Сайт учителя начальных классов
.
Тақырыбы: «Сыр сұхбат»
Мақсаты: Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді силауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеуге үйрету.

Кештің қонағы: мектебіміздің ардагер ұстазы – Әділқан ата
I.«Ұстаздар» әні орындалады (видеоролик арқылы)

II. Кештің алғашқы беташар сөзі.
1- жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Біздің бүгінгі кешіміз ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған. Мерекенің барлығы жақсы, бірақ бұл ұстаздар мерекесінің орны басқалардан ерекше.
2- жүргізуші
Ортамызға ұстаздардың ұстазы, мектебімізді көп жылдардан бері қызмет етіп, оқушыларымыздың азамат болып, өз орындарын табуға үлесін қосып келе жатқан ағайымыз отыр. Кешіміз сұхбат ретінде өтеді, арнайы сұрақтар бар, тапсырмалар орындалады
Әділқан ата,біздің «Ұстазын қадірлеген- ел ардақты» тақырыбындағы сыр-сұхбатқа қош келдіңіз,ортаға келіп төрге жайғасыңыз.
( Қонақ арнайы дайындалған орынға отырады )
1. Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Әрқашан ойлайтыны бала қамы.
Баладан ұстазына мың - сан алғыс,
Өйткені ұстазының ақ арманы.

III.Ендеше атамыздың өмірбаянымен таныс болайық.
Слайд арқылы кешіміздің қонағы – ардагер ұстаз Әділқан атаның өмірбаянымен таныстыру.

IV. «Менің сұрағым бар...»Оқушылар , сіздер кешіміздің қонағы Ә. атаның өмірбаянымен танысып өттіңіздер. Қандай сұрақтар туындады ? Сұрақ қоюларыңызға болады.
Сұрақтар:

1. Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
2. Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
3. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
4. Естуімізше қолыңыздан домбыра тарту, ұсталық, әсемдеп жазу келеді екен, тағы қандай қырыңыз бар? 5.Ең алғашқы оқыған кітабыңыз? 6.Ұнатпаған пәніңіз болды ма? 7.Пір тұтатын адамыңыз бар ма? 8.Бос уақытыңызда шұғылданатын сүйікті ісіңіз? 9.Ең сүйікті немереңіз? 10.Студенттік шағыңыздағы есте қалған оқиға? 11.Оқушы кезіңізде жазған бақылауыңызда төмен баға алып қалғаныңыз болды ма? 12.Қандай тағам түрлерін жақсы көресіз? 13.Математик болуыңызға не түрткі болды,өзіңіздің қабілетіңіз бе,әлде ұстазға деген еліктеушілік пе? 14.сізге мамандығыңыз жақынба,отбасыңыз жақын ба? 15.Спорттың қай түрін қызығып көресіз? 16.Ұстаздықтан басқа мамандық таңдау керек болғанда,қандай мамандық таңдар едіңіз?

V. Логикалық сұрақтар
Келесі кезекте біздің дайындаған тапсырмаларымыз бар. Бұл тапсырмаларды сыныпта отырған қонақтарда орындауына болады .
Алдымен оқушылар арасында блиц- турнир өткіземіз. Турнирдің жеңімпазы Әділқан атамен ойнайды. Әр сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі
Оқушылар, дайынбыз ба?
1. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді ?
Жауабы: үш
3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
4. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
5. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат
6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
7. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
8. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
9.Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? Жауабы: 53
(Жеңімпазды анықтау)

Келесі ойын жеңіп шыққан топпен Әділқан ата арасында болады.

1. Бір елде 20 қала бар. Оның әрқайсысы бір-бірімен ауебайланыста жұмыс жасайды. Бұл елде неше әуебайланыс бар? Шешімі:19+18+17+....+3+2+1=190
2. 3 кәмпит және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 кәмпит және 1 шоколад 27 теңге тұрады. 1 кәмпит қанша теңге тұрады? 1 шоколад қанша теңге тұрады? Жауабы: 1 кәмпит-5тг, 1 шоколад-7тг
3.Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде? Жауабы: 36;12
(Жеңімпазды анықтау)
VI. Ортамызда Әділқан атамыздың шәкірті, ал біздің алғашкы ұстазымыз-Балсұлу апай отыр.
а) Шәкіртіне сөз беріледі
б)Шәкірті ұстазына арнап,караоке арқылы өз таңдауы бойынша ән жолдайды.
VII.Әділқан атаның 5 баласы,14 немересі бар.Соның ішінде ұстаздық жолды таңдаған 3 баласы,2 немересі бар. Сыр-сұхбаттың қонағы Назым Әділқанқызы – орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. (Осындағы тұрған азық-түліктерді пайдаланып.өзіңіздің қандай аспаз екеніңізді көрсетіп жіберсеңіз)
Дәл қазір біздің оқушыларымыз барлық ұстаздарға арнап 5 тармақ жол өлең «Синквейн» арнаса .( уақыт 2 минут)

VIII.Смайликтер арқылы кештен алған әсерін, көңіл - күйін көрсетті.
Ұстазымен оқушылар болып ескерткіш суретке түсті.
IX. Ыдыстағы 10 жүзімді жей отырып, әр қайсысына тілегіңізді айтсаңыз.

X.Соңында мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен бүгінгі кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Біздің ортамызда жүрген ағайымыздың көп қырын, өнерін үлкендер білгенмен оқушыларымыз біле бермейтін еді. Бүгін ағамыздың да есіне көп нәрселер түсіп, бізге жақсы - жақсы әңгімелерін айтты. Біле бермейтін жақтарымыз көп екен, жақсы бір сұхбаттың куәсі болдық, ағай сізге рахмет.
Өнеріңізді көрдік, балаларымызға әңгімеңізді айттыңыз, бізден ескерткіш болсын деп, сыйлығымызды қабыл алыңыз..
«Ұстазым» әні хормен орындалады.

ID: 1874 | Просмотров: 2887