жұмысқа дайындау тәртібі және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйрету.

Тәрбиелік: Өз кәсібіне қызығушылығын арттыру, колледж техникаларын жақсы сақтауға, отансүйгіштікке шақыру, қарым-қатынас және адамгершілік рухында тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кілттер, оталдыру жіпі, бульдозер, трактор.

Өндірістік оқыту сабағы өтетін жер: колледж гаражы

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: (3-мин )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Сыртқы формаларын көріп шығу.
Сабақ тақырыбын және мақсатын айтып өту.

Арнайы технологиядан сұрақтар: (10-мин )
1. Бульдозердің міндеті қандай?
2. Бульдозердің құрылысын айтып бер.
3. Қайырманың түрлері қанша?
4. Гидро жүйенің міндеті не?
5. Бульдозерді трактордың базасы қандай?

Кіріспе нұсқаулық (25-мин )

Оқушыларды сабақта атқарылатын жұмыстармен таныстыру. Бульдозерді жұмысқа дайындау үшін алдымен ЕТО өткізу керек.
1. Бульдозерді шаң мен лайдан тазалап алынады.
2. Майын, суын, жанармайын, электролитін ақпауын тексеріп, қажет болса ақауларды жөндеу.
3. Картердегі май деңгейін тексеріп, азайған болса, толықтыру керек.
4. Бульдозер бакына жанармай құю.
5. Радиатордағы су деңгейін тексеру қажет болса толықтыру.
6. Бақылау құрылғылары, жарыту және сигнал беру құрылғыларының жұмысын тексеру.
7. Шебердің рұқсатынсыз қозғалтқышты оталдыруға, агрегатты қосуға болмайды.
8. Қозғалтқышты оталдыруда және агрегатты жинақтағанда оқушылар техника қауіпсіздігіне ерекше назар аударуы қажет. Әрекетті бастау алдында трактор және бульдозердің жолында кедергі жоқтығына көз жеткізу туралы өндірістік оқыту шебері айтып өтеді. Орнынан қозғалу алдында артқа және алдынға қарап алу қажет. Кейін ең төмен жылдамдықта сцепления муфтасынан аяқты алмай қозғалу керек. Егер агрегат қыялықта құрастырылса, екінші аяқты тежеуіш педалында ұстап тұру қажет, сонда агрегатты қажетті орында ұстап тұруға мүмкіндік болады. Өндірістік оқыту шебері операциялардың орындалу кезегін бақылап тұруы қажет. Отвалдың кесу бұрышын мұқият саздау керектігін өндірістік оқыту шебері көрсетіп отыруы керек.

Оқушыларға практикалық және өзіндік тапсырмалар беру. (10-мин )
Оқушыларды техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізу, оқу техникалық құжаттарымен таныстыру. Оқушыларға құрал-жабдықтарды, оқу-техникалық құжаттарын беріп, жұмыс орындарына қойып шығу.

Ағымдағы нұсқаулық (300-мин )

1-айналым. Бульдозер қозғалтқышына ТК өткізу.
2-айналым. Бульдозер сыртына ТК өткізу.
3-айналым. Техника қауіпсіздігін сақталуын қадағалау.
4-айналым. Бульдозер түзегіштерінің саздығын тексеру.
Өз бетімен жұмыс істегенде өндірістік оқыту шебері оқушыларды бақылап отыруы керек және барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етуі керек.
Өндірістік оқыту шебері оқушыларды айналып жүріп, тапсырмаларды дұрыс орындалып жатқандығын, аспаптарды дұрыс пайдаланып жатқандығын, жұмыс орындарының тазалығын тексеріп отырады. Қажетті жағдайда оқушыларға қосымша сұрақтар беріп, тапсырмалар беруі мүмкін. Жұмыс барысында өндірістік оқыту шебері қорытынды нұсқаулық беру үшін қажетті материалдар жинайды.

Жұмыстарды қабылдау және бағалау: (5-мин )
Тапсырмаларды орындаудағы үлгілі жақтарын ерекше айтып кету.
Дұрыс жұмыс әдістеріне мінездеме беріп кету. Қателіктерді талқылап, оларды болдырмау жолдарын түсіндіру. Оқушыларға қойылған бағаларды негіздеп есіттіру.

Жұмыс орнын тазалау (5-мин )
Жұмыс орнын тазалап, аспаптарды жинап, бульдозерді тұраққа қою.

Қорытынды нұсқаулық (7-мин )
Қорытынды нұсқаулық кезінде өндірістік оқыту шебері оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жол қойылған қателіктер туралы практик кеңестер береді. Машиналарды жұмысқа дайындаудағы білімдерін жетілдіру қажеттігін ескертеді. Атқарылған жұмыстарға қойылған бағалар жарияланады. Кейінгі сабақтың тақрыбын айтып, үйге тапсырма береді.

Үйге тапсырма: (1-2-мин )

Заманауи бульдозерлер туралы мәліметтер жинап келу.

Ө/о шебері: Рахманкулов Т


ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ – НҰСҚАУЛЫҚ КАРТА

Мамандығы – Жол және құрылыс жұмыстары машиналарының машинисі

Сабақ тақырыбы – Трактор мен бульдозерді жұмысқа дайындау.

Мақсаты – Трактор мен бульдозерге алғашқы техник қараудың әдістерін үйрену. Отвалды артқы жырту бұрышына орнату.

Тапсырманы орындау кезеңі Тапсырманың орындалу шарттары Жиһаздар мен аспаптар

І. ДТ – 75 М тракторына күнделікті техникалық байқау жүргізу

ІІ. Бульдозерге күнделікті техникалық байқау өткізу және жұмысқа дайындау

ІІІ. Бульдозерді тракторға қосужәне агрегатты әрекетке келтіру
1. Тракторды шаң мен ластан тазарту. Трактордың сыртқы қатырмаларын тексеру
2. Электролит, май, су, жанармай жағдайын тексеру.
3. Негізгі және қосу қозғалтқышындағы бактың жанармайын тексеру, қажет болса толтыру.
4. Негізгі қозғалтқыштың картерін тексеру, қажет болса май құю. Жанармай сорғышын және регуляторын тексеру.
5. Радиатордағы су деңгейін қажет болса құю.
6. Трактор қатты шаң жағдайында істегенде радиатордың қорғаныс сеткасын тазалау.

1. Бульдозерді шаң және лайдан тазарту.
2. Отвал пышақтарын тексеру, қажет болса тартып қою.
3. Бульдозердың барлық бірікпелерін, бөлшектерін тексеру.
4. Тексеру кезіндегі барлық ақауларды жөндеу.
5. Отвалды артқы жырту бұрышына орнату.

1. Қозғалтқышты оталдыру, бақылау приборларын тексеру.
2. Бульдозерге жақындап, тракторға қосу.
3. Бульдозерді әрекетте байқап көру, жерді жоспарлау үшін схема таңдау.
4. Бульдозерді тұраққа қою.
5. Қозғалтқышты өшіру. Центрофуганы жұмысын тексеру.
6. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
Трактор
ДТ – 75 М аспаптар жинағыжанармай материалдары, су.

Трактор Бульдозер ДЗ-42 аспаптар жинағы май құю жабдығы.

Трактор
ДТ – 75 М Бульдозер ДЗ-42 аспаптар жинағы

ID: 2198 | Просмотров: 3164