Сайт учителя начальных классов
.
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы,
Сарға селосы,
«Бейнеу мектеп-интернаты» мм-нің
бастауыш сынып мұғалімі
Сейсенбаева Ләззат
Тақырыбы: Жақсы бала-жанған шырақ.
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, мейірімді бола білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Бала бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін, өмірге деген жақсы көзқарастарын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: шырақ жағу, сұрақ-жауап, көрініс көрсету,ой толғаулар.
Барысы: Ұйымдастыру.
2. Шырақ жағу.( қандай сезімде болдыңдар? )
3. « Жақсы бала – жанған шырақ» деген сөзді қалай түсінесіңдер? ( мағынасын ажырату)
Жақсы бала қандай болу керек, жақсы қасиеттер, олар қандай? Бұл сұрақтарға жауап іздеп көреміз.
4. Топқа бөлу. ( әріптерді таңдау)
1-топ: Ізет» тобы.
2-топ: « Әдеп» тобы.
1-бөлім
« Жақсы деген немене, жаман деген немене...»
1-тапсырма: (Адам бейнесі ілінеді.)
1-топ: Жақсы қасиеттерді жазып іледі.
2-топ: жаман қасиеттерді жазып іледі.
Абайдың өлеңі оқылады.
2-тапсырма:
1-топ: 5 жақсыны тауып, іледі.( слайдтан көрсетіледі) Өлең оқиды.

Талап, еңбек.

Таудай болсын талабың,
Еңбекті сүй қарағым,
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішін

Қанағат,рақым.
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Қанағат қарын тойғызар.
Қолда барды үнемде.
Терең ой.
Ашуланба долданып,
Жауап бергін ойланып,
Аңдап сөйле қашанда.
Сөздеріңе ой салып.

2-топ: 5 дұшпанды тауып, іледі. ( слайдтан көрсетіледі) Өлең оқиды.

Өтірік:
Жаман нәрсе өтірік,
Алдап кету « иә» деп.
Өсек айту көпіріп,
Одан асқан қиямет.
Өсек:
Айыратын қақ бөліп,
Достарыңды сүйкімді.
Маңайлатпа сақ болып,
Өсек деген итіңді.

Қызғаншақ:
Досқа жауып жаланы,
Жүрегіңе ызғар сап.
Жүретұғын баланы,
Деп атайды қызғаншақ.

Мақтаншақ:
Үшінші дерт- мақтаншақ,
Бас өнері – тіліңде.
Осы бастан сақтансаң.
Қор болмайсың түбінде.

Жалқаулық.
Төртіншісі-жалқаулық,
Ерінгеннен ертең деп.
Еңбек етпей әр тәулік.
Бос сенделер селтеңдеп




-Осы адамды өзіміз деп есептеп, жаман қасиеттерден арылып, шырақтай жарқыраған жақсы адам қалпында қала білуміз керек. Ол үшін топтық тапсырмалар орындаймыз.
2-бөлім
« Тәрбие әлеміне саяхат»
3-тапсырма:
Суреттермен жұмыс.
Слайдтан әр топқа сурет беріледі, сол бойынша оқушылар сөйлейді.
1-топ: ( үлкенге орын беру, көмектесу, үлкеннің айтқанын тыңдау, еңбексүйгіштік туралы суреттер)
2-топ: ( сәлемдесу,тазалық, мейірімділік, қайырымдылық туралы суреттер)
4-тапсырма:
Топқа сурет беріледі, сол сурет бойынша көрініс көрсету.
1-топ: « Телефонмен сөйлесу әдебі»
2-топ: « Дастархан әдебі»
Суреттегі жаман қасиеттерді алып тастау.
Сергіту.
« Мен қандаймын?» психологиялық тренинг.( Слайдтан көрсету)
Ситуациялық жағдайлардан шығу. « Не істер едің?» ( слайдтан көрсету)
« Сұрағыма зейін сал!» ( сыйқырлы сөздермен танысу) Слайд.
3-бөлім
« Жақсы бала – жанған шырақ»
« Біз қандай болуымыз керек?» ( топтастыру)
Осы тапсырмаларды орындау арқылы бойымызға қандай адамгершілік қағидаларын сіңіре білуіміз керек. Сонымен,
« Адамгершіліктің қарапайым қағидалары» ( слайдтан көрсету.)
Кері байланыс.Күн. Жаңбыр. Бұлт.
« Ана өсиеті» өлеңін оқу.
Олай болса, жаман қасиеттердің бәрін осы жағаға тастап ,бүгін көрген, білген тамаша, жақсы қасиеттердің бәрін боймызға дарыттық деген сеніммен « Жақсылық» көпірінен басымызды көтеріп, күлімдеп, жаңа бағытқа өтейік!
Көпірден өту.
Ән.
Қорытынды.

ID: 1677 | Просмотров: 4187