Технологиядан ашық сабақтар

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Технологиядан ашық сабақтар

Ашытылған ұн дайындау
21.11.2015, 00:02

Материалдың жеке номері 2146

Ашытылған ұн дайындау

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
Қызылқұм ауыл округі
Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің технология пәнінің мұғалімі Омирбекова Мейрамкүл Жұмағалиевна

№7сабақ 8-сынып
Сабақтың тақырыбы : Ашытылған ұн дайындау
Сабақ мақсаты: - ашытылған қамырдан тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
- танымдық қызығушылықтарын дамыту.
- ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық сабақ.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету, уйрету.
Құрал жабдықтар: тегеш, электр пеші, қалып.
Азық-түліктер: ұн -1,5 стакан, 0,5 –шай қасық сода, дәміне қарай тұз, 250 гр -қаймақ, 3-4 қызанақ, 100-150 гр сыр, 1-2 пісірілген жұмыртқа, 10-15 г көкшөптер, 1- шай қасық өсімдік майы.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезені.
II. Үй тапсырмасын тексеру. (Миға шабуыл).
II. Венн диограммасы. (көжелерді салыстыру)
III. Мен таңдаған мамандық (Жаңа сабақ)
IV. Сарамандық жұмыс.
V. Постер жасау. (сабақты бекіту)
VI. Қорытынды.
I. Ұйымдастыру кезені:
а) Топқа бөлу.
Б)Психологиялық ахуал қалыптастыру. Қыздар шеңбер болып тұрып, әр қыз жанындағы қызға есімінің бас әрпінен келетін сын есім сөз айтады.
II. Үй тапсырмасын тексеру. –Көженің түрлері.
І топ - Көже түрлері
ІІ топ – Етпен кеспе көже дайындау технологиясы.
ІІІ. Венн диограммасы. (үй тапсырмасын бекіту. көжелерді салыстыру)
IV. Жаңа сабақ. Қамырдан жасалған тағамдар мен кондитерлік өнімдер көптеген халықтардың аспаздық өнерінде елеулі орын алады.
Мысалы: а) ұннан жасалатын тағамдар әр түрлі қамырдан және көп ассортиментте пісіріледі; олар: нан, бөлке, батон, тоқаш, күлше, бауырсақ т.б;
ә) ұннан жасалатын аспаздық өнімдер: құймақтар, бәліш, пирог, тұшпара, мәнті;
б) ұннан жасалатын кондитерлік өнімдер – торттар, кекстер, печенье, вафли, пряниктер.
Ашытылған қамыр дайындау үшін келесі қойылған талаптарды орындау қажет: а) ұнмен ашытқының сапасы – ұн ылғалдығы бірқалыпты, бөтен иісі жоқ болуы тиіс. Ұнның ылғалдығын қолмен сығымдау арқылы біледі, егер ұн қолмен қысқан кезде түйіршектелмей, есіліп тұрса, онда оның ылғалдығы жақсы деп есептеледі. Ашытқы жеңіл үгітіліп, оның өзіне тән түсімен иісі болуға тиіс.
ә) ашытқы мен сүт қышқылды бактерияларды әзірлеуге арналған шарттар.
Қамырды салқын ұннан илеуге болмайды. Ашытқыны езіп, қамырға араластырып, 25 – 30 температурада көтерілгенше ұстайды. Қамырды ашыту кезінде оны қақпақпен емес, таза сүлгімен жапқан дұрыс.
Енді ашытқылы қамырды дайындау технологиясын қарастырайық.
1. Қамырды илеу – ұнды илеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт, су қосады.
2. Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып спирт пен көмірқышқыл газы түзеледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.
3. Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.
4. Ұсақ өнімдерді пісіру 10-12 минут, ірі өнімдерді пісіру 45 – 60 минут, пісіру температурасы 200 – 250 С.
ІV. Мен таңдаған мамандық
Мына сұрақтарға жауап беріп, әр сұрақтан «Қамырдың құпия сырын» білетін боламыз.
І топқа.
1. «Ат адамның қанаты - ....
2. Эластин қай етте аз?
3. Сірне қандай тағам?
4. Кимешекті кімдер киген?
5. Шала өнімдерді ата?
ІІ топқа.
1. Алтын күміс ас екен- ....
2. Гистамин қай мал етінде көп?
3. Шыж-мыж қандай тағам?
4. Сәукелені кімдер киген?
5. Ет тағамдары ата
-Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз
-Бәлішті пісіру пешіне салмас бұрын, 15-20 минутқа қойып қойыңыз. Керісінше жағдайда бәліш ұзақ пісіп, дұрыс көтерілмейді.
-Қамырды суға илегенше, сүтке илеңіз. Осылайша оның иісі де, түсі де жақсырақ болады
-Қамырдың құрамында тым көп қант болса, бәліш тез қызарып, күйіп қалады. Қамыр қажетінше көтерілмей қалуы да мүмкін. Сондықтан қантты көп қосқанша, кемірек салыңыз.
-Бәліш нәзік болып пісуі үшін, қамырға жұмыртқалардың тек сарысын қосыңыз
- Қамыры көп үлкен бәліш пен нандарды өте баяу отта пісіріңіз, осы жағдайда ортасы піспей қалмайды.
Ашытылған қамырдың 3 сағаттан артық көтерілуін күтпеңіз.
-Бәліштің бетін жұмыртқаның сарысымен, сүтпен, қант қосылған сумен жақсаңыз, беті әдемі қызарады.
-Бетіне қант ұнтағын себетін болсаңыз, бәлішті алдын ала маймен жаққан дұрыс.
-Қамырда неғұрлым көп май және азырақ су болса, ол дәмдірек болады.
-Бәлішке ас содасының шамасын тура мәзір бойынша салыңыз, керісінше жағдайда оның иісі бұзылып, күңгірт болып қалады.
-Қамыр ашып, көтеріліп үлгерсе, ал сіз оны пісіру пешіне қоюға уақытыңыз болмаса, бетін ылғал қағазбенжабыңыз
-Ал енді ашытылған қамырдан картоп салынған бәліш дайындайық
V. Сарамандық жұмыс
Қажетті ыдыс-аяқтар: – қамыр илеу үшін табақ, азық-түліктерді турайтын
тақтайша, электр духовкасы немесе таба.
Азық түлік: 1 кг – ұн, 1 стакан су, 4 ас қасық күнбағыс майы, 1- жұмыртқа.
Салма үшін – 1 кгкартоп, 1 – бас үлкен пияз, 50 гсары май, тұз, ұнтақталған қара бұрыш.
Жұмыс барысы:
Салманы дайындау
1. Пиязды аршып, ұсақтап турап, сарымайда алтын түстес болғанша қуыру.
2. Аршылған картопты пісіру.
3. Суын төгіп, картопты езу, қуырылған пиязды қосу.
4. Бұрыш, тұз қосып араластыру.
5. Бөлме температурасына дейін салқындату.
Қамырын дайындау үшін
1. Ұнды илеу.
2. Ұнға араластырылған ашытқыны, су, сүт, жұмыртқа, қант, тұз, майды
қосып, бостау етіп қамыр илейді,
3. Дайын қамырды кішкентай күлшеге бөліп, жұқалап жайып, ортасына
салма салып бүгеді.
4. Бәлішті майлаған қаңылтыр табаға салып, толықсытуға қояды.
5. Жұмыртқаны араластырып, бәліштің бетіне жағып қояды.
6. Нан пісіруге арналған шкафта 200-250С температурада 10 – 12 минутқа
қойып пісіреді, немесе сұйық майға қуырады.
Дайын піскен бәліштің дәмін көру, жетістіктерін талқылау.
VІ Постер жасау.
І топ. Ұннан жасалатын аспаздық өнімдері
ІІ топ. Ұннан жасалатын кондитерлік өнімдері
Сергіту сәті : Сандарды кішісінен үлкеніне ұарай қойып астындағы әріптерден сөйлем құра.
І топ 18 23 35 47 55 68 71 82 96
ІІ топ 112 124 135 146 157 161 175 188
Тәбетіңіз ашылсын! Деген сөзі шықты, осындай сөздерді дастархан басында жиі айтып, қолданып жүрейік.
VІІ. Сабақ қорытындысы:
а) Әрбір оқушының жұмысын бағалау. Баға қою
. ә) Үй тапсырмасын беру: Тамақ әзірлеу
loading...

Автор: Омирбекова Мейрамкүл Жұмағалиевна

Бөлім: Технологиядан ашық сабақтар | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1183 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5917
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 60
Қонақтар: 60
Тіркелгендер: 0