Тілге құрмет

  • Жүктеулер: 735
  • Көрсетілім: 1411
  • Тәрбие сағаты
  • 06/Ноя/2015
БҚО, Орал қаласы, Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешені
Гусманова Г.К.
Тақырыбы: Тілге құрмет.
Мақсаты:
Коррекциялық білімділік: Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.
Коррекциялық дамытушылық: Нақыл сөздерді, өлең жолдарын оқыту арқылы білімдерін жетілдіру, тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын молайту.
Коррекциялық тәрбиелік: Оқушыларға ана тілді қастерлеуге, құрметтеуге, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөздік, суреттер.
Сөздік жұмысы: тілге құрмет, қазақ тілі, ана тілі, тілімізді құрметтейік.
Жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 22- қыркүйек қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.
Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз- қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітіледі. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз. Ана тілімізді құрметтейік.
« Әуен домбыра» ( жай ойналады)
Сахнаға тақпақ оқуға оқушылар шығады.
Алтынай: Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл қызын мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Туған тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Әли: Ана тілім- ұраным,
Ана тілім- құралым,
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Азамат: Ақыл- ойың данасын
Ана тілін- ардақтап,
Ақ сүтіндей анамның,

Әділет: Өсірген ой- білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.

Қымбат: Ана тілің арың бұл,
Ұятын боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.

Аяулым: Мейірімді мол балаға,
Бар әлемде анаға.
Басымызды иеміз.
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін сүйеміз.
Домбыра әуені ( оқушылар сахнадан шығу)
Әнмен шашу. Ән « Ананың тілі»
орындайтын Аққымбат Еркінжанқызы
5 "г " сынып оқушысы.
Би « Балбырауын» - бишілер тобы.
Ата келеді. ( сахнаға)
Жүргізуші: Сәлеметсізбе ата! Қош келдіңіз, төрлетіңіз, мерекеміздің қонағы болыңыз.
Ата: Жарайсыңдар, балалар!
Ана тілін қадірлеп, құрметтеп жатырсыңдар, мен өте қуаныштымын. Білімдеріңді байқап көрейін сұрақтарға жауап беріңдер.
Ал тыңдандар, тыңдандар
Атамызда сұрақ бар
Біліміңді тексеріп,
Сұраққа жауап айтыңдар.
( экраннан сұрақтар көрсетіледі)
Мемлекеттік тіл қай тіл?
Халықаралық қатынас тілі қай тіл?
Қазақстан рәміздерін ата?
Білім күні қай күн?
Тіл мерекесін қай күні тойлаймыз?
Жүргізуші: Ата, балалардың жауабына ризасызба?
Ата: Иә, ризамын. Балаларға тағыда тапсырма бар. Сөздердің аудармасын тап.
Отан.......... Герб..........
Школа........ Ту...............
Ән ұран....... Кітап........
Семья......... Солнце......
Достық....... Хлеб........

Ата: Жарайсың балалар!
Жүргізуші: Ата, отырыңыз, төрлетіңіз.
Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болған. Қазақтың үш биі: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер туралы ел аузында мынадай асылда, ұлағатты сөздер бар.
Төле би тауып айтады,
Әйтеке би жарып айтады,
Қазыбек би қазып айтады.
Әділ сөйлеу, ойды шегелеп нақты жарып айту, батырлық пен батылдықтан, даналық пен білімпаздықтан туады. Олай болса қанатты да шешен сөздерді қадірлеп еске сақтап жүрейік.
Төле би- 93 жас, Қазыбек би- 97 жас, Әйтеке би- 84 жас өмір сүрген.
( домбыра жәй әуен, билер сахнадан шығады).
Би « Достық» - бишілер тобы.
Жүргізуші: Қонақ ата, жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер, демекші балаларға, көрермендерге ақ батаңызды беріңіз.
Ата: Елбасымыз алысты көрсін,
Ел жұртымыз табысты болсын.
Балалардың бағы жансын,
Жақсы оқып, білім алсын.
Тілін, дінін, дәстүрін сақтап,
Жылдан- жылға өнерлі болсын.
Тұрмысымыз сәнді болсын,
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын.
« Әумин»
Жүргізуші: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата- бабамыздың тарихын ұмыту- деген Б. Момышұлы.
Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Отанымыз, атамекеніміз, еліміз тыныш болсын! Тіліміздің мәртебесі жылдан- жылға өсе берсін .
Ән: « Атамекен» ( хор)
Мерекелік ән- шашуымыз аяқталады. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Кездескенше сау- саламатта болыңыздар.

Автор: Гусманова Гулсин Кизатовна

БҚО, Оралқ, Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар арн мектеп-интерн-кеш

загрузка...
Loading...

Пікірлер: 0

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.