Тәрбие сағаты

Басты бет » Әдістемелік » Ашық сабақтар жинағы » Тәрбие сағаты

Тәуелсіз елге білімді ұрпақ (XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы)
[ Сайттан жүктеу (45.5Kb) ] 12.12.2015, 18:53

Материалдың жеке номері 2265

Тәуелсіз елге білімді ұрпақ (XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы)

загрузка...
Тәуелсіз елге білімді ұрпақ
(XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы)

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағы, бүгінгі жас
ұрпақтарының білімі мен жан-жақты ойлау қабілетін және ой
ұшқырлығын сынау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, 20 жылдыққа байланысты сөздер,
тәрбие сағатының аты слайдтарға жазылады, шарлармен
безендіріледі.

Бағдарламада

1. Бәйге
2. Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
3. Топтық сайыс
4. Көзбе-көз
5. Пәндер бойынша сұрақтар
6. Шешендік шеберлігі
Жүру барысы:
Мұғалім сөзі: Биыл ерекше жыл. Өйткені, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Оның ерекшелігі Тәуелсіздік деген қасиетті сөздің ерекшелігінде. Ғасырлар бойы қазақ халқы аңсаған еркіндік - өзін-өзі билеу, өзіндік өмір сүріп, тұрмыс құру, өзінің ұлттық, халықтық сана-сезімі, салт-дәстүрі, тарихы, ділі, діні, тілі бар ел атану еркіндігі – қалайша қасиетті болмайды?!
Тәуелсіздік үшін күрес қанша қасиетті болса, сол күрес тарихы да, оның қаһармандарының есімдері де қасиетті. Сонау Әз-Тәуке, Есімхан мен Қасымхан, абылай мен Әбілқайыр хандар, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, Төле би, Қазыбек епн Әйтеке даналар, Бұқар мен Мұрат ақындар, Ахмет пен Мұстафа сынды саяси көсемдер, осыларға қоса айтуға болар жүздеген, мыңдаған тұлғалар ғасырлар бойғы халық арманын өшірмей, ұдайы бірінен-біріне жалғаған ерлер есімі елінің есінде. Сол арман күні кешеге дейін жалғасып, 1991 жылы ғана бақыт құсындай қолымызға қонды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты өткізгелі отырған шарамызға қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Заманның жеңіп қатер-қауіптерін,
Бақытын еркіндіктен тауыпты елім.
Тербетем,
Тәуелсіз күн талбесігін
Жаңбырдай маңдайымнан жауып терім!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығына орай еліміздің ертеңгі болашағы, бүгінгі жас ұрпақтарының білімі мен жан-жақты ойлау қабілетін және ой ұшқырлығын сынау мақсатында «Тәуелсіз елге білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайысымызды ашық деп жариялаймын.

Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Шаншилова Алмагүл Таңатарқызы – тәрбие ісінің меңгерушісі
2. Әбдірахманова Марфуға Смағұлқызы – тарих пәнінің мұғалімі
3. Абиева Катя – тәлімгер

Алдымен қатысушылар өздерінің аты-жөнімен, алдына қойған мақсатымен таныстырады.
1. Жұмаш Жазира
2. Гумарова Зарина
3. Қалих Дарын
4. Бермағанбетова Айнел
5. Акимова Малика
6. Қазмағамбетов Батырхан

І. Бәйге. (Бұл бөлімде жалпы Қазақстанға, Атырауға байланысты сұрақтар қойылады).
1. Ұлттық ақша – төл теңгеміз қай жылы айналымға енгізілді?
(1993ж 15қараша)
2. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы Алматыда қай жылы өткізілді? (1992ж, күзде)
3. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров қай жылы космосқа ұшты?
(2қазан, 1991ж)
4. Әнұранның авторлары кімдер?
Сөзі: Н. Нзарбаев
Ж. Нәжімеденов
Әні: Ш. Қалдаяқов
5. Гурьев Қаласының атауы Атырау болып қай жылы өзгертілді?
(9қазан, 1991 ж)
6. Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов)
7. Тұңғыш рет Қазақ ССР Президентін сайлау қай жылы өткізілді?
(1желтоқсан, 1991 ж)

ІІ. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
(Бұл бөлімде жұмбақтар айтылады. Осы жұмбақтың шешуін қазақ. орыс, неміс немесе ағылшан тілдерінде айту керек)
1. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды.
2. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық кедеді.
3. Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін.
4. Құйрығы інге кірсе беті өртенген,
Ішегіне ішегі тисе қатер төнген.
5. Егіз қайың бас-бастары тең өскен,
Іске дайын, бұтақтары бес-бестен.
6. Жүз төрт түйме,
Он төрт ине

ІІІ Топтық сайыс. ( бұл бөлімде қатысушылар үш-үштен екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі тақырып беріледі. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Осы тақырып бойынша әр топ өз ойларын ортаға салады).
1. Қыз - өмірдің гүлі.
2. Жігітке жеті өнер де аз.

Осы бөлімнен кейін ең аз ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығарылады.

ІV. Көзбе-көз. (бұл бөлімде қатысып отырғандар сұрақ қояды)

Бұл бөлімнен кейін аз ұпай жинаған бір оқушы ойыннан шығарылады.

V. Пәндер бойынша сұрақтар.

Физика
1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (электр тогы)
2. Дене пішінінң немесе көлемінің өзгеруі. (Деформация)
Математика
1. Қандай сандарды рационал сандар деп атаймыз?
2. Арифметика математиканың, ал математика барлық ғылымдардың патшасы. ( К. Гаусс)
Информатика
1. Кез-келген символдар жиынтығы, құжаттың, программалардың және хабарлардың информациялық мазмұны. (Текст)
2. Деректерді қабылдауға, сақтауға және оларды басқаларға беруге арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі. (жад)

Осы бөлімнен кейін ең аз ұпай жинаған тағы бір ойыншы шығарылады.

VІ. Шешендік шеберлігі
(бұл бөлімде берілген тақырыпқа байланысты қатысушылар өз шеберліктерін яғни шешендіктерін байқатады)

Тақырып: Елім менің – тәуелсіз Қазақстан

VІІ. Қорытынды.
Әділ қазылар алқасы екі қатысушыға өз ұпайларын береді.
loading...

Автор: Жумагалиева Менжан Игибаевна

Бөлім: Тәрбие сағаты | Қосты: Ұстаз
Көрсетілім: 1318 | Жүктеулер: 474 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелген қолданушылар ғана қалдыра алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Сертификат алу
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Балабақшадағы ашық сабақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
Сайтқа кіру
Логин:
Пароль:
Сұрақ
Сізге сайттың жаңа дизайны ұнады ма?
Барлық жауаптар: 5899
Бізге қосыл
Жаңалықтар
Санақ

Онлайн: 41
Қонақтар: 41
Тіркелгендер: 0