Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Қыс қызығы
[ Сайттан жүктеу (20.6Kb) ] 13.05.2015, 00:22

Материалдың жеке номері 1565

Қыс қызығы

загрузка...
Тіл дамыту сабағынан
«Қыс қызығы» картинасына әңгіме құрастыру
тақырыбына
ашық сабақ конспектісі.
(ересек топ)

Тәрбиеші:Бакеева Ф.Т.

Екібастұз қ., 2015ж.
Бакеева Фарида Токтаровна
Павлодар обласы,Екібастұз қаласы
№8 «Теремок» балабақшасының тәрбиешісі.
Білім беру саласы: Қатынас,шығармашылық.
Бөлімі: Тіл дамыту,сурет салу.
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Шығармашылықты әңгіме құрастыруды жетілдіру.
1)Картинадан нақты нысананы бөліп алуды және оған ат қоя білуді, жұмбақ маз мұнын аша білуге үйрету.
2)Монолог тілін дамыту;бөлініп алынған нысандарды сызба арқылы қосуды,олар
жайында шығармашылықты әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру.Тіл байлықтарын кеңейту:қыс қатты,аязды,қар сықырлайды,жылтыр,тайғақ.
Зейіндерін,естерін,байқағыштықтарын,шығармашылықтарын,қиялдарын дамыту.
3)Достыққа,бір-бірін тыңдауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Технология: ТРИЗ
Құралдар: «Қысқы ойындар»картинасы,нысандардың үлгілері,мольберт,сиқыр
лы таяқша,сиқыршылардың суреттері, «сиқырлы» фломастер.
Сөздік жұмыс: аязды,сықырлайды,боран,тайғақ,жылтыр.
Билингвальды компонент: қыс қатты – железная зима,аязды – морозная,қар
сықырлайды –скрепучий снег,жылтыр – блестящий,тайғақ – скользкий.
Алдын-ала жасалатын жұмыс:
1.Табиғат құбылыстарын бақылау.
2.Қыс мезгілі,қысқы ойындар туралы иллюстрацияларды қарастыру.
3.А.Құнанбаевтің «Қыс»,Н.Жанаевтің «Қыста»өлеңдерін,орыс халық ертегілерін
«Екі аяз», «Аяз» оқып беру.
4. «Қыс келді» атты тақырыпқа әңгімелесу.
5.Қыс туралы жұмбақтар,мақалдар оқу.
6. «Біз қыста қалай ойнаймыз?» атты тақырыпқа өз тәжірибелерінен әңгіме құрау.

Оқу іс-әре
кетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивац.
қозғаушы. Шаттық шеңбері:
-Сәлем Күн!
-Сәлем Жел!
-Сәлем Жер!
-Сәлем саған туған ел!
- Балалар,бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді
жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз.
Жұмбақ:
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы,коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? Бірге өлең сөздерін қайта
лайды.

Қызығушылық танытады.

Мұқият тыңдап,шешуін
табады.

-Қыс мезгілі.
Ұйымдаст.
ізденістік -Дұрыс,қыс мезгілі.Қалай ойлайсыңдар ,неге «қыс
тың қамын жаз ойла», «мұрныңды аяздан сақта»
деп айтады?
-Балалар,айтыңдаршы қыста қандай өзгерістер бо
лады?

-Қыс қандай болады?

-Сонымен қатар,қыс мезгілі балалардың сүйікті қыс
қы ойындарының мезгілі.Қандай қысқы ойын түрле
рін білесіңдер?

-Қыста сендер әртүрлі ойындар ойнайсыңдар.Бүгін
мен сендерге «Қыс қызығы» атты картина арқылы
әңгіме құруды ұсынамын.
-Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?
-Оны қайдан білдіңдер?
-Тағы қайдан?

-Ауа-райы қандай?

Ойын «Дүрбі»
-Қолымызға дүрбімізді алып картинаны зерттейміз.
Бізге досымыз «Бәрін бөл»сиқыршысы көмектеседі.
(«Бәрін бөл» сиқыршысының суретін іледі.)
-Ол нысандарды бөлуді талап етеді.Жақсылап қараң
дар,суретте кімдер,нелер бейнеленген?
-Кәне кім қандай нысанды бөліп алады?

-Суретте үлкен адамдар не істеп жүр?
-Балалар не істеп жүр?
-Олар қалай киінген?
-Суретші суреттегі адамдардың көңіл-күйлерін қа
лай суреттеген?

Сергіту сәті: «Аққала»
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз,үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.

Ойын «Дос іздеймін»
(«Бәрін қос» сиқыршысының суретін іледі.)
-Енді бізге «Бәрін қос»сиқыршысы келді,ол нысан дарды бір-бірлерімен қосып,дос іздеуді сұрайды.
(бала-шана,балалар-аққала,бала-коньки,үлкендер-
шаңғы,қар-ағаш т.б.)

-Балалар,келесі сиқыршыларымыз бізді сиқырлы саяхатқа шақырады,барамыз ба?
-Сиқыршылардың аттары: «Бәрінестимін», «Бәрін қолыммен сипаймын».(суреттерініледі)
-Бұл сиқыршылар бізді картинаға енуімізді сұрайды,
көзімізді жұмып сиқырлы кілемге отырып ұшайық.
Ойын: «Картинаға ену».
(шығармашылық тапсырмалар беріледі)
-Не естіп тұрсыңдар?
-Не сезіп тұрсыңдар?

Сергіту сәті:
Боран гулеп соғады,
Айналаны орады.
Баста – тымақ,
Үстінде – тон.
Қайсар қалай тоңады?

Аяғында – саптама,
Өзіне дәл,шақ қана.
Қолда –қамшы,астында – ат.
Мақта,мейлі
Мақтама.
Қайсар бейне атамдай,
Қой қайырған шопандай.

-Балалар,картинадан шығып топқа қайтатын уақыт
келді.Барлығымыз көзімізді жұмып сиқыршыларды
бізді қайтарсын деп өтінейік.(топқа оралу)
-Балалар,бізге тағы бір сиқыршы қонаққа келіпті,
оның аты «Уақыт көлігімен» екен.
-Бұл сиқыршы суреттегі бір кейіпкерді таңдап,сол
кейіпкердің атынан осында келмес бұрын не болды,
содан кейін не болатыны жайлы әңгімелеуді сұрай
ды.Әңгімелеріңе ат қойыңдар.Әңгімені қалай бастай
тындарыңды,оны қалай жалғастыратындарыңды ,не
мен аяқталатынын анықтап алыңдар.Бір-бірлеріңнің
сөздеріңді қайталамауға тырысыңдар.

Өз ойларын айтады.

-Қар жауады,суық жел со
ғады,күннің көзі аз қызды
рады т.б.
-аппақ,суық,аязды,қырау
лы,қарлы,мұзды т.б.
-Шанамен сырғанаймыз,
шаңғы,коньки тебеміз,қар
лақтырып ойнаймыз,аққа
ла жасаймыз т.б.

Балалар орындықтарына
отырады.

-Суретте қыс мезгілі бейнеленген,өйткені айнала аппақ қар,адамдар жылы киінген.
-Картинаның аты «Қыс қызығы» болғандықтан.
-Ауа-райы ашық,аязды,
суық т.с.

Қолдарына дүрбіні алып
картинаны қарайды.
-Мен шананы бөліп алам
-мен қарды бөліп аламын
-мен аққаланы бөліп ала
мын
-мен ағашты бөліп аламын т.с.
Қойған сұрақтарға жауап
береді.

-Көңілді,қуанышты,т.б.

Балалар өлең мазмұнына
байланысты іс-қимылдар
жасайды.

Балалар өзара нысандар
ды қосып,оларға дос із
дей бастайды,неге қосқа
нын дәлелдейді.

-Иә,барамыз.
Мұқият тыңдайды,сиқыршылар
мен танысады.

Көздерін жұмып не естіп
тұрғандарын,не сезіп тұр
ғандарын айтады.

Орнынан тұрып,қолды
екі жаққа созып айнала
ды.
Басын ұстап,үстін сипа
лап көрсетеді.Қолдарын
екі жаққа жаяды.

Қол белде,екі аяғын кезек-кезек созып көрсе
теді.Оң қолын жоғары
көтереді,сол қолын жүген
ұстағандай алға-артқа қоз
ғап,орнында алға,артқа
шабады.

Көздерін жұмады,топқа қайтаруды өтінеді.

Қызыға тыңдайды.

Өздерінің құрған әңгіме
лерін айтады.(3-4 бала)
Рефлексия
лық-түзе
тушілік. -Қандай суретті талдадық?
-Қандай қонақтар келді?
-Сиқыршылардың аттары қалай?
-Жолдастарыңның әңгімесіне қандай баға бересіңдер
-Кімнің әңгімесі ұнады?
-Картинаны қарастыру ұнады ма?
Балалардың әңгімесіне мінездеме береді,мақтайды.
-Қыс мезгілі қандай тамаша!Сабақтан кейін өз әңгімелеріңе байланысты сурет салуға және сол су
реттерден көрме ұйымдастыруды ұсынамын.

-«Қыс қызығы»
-Сиқыршылар келді
Балалардың жауаптары.
loading...

Автор: Бакеева Фарида Токтаровна

Павлодар обласы Екібастұз қаласы №8 "Теремок" балабақшасы

Бөлім: Тәрбие сағаты | Қосты: Bakeeva_Farida
Көрсетілім: 2388 | Жүктеулер: 549 | Рейтинг: 5.0/1
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5927
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 29
Қонақтар: 29
Тіркелгендер: 0