Сайт учителя начальных классов
.
«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» (тәрбие сағаты) -

«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» (тәрбие сағаты)

Мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар, хат | Ашық сабақтар жинағы | Тәрбие сағаты Загрузок: 947 | Просмотров: 4550 | Размер: 18.1 Kb | Автор: Ұстаз
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)
Тақырыбы: «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» (тәрбие сағаты)
Тәрбиеші : Ана тілім –дана тілім, айбарлым
Сырың терең, тұнығындай қайнардың
Ана тілім –қасиетім қастерлім
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын –деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыптық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Тіл күнін
- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес
«22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
Қане, балалар осы тіл мерекесіне ән –жыр тақпақтарымызды арнайық.
Ортаға: ересек тобы мен естияр тобы және сәбилер тобы шығады

Ән ұран
Менің тілім біреу –ақ
Сөйлейтін де жазатын
Тауып қойған тілеуі –ақ
Қазақ деген өз атын

Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімде бүгінгі
Ана тілім сақтаған

Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Тәрбиеші: «Тіл не үшін керек»? Осы тіл не үшін керек?
Тіл бір –бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.
Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?
«Неге ана тілі деп бөледі?»
Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.
- Балалар, сендер бір –біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.
- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген –бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.
Анель:Ана тілін біліп қой
Бостандығың теңдігін
Ана тілін біліп қой
Мақтанышым елдігің

Маржан: Келе жатқан мәңгіден дара салтым
Мақтанышым елдігім парасатым
Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім
Өміріме өң беріп жарасатын

Тәрбиеші: Ана тілі туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?
Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
Піл көтермейді
Тіл көтереді
Ақыл көркі –тіл
Тілдің көркі –сөз
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Өнер алды –қызыл тіл

Ән: «Туған жер»
Жансерік: Ана тілді білмесем
Шат –шадыман жүрмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем

Нұрайлым: Өсірген ой –білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөзін
Мәнін терең білуді

Тәрбиеші: Балалар, міне осы өлең –тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, елде, жер де, болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.

МҚКК «Қуаныш» бөбектер балабақшасы

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
(тәрбие сағаты)

дайындаған ересек топ
тәрбиешісі: Сарсенбекова Г.Ш.
Күні: 22.09.2015

2015 оқу жылы

ID: 1844 | Просмотров: 4550