Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Тіл өнерінің асыл мұрасы
[ Сайттан жүктеу (28.6Kb) ] 16.09.2015, 23:08

Материалдың жеке номері 1773

Тіл өнерінің асыл мұрасы

загрузка...
Тіл өнерінің асыл мұрасы.
/Тәрбие сағаты/

Алматы облысы
Іле ауданы
«№35 орта мектеп» МКМ
9а сынып жетекшісі
Тезекбаева Лаура Мауленбаевна

Мақсаты:
1. Оқушылардың ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету;
2. Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру.
3. Ана тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Бес арыстың портреті.
Қанатты сөздер жазылған плакаттар: «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ. .
Өнер алды – қызыл тіл. Тәтті де – тіл, ащы да – тіл. Тіл қылыштан да
өткір. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.. Сөз сүйектен, таяқ
еттен өтеді.
Нақыл сөздер.
1. Жақсы сөз бейне шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж. Жабаев/
2. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ. Мұстафин/
3. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді. /Б.Момышұлы/
4. Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мұраның
бәрінен құралаұан ұалады. / Ғ.Мүсірепов/
Барысы:
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген “Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.
1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған. Яғни, қазіргі таңда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар.
«Мемлекеттiк тiл мемлекеттiк органдардың жұмыс және iс қағаздарынжүргiзу тiлi болып табылады» және «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады…»,
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңының 8 және 9 баптарында
«Мемлекеттiк тiлде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу туралы»
Үкiметтiң өкiмi
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн»
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
«…Қазақ тілінің қоғамдық функциялары тарылып барады.
Бұл процесті тоқтату керек,өйткені,қажеттгі барған сайын кеміп бара жатқан тілдің болашағы балаға да түсінікті.
Тілді кемістіп,ығыстыру-сол ұлтты құрметтемеудің ең ренішті формасы.
….Тегенде,тоқырау кезіндегі және оның алдындағы жылдардағыойластырылмаған саясат қана емес,сонымен қатар қазақ тілінде сөйлейтінхалықтың өзі де кінәлі.
Сіздер мен біздер,жергілікті ұлтың өкілдері –орыс тілінде сөйлейтін халықтарды қазақ мәдениетіне және халықтың дәстүрлеріне тарта білмейміз және оған тырыса да бермейміз.
Оның үстінде тілдің қоғамдық тұрғыдан қажет етілмеуі,оның тіптіқазақтардың өздері арасындағы беделінің кеміуіне әкеп соқты.
Көптеген семъялар,әсіресе қалаларда ,іс жүзінде орыс тілін сөйлейтін болып алды.Ана тілін тіпті тұрмыстық қарым –қатынаста да қолдануданқалды.Сөйтіп,атасы өзінің туған немересімен ана тілінде сөйлесе алмайтын жағдай жиі кездесіп отыр…….
Барлық цивилизацияларда және әрқашан да-тіл ұлттық мәдениеттің өзегіболып табылады,ұлттардың архитектурасы,бейнелеу өнері,музикасы,жалпы интерллектуалдық және рухани потенциалы тілге байланысты.Ұлт тілінқолдану аясын кеңейту-ұлттық мәдеиеттің иесі және оны жалғастырушыларболып табылатын оқырмандар,көрермендер және тыңдаушылар саны да көбейтіу деген сөз.
Тіл пайдаланып жүрген кезде өшпек емес,қоғамдық қатынастарда толымды түрде және белсенне пайдаланылатын тілі болып тұрған кезде ұлт өмір сүре бермек».

«Қазақстанның болашағы қазақ тiлiнде, тiлсiз ұлт болмайды. Өз тiлiмiздi сақтау, өз тiлiмiздi құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етедi әрi ата-баба алдындағы ұлы парызымыз !»
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі
Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!
Аркен:
Ең тәтті де – тіл,
Ең ашты да – тіл,
Ең жұмсак та – тіл,
Ең катты да – тіл.
Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.

Тіл Ұлы, құдіретті;
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды;

Біздің болашағымыз – ана тілінде!
Рухани байлық


Асланбек:
Қадыр Мырзалиев. Ана тілі.
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің теңдігің,
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың , елдігің.

Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің- бәрін біл
Өз тіліңді құрметте


Асылхат:
Мұзафар Әлімбаев

Ана тілі – біздің туған анамыз.
Анамыздай – сыйлап бағып – қағамыз.
Ана тілін бағаласаң қалай біз.
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе .
Анасынан безген ұл – деп біліңіз.
Ана тілі – асыл күні бабамның
Қуатымның ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап ,
Туған тілді жаттап өскен балаңмын.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім менде бірге өшемін.
Қасиетің , ана тілі , аз сенің
Өзің барда ескірмес , тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып,
Мұқағали атты өлең жазбас еді.



Нұрсұлтан:
Дихан Әбіловтың «Туған тілім!»

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім – заман тілі - өз тілім.
Туған тілім – адам тілі - өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.
Өз тілімдей қайда екен еркін басар
Тілім барда еркіме кім таласар.
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.
Шағын концерт:
1.Сержан мен Асылхаттың орындауында «Қанекей тілім сөйлеші»
2.Күй. «Балбырауын»
3.Домбырашылардың орындауында «Көк шолақ» әні.
4.Домбарашылардың орындауында «Туған жер»
5. Саламат пен Нұрсұлтанның орындауында «Қазағым» әні

Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әлі жырлағандай ана тілімізді құрметтей білейік! Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Зер салып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
loading...

Автор: Тезекбаева Лаура Мауленбаевна

Алматы облысы Іле ауданы "№35 орта мектеп"МКМ

Бөлім: Тәрбие сағаты
Көрсетілім: 1534 | Жүктеулер: 510 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5926
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 45
Қонақтар: 45
Тіркелгендер: 0